ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП / 2023

Миноритарлық акционерлердің құқықтары

Компаниядағы корпоративтік басқару барлық акционерлерге тең құқықтар мен әділ көзқарасты қамтамасыз ететіндей құрылған. Акционерлердің құқықтары, міндеттері мен құзыреттері тең және қолданыстағы заңнамаға сәйкес анықталады және Компанияның Жарғысында бекітілген. Акционерлердің құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасында, Компанияның Жарғысында және ақпаратты ашу саласындағы ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен шешім қабылдау үшін жеткілікті ақпаратты дер кезінде алуды; акционерлердің жалпы жиналысына қатысуды және өз құзыретінің мәселелері бойынша дауыс беруді; Директорлар кеңесінің сандық құрамын, уәкілеттік мерзімін белгілеуге, оның мүшелерін сайлауға және олардың өкілеттіктерін тоқтатуға, сонымен қатар сыйақы төлеу мөлшері мен шарттарын белгілеуге қатысуды; анық және айқын дивидендтік саясат негізінде акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен айқындалатын мөлшерде және мерзімде дивидендтер алуды, сенімхат бойынша АЖЖ-ға қатысу кезінде дауыс беру құқығын беруді, сондай-ақ акцияларды бірлесіп сатуды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді.