ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП / 2023

Директорлар кеңесінің қызметі туралы есеп

Директорлар кеңесі Акционерлердің жалпы жиналысына есеп береді, Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) «KEGOC» АҚ Жарғысында Акционерлердің жалпы жиналысының және (немесе) Басқарманың құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешуді қоспағанда, Компанияға стратегиялық және жалпы басшылық етуді және Басқарма қызметін бақылауды қамтамасыз етеді.

2-13

Компания Жарғысына сәйкес Директорлар кеңесі Компания қызметінің бағыттарын айқындайды, мақсаттарды, міндеттерді, жобаларды, сонымен қатар оларға қол жеткізу индикаторларын белгілей отырып, даму стратегияларын бекітеді. Даму стратегиясын әзірлеу/жаңарту барысында Директорлар кеңесі стейкхолдерлердің негізгі топтарымен олардың үміттері мен алаңдаушылықтарын түсіну үшін тұрақты кездесулер мен кеңестер өткізеді. Компанияның Даму стратегиясын іске асыру, соның ішінде тұрақты даму саласындағы мақсаттар мен индикаторларға қол жеткізу мониторингін Директорлар кеңесі тоқсан сайын Стратегияны іске асыру туралы есептерді, өндірістік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау туралы есептерді, тәуекелдер жөніндегі есептерді қарау арқылы жүзеге асырады.

2-12, 2-13

Акционерлердің жалпы жиналысы Директорлар кеңесінің мүшелерін кандидаттардың құзыреттерін, дағдыларын, жетістіктерін, іскери беделін және кәсіби тәжірибесін ескере отырып, анық және айқын рәсімдер негізінде сайлайды. Директорлар кеңесінің жекелеген мүшелерін немесе оның толық құрамын жаңа мерзімге қайта сайлаған кезде олардың Директорлар кеңесі қызметінің тиімділігіне қосқан үлесі есепке алынады.

Директорлар кеңесінің құрамына жекелеген акционерлердің, Басқарманың және басқа да мүдделі тараптардың ықпалынан бос тәуелсіз және объективті шешімдер қабылдау үшін жеткілікті кәсібилігі мен дербестігі бар тәуелсіз директорлар сайланады.

Директорлар кеңесінің мүшелері 3 (үш) жылдан аспайтын мерзімге сайланады.

Тәуелсіз директор Директорлар кеңесінің құрамына қатарынан 9 (тоғыз) жылдан астам уақытқа сайлана алмайды. Ерекше жағдайларда 9 (тоғыз) жылдан астам мерзімге сайлауға жол беріледі, бұл ретте осындай тәуелсіз директорды Директорлар кеңесіне сайлау Директорлар кеңесінің осы мүшесін сайлау қажеттігінің және осындай фактордың шешімдер қабылдаудың тәуелсіздігіне әсерінің толық түсіндірілуімен жыл сайын жүргізілуі тиіс.

Директорлар кеңесі мүшелерінің құқықтары мен міндеттері «KEGOC» АҚ Жарғысында айқындалған.

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері Компания мен акционерлердің алдында олардың әрекеттері және (немесе) әрекетсіздігі салдарынан келтірілген залал үшін және Компания ұшыраған залалдар үшін «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауапкершілікті көтереді.

2-12

Акционерлердің жалпы жиналысының 2021 жылғы 27 сәуірдегі шешімімен (№21 хаттама) кандидаттардың іріктеу критерийлеріне, біліктілік талаптарына сәйкестігінің ескерілуімен «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелерін қалыптастыру, Директорлар кеңесі мүшелеріне сыйақы мен өтемақыны анықтау қағидаларына сәйкес Директорлар кеңесінің құрамы үш жылға сайланды.

2-10

2023 жылғы 1 қаңтардағы жай-күй бойынша Директорлар кеңесінің құрамы

  • Ернат Құдайбергенұлы Бердіғұлов — Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерін білдіруші («KEGOC» АҚ Басқармасының төрағасы болып табылмайды);
2-11
  • Нұрлан Заманбекұлы Аханзарипов — Директорлар кеңесінің мүшесі, Аға тәуелсіз директор;
  • Ульф Вокурка — Директорлар кеңесінің мүшесі, Тәуелсіз директор;
  • Дамир Серкбайұлы Сүентаев — Директорлар кеңесінің мүшесі, Тәуелсіз директор;
  • Алексей Юрьевич Репин — Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерін білдіруші;
  • Алмат Күнжолұлы Жәмиев — Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерін білдіруші;
  • Қаныш Тәңірбергенұлы Молдабаев — Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

2023 жылғы 31 шілдеде (№ 32 хаттама) «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен:

  • «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің: тәуелсіз директор Ульф Вокурканың, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі Алексей Юрьевич Репиннің және «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Қаныш Тәңірбергенұлы Молдабаевтың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды;
  • «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі құрамына тәуелсіз директор ретінде Марат Тұрғанбекұлы Дұлқайыров, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі Қаныш Тәңірбергенұлы Молдабаев және «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Нәби Еркінұлы Айтжанов сайланды.

Директорлар кеңесінің мүшелері туралы мәліметтер

(2023 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша Директорлар кеңесінің құрамы)

2-9
Бердіғұлов Ернат Құдайбергенұлы
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі
2-11

1987 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы.

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына алғаш рет 2021 жылғы 24 қарашадағы «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының шешімімен (№ 25 хаттама) «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі ретінде сайланды.

«KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының 2022 жылғы 10 наурыздағы шешімімен (№ 26 хаттама) «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

«KEGOC» АҚ-ның және оның ЕҰ-ның акцияларына иелік етпейді.

Білімі

  • 2004-2007 жж. — әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, халықаралық қатынастар факультеті, Алматы;
  • 2007-2010 жж. — University of Toronto Мемлекеттік саясат және Халықаралық қатынастар мамандығы бойынша (бағыты — Халықаралық экономика);
  • 2015-2018 жж. — Ұлыбританиядағы University of Warwick, Бизнес-әкімшілік ету магистрі;
  • 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — Harvard Business School — Program for Leadership Development.

Соңғы бес жылдағы жұмыс тәжірибесі:

  • 02/2022ж. қазіргі уақытқа дейін — «Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры;
  • 04/2021-02/2022 жж. — «Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия, тұрақты даму және цифрлы трансформациялау жөніндегі cеріктес басқарушы директоры;
  • 05/2019-04/2021жж. — Whiteshield Partners халықаралық консалтингтік компаниясындағы жобалар жетекшісі (әртүрлі жылда аға аналитик, консультат болып жұмыс істеді);
  • 08/2018-04/2019 жж. — «Самұрық-Қазына» АҚ Активтерді басқару жөніндегі дирекциясының аналитигі.

Қоса атқарған жұмысы және Директорлар кеңесіне мүшелік:

  • «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;
  • «QazaqGaz» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;
  • «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі;
  • «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

Аханзарипов Нұрлан Заманбекұлы
Аға тәуелсіз директор, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің ТСК төрағасы, СКТДК мүшесі, Аудит жөніндегі комитетінің мүшесі

1965 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы.

Сертификатталған тәуелсіз директор (Cert IoD) Institute of Directors, UK.

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына алғаш рет «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының 2020 жылғы 26 маусымдағы шешімімен (№ 18 хаттама) тәуелсіз директор ретінде сайланды.

«KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының 2021 жылғы 27 сәуірдегі шешімімен (№ 21 хаттама) «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор болып сайланды.

«KEGOC» АҚ-ның және оның ЕҰ-ның акцияларына иелік етпейді.

Білімі

  • Шәкәрім атындағы Семей технологиялық университеті, бухгалтер-экономист, есепке алу және аудит.
  • KIMEP MBA, Іскери әкімшілік ету магистрі.
  • Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, геология және пайдалы қазбаларды барлау.

