2023 жылғы «KEGOC» АҚ басты оқиғалары
6 қаңтар
Қазақстан Республикасы БЭЖ-і Оңтүстік аймағының желісін күшейту жобасының экологиялық әсері туралы оң қорытынды алынды
12 қаңтар
«KEGOC» АҚ 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында жай акциялар бойынша дивидендтер төледі
9 ақпан
Fitch Ratings «KEGOC» АҚ рейтингін «BBB-» деңгейінде растады, болжамы — «тұрақты»
17 ақпан
KASE байқауының қорытындысы бойынша «KEGOC» АҚ «Жылдық есептің үздік дизайны» және «Жылдық есептің үздік интерактивті нұсқасы» номинациялары бойынша лауреат атанды
7 наурыз
«KEGOC» АҚ-да үздік ұтымды ұсыныстарға дәстүрлі байқаудың қорытындысы шығарылды
14 наурыз
Standard & Poor’s Global (S&P Global) «KEGOC» АҚ рейтингін «BB+» деңгейінде растап, болжамды «негативтіден» «тұрақтыға» дейін арттырды
31 наурыз
KASE сауда-саттық алаңында «KEGOC» АҚ-ның өтелетін 19,51% жылдық орташа өлшемді табыстылықпен жалпы көлемі 16,9 млрд теңгедегі «жасыл» облигацияларын сәтті орналастыру орын алды
1 сәуір
«KEGOC» АҚ 2023-2032 жылдарға арналған «KEGOC» АҚ-ның Даму жоспары (стратегиясы) жаңартылды
17 сәуір
«KEGOC» АҚ-да диспетсағерлік аппараттық-бағдарламалық кешен — деректерді автоматты жинау және жедел басқару жүйесін (SCADA/EMS) жаңғырту жөніндегі жобаны жүзеге асыру басталды
21 сәуір
Қоғамдық тыңдауларда тұтынушылар мен басқа да мүдделі тұлғалар алдында 2022 жылдың қорытындысы бойынша бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттелетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің сақталуы туралы және табиғи монополиялар субъектілерінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізулері туралы есептер ұсынылды
2 мамыр
2022 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған 2022 жыл қорытындысы бойынша «KEGOC» АҚ-ның 2022 жылғы қаржылық есептілігі, таза табысты бөлу тәртібі, «KEGOC» АҚ-ның 2022 жылғы екінші жартыжылдығына бір жай акцияға есептегендегі дивиденд мөлшері бектілген, компанияның жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешім, сонымен қатар «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар қабылданып, акционерлердің «KEGOC» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне өтініштері және оларды қарау нәтижелері бойынша мәселе қаралған «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өтті
17 мамыр
S&P Global «KEGOC» АҚ рейтингін тұрақты болжаммен «BB+» деңгейінде растады
31 мамыр
«KEGOC» АҚ 2022 жылдың екінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша дивидендтер төледі
7 маусым
«KEGOC» АҚ «Green Finance Awards 2023» сыйлығын алды
8 маусым
«KEGOC» АҚ Азия даму банкімен бірлесіп Қазақстан Республикасы Оңтүстік аймағының электр желісін күшейту жобасын іс жүзінде жүзеге асыруға кірісті
15 маусым
Электр желілік компаниялардың басшылары мен салалық мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы және ТМД Ардагер-энергетиктерінің форумы өтті
20 шілде
«KEGOC» АҚ Батыс өңірінде салынып жатқан 220 кВ транзиттің екі усағаскесінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтады
27 шілде
Тұтынушылар мен басқа да мүдделі тұлғалар алдында 2023 жылғы 1-жартыжылдығының қорытындысы бойынша бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің сақталуы туралы және табиғи монополиялар субъектілерінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізулері туралы есептердің қоғамдық тыңдаулары өткізілді
31 шілде
Нәби Айтжановты «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы етіп тағайындау туралы шешім қабылданған «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтті
3 тамыз
«Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы» механизмін енгізу
4 тамыз
«KEGOC» АҚ орталықтандырылған аварияға қарсы автоматика жүйесін (ОААЖ) енгізді. Жүйе нақты уақыт режимінде ҰЭТ-тың сенімділігін қамтамасыз етеді және электр желілері жұмысындағы бұзушылықтар жағдайында тұтынушылардың ажыратуларын барынша азайтады
17 тамыз
KASE алаңында «KEGOC» АҚ Эмитент күні өтті. Кездесу барысында инвесторлар, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар және БАҚ өкілдері Компанияның 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметінің қорытындыларымен танысып шықты
22 тамыз
«KEGOC» АҚ ТМД Электрэнергетикалық кеңесінің 62-ші отырысына қатысты
25 тамыз
S&P Global тәуелсіз рейтинг агенттігі «KEGOC» АҚ-ға 51/100 деңгейінде S&P Global CSA Score 2023 ESG-рейтингін берді
29 тамыз
- «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Нәби Айтжанов Азия Даму Банкінің өкілдерімен кездесті. Тараптар «Қазақстан Республикасы БЭЖ-і Оңтүстік аймағының электр желісін күшейту» жобасын іске асырудың ағымдағы дәрежесін, сондай-ақ электр энергетикасы саласындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады
- «KEGOC» АҚ алаңында «ЖЭК өндіруші объектілерін біріктіру және диспетсағерлендіру мәселелері: тәжірибе, тосқауылдар және жоспарлау тиімділігін арттыру мүмкіншіліктері» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді
31 тамыз
«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Нәби Айтжанов Қазақстан Республикасындағы ЖЭК-ті және ғылымды дамыту жөніндегі Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы бойынша ІІ конференцияға қатысты
15 қыркүйек
«KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтті, онда Компанияның жарияланған акцияларының санын 15 294 118 жай акцияға көбейту туралы шешім қабылданды, осыған байланысты «KEGOC» АҚ-ның жарияланған акцияларының жалпы саны 275 294 118 жай акцияны құрайтын болады
21 қыркүйек
- «KEGOC» АҚ Ақтөбе және Атырау қалаларында «Батыс Қазақстан энергия жүйесін Қазақстан Республикасы БЭЖ-імен біріктіру. Электр желілік объектілерін салу» перспективалық жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) әзірлеу шеңберінде ашық қоғамдық тыңдаулар өткізді. Кездесулер тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен өтті
- «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Нәби Айтжанов Атырау қаласындағы «Батыс ЖЭТ» филиалына барды. Жұмыс сапары барысында «KEGOC» АҚ басшысы өндірістік филиал ұжымымен кездесті, онда даму перспективасы, өндірістік жоспарлар, сонымен қатар Компанияның әлеуметтік саясатын одан әрі жүзеге асыру жөніндегі көзқарастар айтылды
26 қыркүйек
«KEGOC» АҚ-ның 2022 жылғы 30 маусымдағы және сол күні аяқталған алты айдағы жай-күй бойынша қаржылық есептілігі, таза табысты бөлу тәртібі, «KEGOC» АҚ-ның 2023 жылғы бірінші жартыжылдығына бір жай акцияға есептегенде дивиденд мөлшері бекітілген, Компанияның жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешім қабылданып, «KEGOC» АҚ жарияланған жай акциялары шегінде орналастыру туралы, «KEGOC» АҚ Дивидендтер саясаты туралы ережесіне өзгерістер енгізу туралы, «KEGOC» АҚ Жарғысына өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралған «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтті
27 қыркүйек
«KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысы SPO-ны өткізу туралы шешім қабылдады
3 қазан
Astana International Exchange (AIX) «KEGOC» АҚ-ның бағалы қағаздарды шығару аңдатпасын бекітті
5 қазан
«Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық кеңесі «KEGOC» АҚ-ның және «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2023-2024 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындалу барысы туралы ақпаратын тыңдады
6 қазан
- Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті «KEGOC» АҚ-ға 2023-2024 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік төлқұжатын берді
- «KEGOC» АҚ жыл сайынғы KASE FEST қазақстандық брокерлер жәрмеңкесі аясында Қазақстан қалаларында роуд-шоуды бастады. Бірінші қала ПаӘЖодар болды, әлеуетті инвесторларға «KEGOC» АҚ-ның акцияларын сатып алу неліктен тиімді инвестиция екені айтылды
10 қазан
«KEGOC» АҚ-да ағымдағы жылғы 2 қазаннан бастап 5 қазанды қоса алғанда «KEGOC» АҚ «Алматы ЖЭТ» филиалының 500 кВ «Алматы» ҚС-ның оқу-жаттықтыру полигонында (Алматы облысы, Жамбыл ауданы) әуе желілеріне (ӘЖ) қызмет көрсету бойынша электр монтерлер бригадалары арасында жарыстар өткізілді
13 қазан
«KEGOC» АҚ Батыс Қазақстанның энергия жүйесін Қазақстан Республикасының БЭЖ-імен біріктіру жобасының экологияға әсері туралы оң қорытынды алды
16 қазан
KASE және AIX биржаларында өткізілетін «KEGOC» АҚ SPO шеңберінде жаңа инвесторлардың өтінімдерін жинау басталды
8 қараша
«Самұрық-Қазына» АҚ мен «KEGOC» АҚ 2023 жылғы 28 қыркүйектен бастап 2 қарашаны қоса алғанда KASE және AIX биржаларында өткен «KEGOC» АҚ-ның SPO қорытындылары туралы хабарлады
9 қараша
«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Нәби Айтжанов энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша Дүниежүзілік банктің жетекші сарапшыларымен кездесті
10 қараша
AIX биржасында SPO аясында орналастырылған «KEGOC» АҚ акцияларының қайталама саудасын іске қосудың салтанатты рәсімі өтті
20 қараша
«KEGOC» АҚ-да Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Альберт Рау басшылық етуімен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитеттің мүшелерінің көшпелі отырысы өтті
24 қараша
«KEGOC» АҚ Москва қаласындағы Жүйелік оператор персоналы құрамын оқыту орталығында диспетсағерлерді халықаралық жүйеаралық аварияға қарсы жаттықтыруға қатысты
29 қараша
Атырау облысында Қазақстан Республикасының Батыс аймағының электр желісін күшейту мақсатында салынған жаңа ЭЖЖ-ні іске қосу рәсімі өтті
30 қараша
Moody’s Investors Service (Moody’s) «KEGOC» АҚ-ның рейтингін «Baa2» деңгейінде растап, болжамды «тұрақтыдан» «позитивтіге» дейін арттырды
4 желтоқсан
Пекин қаласында «KEGOC» АҚ мен «China Power International Development Limited» компаниясы арасында Қазақстан Республикасы БЭЖ-інде электр энергиясын сақтау жүйесін енгізу бойынша пилотты жобаны іске асыру туралы келісімге қол қойылды
14 желтоқсан
«KEGOC» АҚ 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында жай акциялар бойынша дивидендтер төледі