Компания құрылымы
Компанияның құрылымына
9 филиал кіреді
«KEGOC» АҚ «Батыс транзит» АҚ акционері болып табылады
20% акция
Компания құрылымына «Жүйеаралық электр тораптары» (ЖЭТ) 9 филиалы және «Жүйелік оператордың Ұлттық диспетчерлік орталығы» (ЖО ҰДО) филиалы кіреді.
«KEGOC» АҚ еншілес ұйымы — «Энергоинформ» АҚ-ның жалғыз акционері болып табылады.
«Энергоинформ» АҚ миссиясы — ең үздік әлемдік тәжірибелер мен инновациялық технологиялардың қолданылуымен ҚР БЭЖ ақпараттық-телекоммуникациялық кешенін сенімді жұмыс істеуін және тиімді дамуын қамтамасыз ету.
Негізгі қызметі — «KEGOC» АҚ-ның ақпараттық-телекоммуникациялық кешеніне, соның ішінде ЭКЕАЖ, SCADA, ЭТН, АБЖ, ЖЖ, РРЖ, СБС, КҚЖ, АТС, ТОБЖ, ӨКЖ жүйелеріне қызмет көрсету және корпоративтік сервистер.
Бұдан басқа, «KEGOC» АҚ «Солтүстік Қазақстан — Ақтөбе облысы өңіраралық ЭЖЖ-ні салу» жобасын іске асыру үшін 2005 жылы құрылған «Батыс транзит» АҚ-ның акционері (акцияларының 20%-ы) болып табылады.