Соңғы бес жылдағы жұмыс тәжірибесі:

  • 2021-2023 жж. — «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры;
  • 2019-2022 жж. — «АстанаГазҚМГ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры;
  • 2019-2021 жж. — «PLANETCARE MANAGEMENT» ЖШС Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары;
  • 2019-2020 жж. — «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ, «Әрекет» Жоғары технологиялар қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

Қоса атқарған жұмысы және Директорлар кеңесіне мүшелік:

  • «QazaqGaz» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Тәуелсіз директоры.

Дұлқайыров Марат Тұрғанбекұлы
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры, СКТДК және АК мүшесі

1947 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының 2023 жылғы 31 шілдедегі шешімімен (№ 32 хаттама) Директорлар кеңесінің мүшесі, Тәуелсіз директор ретінде сайланды.

«KEGOC» АҚ-ның және оның ЕҰ-ның акцияларына иелік етпейді.

Білімі

  • 1965-1972 жж. — Г.И.Носов атындағы Магнитогорск тау-кен металлургиялық институты, өнеркәсіптік кәсіпорындарды, қалаларды және ауыл шаруашылығын электрмен жабдықтау мамандығы бойынша біліктілігі инженер- электрик.

Соңғы бес жылдағы жұмыс тәжірибесі:

  • 04/2015 қазіргі уақытқа дейін — ҚР Инженер-энергетиктер одағының
  • Бас директоры.

Алматы Энергетика және Байланыс Университетінің құрметті профессоры, ҚР мен ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі.


Сүентаев Дамир Серкбайұлы
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры, АК төрағасы, ТСК мүшесі

1984 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының 2022 жылғы 18 шілдедегі шешімімен (№ 28 хаттама) Директорлар кеңесінің мүшесі, Тәуелсіз директор ретінде сайланды.

«KEGOC» АҚ-ның және оның ЕҰ-ның акцияларына иелік етпейді.

Білімі

  • 2001-2006 жж. — Қазақ мемлекеттік заң академиясы, Мамандығы құқықтану, Алматы қ.;
  • 2006-2008 жж. — Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, экономика бакалавры, Алматы қ.;
  • 2012-2014 жж. — РФ Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы, инновациялық-технологиялық бизнес факультеті, МВА «Инновациялық және жобалық менеджменті», Москва қ.;
  • 2018-2022 жж. — Ұлыбритания Директорлар институты, IoD Chartered Director бағдарламасы, Лондон.

Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының Тәуелсіз директорлар қауымдастығының, Қазақстан Республикасының Ішкі аудиторлар институтының мүшесі болып табылады және Украинаның Корпоративтік басқарудың кәсіпқой қауымдастығының тізілімне кіреді.

Соңғы бес жылдағы жұмыс тәжірибесі:

  • 08/2021 ж. — қазіргі уақытқа дейін — «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Президенті;
  • 02/2016-10/2021 жж. — «Digital Finance Union» ЗТБ Төрағасы.

Қоса атқарған жұмысы және Директорлар кеңесіне мүшелік:

  • «Астана Медицина университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Тәуелсіз директоры;
  • «Жолаушылар тасымалы» АҚ/ «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Тәуелсіз директоры;
  • ҚР ҰЭМ «Қазақстандық МЖӘ орталығы» АҚ-ның Директорлар кеңесінің мүшесі, Тәуелсіз директоры.

Молдабаев Қаныш Тәңірбергенұлы
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің СКТДК төрағасы

1963 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы.

«KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының 2021 жылғы 27 сәуірдегі шешімімен (№ 21 хаттама) «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып алғаш рет сайланды.

Акционерлердің жалпы жиналысының 2021 жылғы 24 қарашадағы шешімімен (№ 25 хаттама) «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Басқарма төрағасы болып сайланды

Акционерлердің жалпы жиналысының 2021 жылғы 24 қарашадағы (№ 25 хаттама) және 2023 жылғы 31 шілдедегі (№ 32 хаттама) шешімдерімен Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі болып сайланды.

