Еңбекті қорғау
Негізгі көрсеткіштер
LTIFR
0,15
Еңбекті қорғау шығыстары
2,26
млрд теңге
«KEGOC» АҚ 2023 жылдың қорытындысы бойынша өндірістік қауіпсіздік саласындағы жетістіктері үшін «Самұрық-Қазына» АҚ қоржындық компаниялары арасында бірінші орынға ие болды.
«KEGOC» АҚ HSE саласындағы күнделікті бизнес-процестер ді автоматтандыру үшін «eКАР» ақпараттық жүйесін енгізді.
Негізгі құжаттар
- 2023-2032 жылдарға арналған Даму жоспары
- Тұрақты даму саласындағы басқару жүйесі жөніндегі нұсқаулық
- Еңбекті қорғау саласындағы саясат
- Сапа, экология, кәсіби қауіпсіздік және денсаулықты қорғау саласындағы мақсаттар
- Қауіптер мен тәуекелдер тізілімі
- Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджменті жүйесі бойынша нұсқаулық
- Кәсіби қауіпсіздік және денсаулық сақтау менеджменті жүйесін жоспарлауды басқару жөніндегі стандарт
- Мінез-құлық аудиті жөніндегі стандарты
- Мердігер ұйымдардың жұмыстарды орындау кезіндегі қауіпсіздікті басқару стандарты
- Оқиғаларды, оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі есептілікті ұсыну қағидалары
- Биіктікте жұмыс істеу кезінде еңбекті қорғау қағидалары
Басқару жүйесі
Директорлар кеңесі
Компания қызметінің бағыттарын анықтайды, Даму стратегияларын бекітіп, мақсаттар мен міндеттерді және оларға жету индикаторларын белгілейді
Стратегия, корпоративтік және тұрақты даму жөніндегі комитет
мәселелерді жан-жақты пысықтайды және ДК-ға ұсыныстар береді
Басқарма
ДК белгілеген мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуын қамтамасыз етеді
Тұрақты даму және БМЖ жөніндегі үйлестіру кеңесі
Басқармаға ТД мен БМЖ-ны жетілдіру бойынша ұсынымдар береді
Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жұмыскерлердің денсаулығын сақтау Компанияның сөзсіз басымдығы болып табылады. Компанияда қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, технологиялық операцияларды орындау кезінде жарақаттанушылықты азайту, жұмыскерлердің өндірістік және санитарлық-тұрмыстық еңбек жағдайларын жақсарту, сонымен қатар зиянды және қолайсыз факторлардың әсерін азайту бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде.
Компанияда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нәтижелілікті қамтамасыз ету және көрсеткіштерді жақсарту, Компания қызметінің ерекшелігіне байланысты тиісті тәуекелдерді басқару мақсаты болып табылатын Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджменті жүйесі әрекет етеді, ол Компанияның барлық құрылымдық бөлімшелері мен ЕҰ-ға және оның мердігерлеріне қолданылады. Жыл сайын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қажетті іс-шараларды, шығындарды және оларды орындау мерзімдерін айқындайтын бағдарлама қалыптастырылады. Компания ISO 45001:2018 халықаралық стандартына сәйкестік сертификатын табысты енгізді және өтті.
2-24, 403-1, 403-8
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жұмыскерлерді еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жүзеге асырылады. Компания жұмыскерлерінің өмірі мен денсаулығын еңбек қызметіне байланысты емес жазатайым оқиғалардан қосымша сақтандыру (аптасына 24 сағат/7 күн) және әлеуметтік жағдайды жақсарту мақсатында жұмыскерлерді сырқаттануына ерікті сақтандыру жүзеге асырылды.
Әрбір филиалда Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды жүргізу, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру, жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауы және т.б. міндеттері болып табылатын Еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік қызметтері құрылды.
