ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП / 2023

Корпоративтік басқару кодексін сақтау

Компанияның корпоративтік басқару кодексі «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Корпоративтік басқару кодексінің негізінде қабылданған. Корпоративтік басқаруды жетілдіру, басқарудың айқындығын қамтамасыз ету, тиісті корпоративтік басқару стандарттарына бейілділікті растау Корпоративтік басқару кодексінің мақсаттары болып табылады.

Компаниядағы Корпоративтік басқару кодексінің қағидаттары мен ережелерінің сақталуын талдау Компания есептік жылы Компанияға қолданылатын корпоративтік басқару кодексінің барлық ережелерін сақтайтынын көрсетті. 2023 жылғы корпоративтік басқару кодексінің қағидаттары мен ережелерінің сақталуы туралы есеппен сілтеме арқылы танысуға болады.