«KEGOC» АҚ-ның және оның ЕҰ-ның акцияларына иелік етпейді.

Білімі

  • 1981-1987 жж. — Павлодар индустриалды институты, инженер-электрик;
  • 1999-2002 жж. — Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, экономист-заңгер;
  • 2003-2004 жж. — Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы, мемлекеттік қызмет менеджері;
  • 2016-2020 жж. — іскери әкімшілік ету докторы; Doctor of Business Administration (DBA), Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы;
  • Халықаралық сертификаттау — IPMA Level B.

Соңғы бес жылдағы жұмыс тәжірибесі:

  • 11/2021-07/2023 жж. — «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы;
  • 04/2021-11/2021 жж. — «Самұрық-Қазына» АҚ Энергетика және тау-кен активтері дирекциясының директоры;
  • 04/2019-04/2021 жж. — «Самұрық-Қазына» АҚ — «Энергетика» секторының жетекшісі;
  • 09/2018-04/2019 жж. — «Қазақстан атом электр станциялары» АҚ Бас директорының орынбасары.

Қоса атқарған жұмысы және Директорлар кеңесіне мүшелік:

  • «ЖЭК жөніндегі ҚЕО» ЖШС Бақылау кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
  • «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

Жәмиев Алмат Күнжолұлы
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі, ТСК мүшесі

1979 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы.

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының 2022 жылғы 10 наурыздағы шешімімен (№ 26 хаттама) Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі ретінде сайланды.

«KEGOC» АҚ-ның және оның ЕҰ-ның акцияларына иелік етпейді.

Білімі

  • 1997-2001 жж. — Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Заңгер, Құқықтану;
  • 2001-2003 жж. — Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Құқықтану магистрі;
  • 2003-2005 жж. — Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Аспирантура;
  • 2017-2019 жж. — Назарбаев Университеті, Жоғары бизнес мектебі (DUKE University бірлескен бағдарлама, АҚШ), Қазақстан Республикасы, Executive MBA.

Соңғы бес жылдағы жұмыс тәжірибесі:

  • 08/2021 — қазiргi уақытқа дейiн — «Самұрық-Қазына» АҚ Құқықтық сүйемелдеу департаментiнiң директоры;
  • 2016-2021 жж. — «Самұрық-Қазына» АҚ Құқықтық сүйемелдеу және әдіснама департаментінің директоры.

Қоса атқарған жұмысы және Директорлар кеңесіне мүшелік:

  • «КАЭС» ЖШС Бақылау кеңесінің мүшесі;
  • «Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС Бақылау кеңесінің мүшесі;
  • Bolashaq Investments Ltd Директорлар кеңесінің мүшесі (компания АХҚО-да тіркелген).

Айтжанов Нәби Еркінұлы
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы

1980 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы.

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының 2023 жылғы 31 шілдедегі шешімімен (№ 32 хаттама) Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде сайланды.

«KEGOC» АҚ-ның және оның ЕҰ-ның акцияларына иелік етпейді.

Білімі

  • 1997-2002 жж. — С. Сейфулин атындағы Ақмола аграрлық университеті, Экономика және менеджмент;
  • 2011-2012 жж. — Халықаралық бизнес академиясы, іскери әкімшілік ету магистрі.

Соңғы бес жылдағы жұмыс тәжірибесі:

  • 2010-2023 жж. — «Қазақстан коммуналды жүйелері» ЖШС Бас директоры.

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің әрбір мүшесінің өкілеттік мерзімі 2024 жылғы сәуірде аяқталатын жалпы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзіміне сәйкес келеді.

Директорлар кеңесінің жас бойынша құрылымы, адам

Директорлар кеңесінің тәуелсіздігі, %

Директорлар кеңесі мүшелерінің құзыреті

Директорлар кеңесі құзыретінің матрицасы*

* Директорлар кеңесі мүшелерінің құзыреттері боялған.