403-3
«KEGOC» АҚ-да және филиалдарда жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің өкілдерінің тепе-тең негізде қатысуымен жұмыскерлер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек қауіпсіздігі жағдайларын жақсарту жөнінде диалог жүргізу үшін, жұмыс берушінің және жұмыскерлердің жұмыс орындарында қауіпсіз жұмыс жүргізуді және денсаулықты қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігерін біріктіру мақсатында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер құрылды, жұмыс орындарында еңбек жағдайларының, еңбек қауіпсіздігінің және еңбекті қорғаудың жай-күйін тексеруге қатысатын техникалық инспекторлар тағайындалды. Барлық жұмыскерлер қауіпті жағдайлар немесе әрекеттер анықталған кезде жұмысты тоқтатуға міндетті және құқылы, және егер жұмыскерлер қауіпсіз емес деп санайтын жұмысты тоқтатса, басшылар толық қолдауға кепілдік береді.
403-2, 403-3
Өндірістік кеңес тоқсанына кемінде бір рет жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайларын жақсарту жөніндегі ұсыныстарын қарайды және жұмыс беруші мен жұмыскерлердің орындауы үшін міндетті іс-шараларды белгілейді.
403-2, 403-4
Тәуекелдерді бағалау
Жыл сайын жұмыс орындары ұшырайтын тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалау жүргізіледі, бағалау нәтижелері бойынша тәуекелдер тізілімі, денсаулық қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы елеулі тәуекелдердің тізбесі құралады, тәуекелдерді азайту жөніндегі іс-шаралар әзірленеді.
Тәуекелдер олардың пайда болу ықтималдығы мен оларды іске асырған жағдайда ықпалының ескерілуімен талданады, «KEGOC» АҚ қызметіне және стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге жағымсыз әсер етуі мүмкін негізгі тәуекелдер айқындалады. Тәуекелдерді бағалау кезінде сапалық немесе сандық талдаулар немесе екеуінің үйлесімі пайдаланылады. «KEGOC» АҚ-ның барлық жұмыскерлері қауіпті және зиянды факторларды сәйкестендіруге, бағалауға және талдауға тартылады.
Қауіптер мен тәуекелдерді бағалау және талдау, сонымен қатар оларды басқару кәсіптік қауіпсіздік және денсаулықты қорғау менеджменті саласында мақсаттар қою және өндірістік-шаруашылық қызметтің қоршаған ортаға және «KEGOC» АҚ жұмыскерлеріне әсер етудің қолайлы деңгейіне қол жеткізу үшін жүзеге асырылады.
Қауіптер мен тәуекелдерді бағалау және талдау нәтижелері мақсатты және жоспарлы көрсеткіштерді әзірлеу үшін кіріс деректері болып табылады. Қауіптер мен тәуекелдерді бағалау және талдау географиялық жер бедері мен климаттың ескерілуімен «KEGOC» АҚ-ның қызметіне қолданылатын қызмет түрлерінің, қауіптердің жіктеуіштері негізінде жүзеге асырылады және:
- жіктеуіштер негізінде қауіптер мен тәуекелдерді сәйкестендіруді;
- жергілікті жерде қолданыстағы басқару шараларымен тәуекелдерді бағалауды;
- тәуекелдерді басқару бойынша барлық қажетті қосымша шараларды анықтауды;
- тәуекелдерді басқару шаралары тәуекелді рұқсат етілген деңгейге дейін төмендету үшін жеткіліктігін-жеткілікті еместігін бағалауды қамтиды.
Құрылымдық бөлімшелердің жұмыс орындары ұшырайтын әсер ету факторларын сәйкестендіруді жүргізгеннен кейін FMEA әдісінің пайдаланылуымен тәуекелдер тізілімі толтырылады. Бағалау нәтижелері бойынша «KEGOC» АҚ-да кәсіби қауіпсіздік және денсаулық қорғау саласындағы елеулі тәуекелдердің тізбелері қалыптастырылады. Тәуекелдер деңгейін төмендету үшін жыл сайынғы бағдарламалар түрінде рәсімделетін қажетті іс-шаралар айқындалады.
403-7
Компания қызметі үшін негізгі тәуекелдердің бірі болып еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаның туындау қаупі табылады.