2-9, 2-10

Директорлар кеңесі мүшелерінің біліктілік теңгерімі, адам

Тәуелсіз директорларды іріктеу критерийлері

Тәуелсіз директор жекелеген акционерлердің, Басқарманың және басқа да мүдделі тараптардың ықпалынан еркін тәуелсіз және объективті шешімдер қабылдау үшін жеткілікті кәсіби және тәуелсіз болуы тиіс.

Тәуелсіз директорлар тәуелсіздіктің барлық заңнамалық критерийлеріне сәйкес келеді; олардың мәртебесі, өкілеттіктері, құқықтары мен міндеттері «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, «KEGOC» АҚ Жарғысының, Корпоративтік басқару кодексінің талаптарымен және «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелерін іріктеу және сайлау қағидаларымен қатаң регламенттелген.

Корпоративтік басқарудың әлемдік тәжірибесіне және «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес Директорлар кеңесі мүшелерінің саны кемінде үш адамды құрауы тиіс. Қоғамның Директорлар кеңесі құрамының кемінде 30%-ы тәуелсіз директорлар болуы тиіс.

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасына сәйкес Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелері:

  • Компанияның үлестес тұлғалары болып табылмайды және өздері Директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде сондай тұлғалар болмаған;
  • «KEGOC» АҚ-ның үлестес тұлғаларына қатысты үлестес тұлға болып табылмайды;
  • осы «KEGOC» АҚ-ның немесе «KEGOC» АҚ-ның ұйымдарының-үлестес тұлғаларының лауазымды тұлғаларымен бағыныстылығымен байланысты емес, және өздерінің Директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде осы тұлғалармен бағыныстылықпен байланысты болмаған;
  • «KEGOC» АҚ-ның аудитіне аудиторлық ұйым құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде қатыспайды және өздері Директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде мұндай аудитке қатыспаған;
  • «KEGOC» АҚ органдарының отырыстарында акционер өкілдері болып табылмайды және өздері Директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде мұндай өкілдер болмаған;
  • мемлекеттік қызметшілер болып табылмайды.

Сайланған кезде тәуелсіз директорлар өздерінің тәуелсіздігі туралы мәлімдемеге қол қояды.

2-9, 2-10

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырыстары

2023 жылы Директорлар кеңесінің отырыстарына қатысу матрицасы

2 Директорлар кеңесінің төрағасы Е.Қ. Бердіғұлов іссапарда болып, 2023 жылғы 31 мамырдағы, 30 маусымдағы және 27 шілдедегі Директорлар кеңесінің отырыстарына қатысқан жоқ.

3 Директорлар кеңесінің мүшесі Д.С. Сүентаев еңбек демалысында болып, Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 27 шілдедегі отырысына қатысқан жоқ.

Есепті кезеңде Директорлар кеңесінің 1 сырттай отырысы өткізіліп және


12 күндізгі

Онда


112 мәселе қаралды

2023 жылы Директорлар кеңесінің отырыстарында стратегиялық, қаржылық-экономикалық және инвестициялық бағыттағы, корпоративтік басқару мен тұрақты даму, тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау мен аудит, кадрлық саясат, қауіпсіздік, еңбекті қорғау, еншілес ұйымдардың қызметі жөніндегі мәселелер қаралды.

SPO бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Директорлар кеңесінің мүшелері басқаларымен қатар жүргізіліп жатқан «роуд-шоуларға» белсенді қатысты: Директорлар кеңесінің мүшелері KASE және AIX биржаларындағы инвестициялық қоғамдастықты Компания қызметі және сауда-саттықтың ашылуы туралы хабардар етті.

2023 жылы Директорлар кеңесінің отырыстарында қаралған мәселелер, %

Директорлар кеңесінің комитеттері

Жекелеген мәселелерді белсенді талқылауға және толық талдауға арналған алаң құру үшін Директорлар кеңесі жанында 3 (үш) комитет құрылды:

  • Аудит жөніндегі комитет;
  • Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитет;
  • Стратегия, корпоративтік және тұрақты даму жөніндегі комитет.
2-13

Аудит жөніндегі комитет

2-9

Комитеттің қызметі Аудит жөніндегі комитет туралы ережемен реттеледі. Комитет өз қызметінде толығымен Директорлар кеңесіне есеп береді. Комитеттің барлық мүшелерінің жеткілікті білімі мен тәжірибесі, соның ішінде практикалық тәжірибесі бар. Аудит жөніндегі комитет құрамына үш тәуелсіз директор және бір сарапшы (дауыс беру құқығынсыз) кіреді.

2023 жылғы 1 қаңтардағы жай-күй бойынша Комитет құрамына келесі тұлғалар кірген:

  • Дамир Серкбайұлы Сүентаев — Комитет төрағасы, тәуелсіз директор;
  • Нұрлан Заманбекұлы Аханзарипов — Комитет мүшесі, Аға тәуелсіз директор;
  • Ульф Вокурка — Комитет мүшесі, тәуелсіз директор;
  • Ернар Сеиітұлы Мыңжанов — Сарапшы (дауыс беру құқығынсыз).

Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 27 қаңтардағы және 2023 жылғы 25 тамыздағы шешімдеріне (№9 хаттама) сәйкес Комитет құрамына өзгерістер енгізілді.

2023 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша Комитет құрамына келесі тұлғалар кірген:

  • Дамир Серкбайұлы Сүентаев — Комитет төрағасы, тәуелсіз директор;
  • Нұрлан Заманбекұлы Аханзарипов — Комитет мүшесі, Аға тәуелсіз директор;
  • Марат Тұрғанбекұлы Дұлқайыров — Комитет мүшесі, тәуелсіз директор;
  • Мақсат Мырзатай — Сарапшы (дауыс беру құқығынсыз).

2023 жылы Аудит жөніндегі комитеттің отырыстарына қатысу матрицасы

Комитет мүшесі Д.С. Сүентаев еңбек демалысында болып, Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 26 шілдедегі отырысына қатысқан жоқ.

2023 жылы Комитеттің


12 күндізгі отырысы өткізіліп

Онда


58 мәселе қаралды

Комитет Директорлар кеңесіне ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару, қаржылық есептілік, сыртқы аудит мәселелері бойынша, соның ішінде «KEGOC» АҚ қаржылық есептілігіне аудит жүргізетін сыртқы аудитордың өкілдерімен кездесулер өткізу, Ішкі аудит қызметі мен Комплаенс қызметі мәселелері және басқа да мәселелер бойынша ұсынымдар берді.

«RSM Qazaqstan» ЖШС сыртқы аудиторының өкілдерімен 2 кездесу өткізілді, онда 2022 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін шоғырландырылған қаржылық есептілік аудитінің нәтижелері бойынша, 2023 жылғы 30 маусымда аяқталған алты айдағы аралық шоғырландырылған қаржылық есептілік аудитінің нәтижелері бойынша есептер, оның ішінде сыртқы аудитордың тәуелсіздігін растау мәселелері қаралды.

Бұл ретте, 2023 жылы мәселелерді қараған кезде Комитеттің жеке ұсыныстарын/ұсынымдарын Директорлар кеңесі қабыл алмаған жағдайлар тіркелген жоқ.

2023 жылы АК отырыстарында қаралған мәселелер, %

Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитет

2-9

Комитеттің қызметі Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитет туралы ережемен реттеледі. Комитет өз қызметінде толығымен Директорлар кеңесіне есеп береді.

Комитеттің барлық мүшелерінің жеткілікті білімі мен үлкен тәжірибесі, соның ішінде практикалық тәжірибесі бар.

2023 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша Комитет құрамына келесі тұлғалар кірген:

  • Нұрлан Заманбекұлы Аханзарипов — Комитет төрағасы, Аға тәуелсіз директор;
  • Дамир Серкбайұлы Сүентаев — Комитет мүшесі, Тәуелсіз директор;
  • Алмат Күнжолұлы Жәмиев — Комитет мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі;
  • Сырым Сәкенұлы Төтебаев — Сарапшы (дауыс беру құқығынсыз).