Осы тәуекелді барынша азайту мақсатында 2023 жылы келесі іс-шаралар өткізілді:
- еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік нормалары білімін біліктілік тексерулері;
- жедел ауыстырып қосу және жөндеу жұмыстарын жүргізу процесін бейнетіркеу материалдарын талдау;
- Қауіпсіздік техникасы күндері;
- ЖЭТ филиалдарындағы жұмыс орындарының кенеттен тексерістері;
- жұмыс орнындағы жұмыстарды орындау кезіндегі Мінез-құлық қауіпсіздік аудиттері;
- жерсеріктік бақылау жүйелері және бейнетіркегіштердің жазбаларын қарау және т.б. арқылы жүргізушілердің жылдамдық режимін сақтауын бақылау.
403-2
Компания жұмыскерлері кемінде үш жылда бір рет еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша міндетті оқытудың барлық түрлерінен, электр энергетикасы саласындағы нормативтік актілердің білімін біліктілік тексерісінен өтіп тұрады. 2023 жылы «NEBOSH Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі халықаралық сертификат» және «Еңбек Қауіпсіздігінің Мәдениеті» халықаралық стандарты бойынша қосымша оқыту жүргізілді және «KIOSH 2023» еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі конференцияларға қатысу қамтамсыз етілді.
Жұмысқа жіберілмес бұрын жұмыскерлер даярлауға жауапты тұлғаның бақылауымен орындалатын жұмысты жүргізудің қауіпсіз әдістеріне оқытудан, жұмыс орнындағы тағылымдамадан, білімдерінің бастапқы біліктілік тексерісінен, бақылау жаттығуларынан, жұмыс орнында қосарланудан өтеді.
ЭЖЖ-нің өндірістік учаскелерінің персоналы арасында жұмыстарды қауіпсіз орындауға өкілеттігі бар тұлғалармен биіктіктен құлаудан жеке қорғанудың сақтандыру жүйесін пайдалану бойынша «Биіктіктен құлаудан жеке қорғанудың сақтандыру жүйесін пайдалану» тақырыбында оқыту өткізілді.
403-5
Ауыр жұмыстармен, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстармен айналысатын жұмыскерлерді міндетті ауысым алдындағы медициналық тексеру, жүргізушілерді сапар алдындағы және сапардан кейінгі медициналық тексеру жүргізіледі. Сонымен қатар, денсаулық жағдайын анықтау үшін өндірістік персоналды жыл сайынғы медициналық тексеру жүргізіледі, оны Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодексіне сәйкес медициналық мекемелер медициналық қызметкердің құпияны, яғни дербес медициналық деректердің, денсаулық жағдайының, сырқат диагнозының немесе Компания жұмыскерін тексерген немесе емдеген кезде алынған басқа да деректердің құпиялылығын сақтауымен жүргізеді.
403-2, 403-3, 403-6
2023 жылы «KEGOC» АҚ қызметкерлері мен мердігерлік және аутстаффингтік ұйымдардың қызметкерлері арасында кәсіптік аурулар тіркелген жоқ.
403-10
Жарақаттану
Жұмыскерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларын ұйымдастыру деңгейін бағалау үшін «KEGOC» АҚ-та «Lost Time Injury Frequency Rate» (LTIFR) коэффициенті немесе еңбекке қабілеттілікті уақытша жоғалтумен жарақаттанушылық коэффициенті, соның ішінде еңбек қызметіне байланысты ажалды оқиғалар жиілігінің коэффициенті (FAR) қолданылады. Әлемдік тәжірибеде LTIFR компаниялардың еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыс тиімділігінің негізгі көрсеткіші болып табылады. Көрсеткіш Компаниядағы (Work Hours, WH) жұмыс істелген жұмыс уақытының жиынтық санына жатқызылған және 1 млн сағатқа нормаланған жұмыс уақытын жоғалту жағдайларының (LTI) санын көрсетеді. LTIFR коэффициентінің мәні 2023 жылы 0,13 құрады (7 578 400 адам-сағат жұмыс істеді). «Энергоинформ» АҚ деректерін есепке алмағанда, еңбекке қабілеттілігін уақытша жоғалтумен жарақаттанушылық коэффициенті 0,15-ке тең (2022 жылы – 0,45).