2023 жылы Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитеттің отырыстарына қатысу матрицасы

Комитет мүшесі Д.С. Сүентаев еңбек демалысында болып, Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 26 шілдедегі отырысына қатысқан жоқ.

2023 жылы Комитеттің


12 күндізгі отырысы өткізіліп

Онда


46 мәселе қаралды

Есепті кезеңде Директорлар кеңесіне Директорлар кеңесінің құрамына, Корпоративтік хатшы лауазымына кандидаттарды тағайындау/сайлау; Компанияның ұйымдық құрылымын бекіту; Пул менеджментін орындау; Басқарма мүшелері қызметінің негізгі көрсеткіштерін және корпоративтік хатшының, Омбудсменнің мақсаттар картасын, Басқарманың, Омбудсменнің және Корпоративтік хатшының лауазымдық қызметақыларының схемасын қарау; Директорлар кеңесі мүшелерінің біліктілігін арттыру жоспарын бекіту және өзге де мәселелер бойынша ұсыныстар берілді.

2-13

2023 жылы мәселелерді қараған кезде Директорлар кеңесі Комитеттің жеке ұсыныстарын/ұсынымдарын қабыл алмаған жағдайлар тіркелген жоқ.

2023 жылы ТСК отырыстарында қаралған мәселелер, %

Стратегия, корпоративтік және тұрақты даму жөніндегі комитет

2-9

Комитеттің қызметі Стратегия, корпоративтік және тұрақты даму жөніндегі комитет туралы ережемен реттеледі. Комитет өз қызметінде толығымен Директорлар кеңесіне есеп береді. Комитет төрағасы тәуелсіз директор болып табылады.

Комитеттің барлық мүшелерінің жеткілікті білімі мен елеулі тәжірибесі, соның ішінде практикалық тәжірибесі бар.

2023 жылғы 1 қаңтардағы жай-күй бойынша Комитет құрамына келесі тұлғалар кірген:

  • Ульф Вокурка — Комитет төрағасы, Тәуелсіз директор;
  • Нұрлан Заманбекұлы Аханзарипов — Комитет мүшесі, Тәуелсіз директор;
  • Алексей Юрьеич Репин — Комитет мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі;
  • Сырым Сәкенұлы Төтебаев — Сарапшы (дауыс беру құқығынсыз).

Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 25 тамыздағы (№ 9 хаттама) шешімдеріне сәйкес Комитет құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

2023 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша Комитет құрамына келесі тұлғалар кірген:

  • Қаныш Тәңірбергенұлы Молдабаев — Комитет мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі;
  • Нұрлан Заманбекұлы Аханзарипов — Комитет мүшесі, Аға тәуелсіз директор;
  • Марат Тұрғанбекұлы Дұлқайыров — Комитет мүшесі, Тәуелсіз директор;
  • Сырым Сәкенұлы Төтебаев — Сарапшы (дауыс беру құқығынсыз).

2023 жылы Стратегия, корпоративтік және тұрақты даму жөніндегі комитеттің отырыстарына қатысу матрицасы

Есепті кезеңде Комитеттің


11 күндізгі отырысы өткізіліп

Онда


25 мәселе қаралды

2023 жылы Комитеттің отырыстарында стратегиялық және экономикалық бағыттар бойынша, корпоративтік және тұрақты басқару, инвестициялық бағдарлама, өндірістік қауіпсіздік, еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және өзге де мәселелері қаралды.

Бұл ретте Директорлар кеңесінің 2023 жылы мәселелерді қарау кезінде Комитеттің жекелеген ұсыныстарын/ұсынымдарын қабыл алмаған жағдайлар тіркелген жоқ.

2-13

2023 жылы Стратегия, корпоративтік және тұрақты даму жөніндегі комитеттің отырыстарында қаралған мәселелер, %