403-9
Оқиғалар туындаған кезде Компания жұмыскерлері оқиғаларды, оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі есептілікті ұсыну процестерін регламенттейтін қағидаларды басшылыққа алады.
403-2
Компания қызметіне тән:
- биіктіктен құлау;
- электр жарақаты;;
- жол-көлік оқиғасы жазатайым оқиғалардың себептері болып табылады.
403-9
2023 жылы еңбек қызметіне байланысты өлімге әкелген оқиға орын алмаған.
2023 жылы Компания жұмыскерлерінің еңбек қызметіне байланысты 1 (бір) жазатайым оқиға орын алды. 03.10.2023 жылы Солтүстік ЖЭТ филиалында сағат 11:00-де Ж-5370 500 кВ Екібастұз-Семей ӘЖ-де оқшаулағыштың үзілуі салдарынан тартқыш арқансымның күрт тартылуы нәтижесінде оқшаулағыштар тізбегін қысқарту жұмыстарын орындау кезінде жазатайым оқиға орын алып, жұмыскердің аяғы жарақаттанған. Жұмыскерлер алғашқы медициналық көмек көрсеткеннен кейін (сынған аяқты бекіту, іш пен аяқтың жарасына зарарсыздандырылған таңғыштар салу) зардап шегуші ауруханаға жеткізілді. Арнайы тергеу актісіне сәйкес жазатайым оқиғаның негізгі себептері анықталды: мердігер ұйымы орнатқан ӘЖ-нің желілік-аспалы арматурасының бөлек аспалы оқшаулағышының бұзылуы түрі ретінде белгілі болған жабдықтың конструктивтік кемшіліктері.
Жазатайым оқиғаларды тергеу нәтижелері бойынша осындай оқиғалардың алдын алу бойынша түзету іс-шаралары әзірленді.
«KEGOC» АҚ қызметкерлері арасында еңбекке қабілеттілікті уақытша жоғалтумен жарақаттанушылық коэффициенті («Энергоинформ» АҚ-ны есептемегенде)
Мердігер ұйымдармен жұмыс
«KEGOC» АҚ объектілерінде жұмыстарды мердігер және аутстаффинг ұйымдар жүргізген кезде Компания олардың жұмыскерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауапты. «KEGOC» АҚ-ның мердігер және аутстаффинг ұйымдармен жасалған шарттарына жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының және «KEGOC» АҚ-ның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ішкі құжаттарының талаптарын толық сақтау жөніндегі міндеттемелер енгізіледі.
Жұмыс басталар алдында мердігер ұйымдардың өкілдерімен бағдар беру кеңестері өткізіледі. Жұмысқа рұқсат жұмыс орнында беріледі. Мердігер ұйымдардың барлық жұмыскерлері үшін жұмыс орнына жіберілмес бұрын нұсқамалар өткізіледі. Атап айтқанда, жұмыстардың жауапты жетекшілері электр қондырғылардың сұлбалары бойынша нұсқама жүргізеді. Күнделікті рұқсат беру кезінде қауіпсіздік шаралары, Компания объектілерінде бар қауіпті және зиянды өндірістік факторлар көрсетілетін нысаналы нұсқама жүргізіледі.
«KEGOC» АҚ Компанияның өндірістік объектілерінде жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде мердігер ұйымдар персоналдың Қазақстан Республикасы құқықтық актілерінің және «KEGOC» АҚ ішкі құжаттарының талаптарын сақтауы бойынша ішкі бақылауды жүзеге асырады және мердігер ұйымдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қызметін бағалап тұрады. Осылайша, Компания объектілерінде жұмыс істеген мердігер және аутстаффинг ұйымдардың барлық жұмыскерлері (100%) «KEGOC» АҚ-ның денсаулық қорғау менеджменті және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесімен қамтылған.
2023 жылы біздің объектілеріміздегі еңбек қызметімен байланысты мердігерлік және аутстаффингтік ұйымдардың қызметкерлері арасында жазатайым немесе өлімге әкелген оқиғалар тіркелген жоқ.
403-5, 403-7, 403-8, 403-9, EU18