ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП / 2023

Менеджментті бағалау және сыйақы

Директорлар кеңесі 2023 жылғы 24 қарашада «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің және Директорлар кеңесі комитеттерінің, Директорлар кеңесінің төрағасы мен мүшелерінің, Корпоративтік хатшысының 2023 жылғы қызметіне өзін-өзі бағалау әдісімен бағалауды жүргізу туралы шешім қабылдады.

«Самұрық-Қазына» АҚ ұйымдарының Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің, Директорлар кеңесі төрағасының, мүшелерінің және Корпоративтік хатшысының қызметін бағалау жөніндегі Әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүргізілген 2023 жылдағы қызметті өзін-өзі бағалау нәтижелері бойынша қорытынды рейтинг 96%-ды құрап, рейтинг «АА» деңгейінде бағаланды. Бұл көрсеткіш «KEGOC» АҚ-ның Директорлар кеңесі, оның комитеттері және Корпоративтік хатшысы барлық маңызды аспектілерде белгіленген критерийлердің көпшілігіне сәйкес келетінін, және олардың тиімді жұмыс істейтінін жеткілікті растау бар екенін растайды.

Сауалнамаға қатысуды қоспағанда, «KEGOC» АҚ-ның Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің, Директорлар кеңесінің төрағасының, мүшелері мен Корпоративтік хатшысының қызметін бағалау қағидаларына сәйкес директорлардың ешқайсысы да өз қызметін бағалау процесіне тартылған жоқ.

2-15, 2-18

Акционерлердің жалпы жиналысы бекіткен «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің құрамын қалыптастыру, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы мен шығыстарды өтеуді айқындау қағидаларына сәйкес директорлардың сыйақысы екі бөлімнен тұрады: Директорлар кеңесі комитеттерінің күндізгі отырыстарына төрағалық еткені немесе қатысқаны үшін жылдық тіркелген сыйақы және қосымша сыйақы, бұл ретте Акционерлердің жалпы жиналысының 2020 жылғы 26 маусымдағы шешіміне (№ 18 хаттама) сәйкес Директорлар кеңесі комитеттерінің күндізгі отырыстарына қатысқаны үшін директорларға қосымша сыйақыны төлеу тоқтатылды.

Акционерлердің жалпы жиналысының ұсынысын қалыптастыру мақсатында Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитет тиісті талдауды (бенчмаркингті) жүргізуді есепке ала отырып, Директорлар кеңесі үшін Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы мөлшері, анықтау тәртібі және төлеу шарттары бойынша ұсынымдар әзірлеп береді. Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитет мүшелерінің көпшілігін тәуелсіз директорлар құрайды.

Директорға Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі комитеттерінің отырыстарына баруға, тұрғылықты жерінен тыс өткізілетін кеңестерге баруына байланысты шығыстар: жол жүру, соның ішінде трансфер, тұру, тәуліктік ақы, Қазақстан Республикасындағы телефон байланысы (ұялы байланысты қоспағанда), сканерлеу, ксерокөшіру, факс, құжаттарды басып шығару, теру, Қазақстан Республикасындағы интернет желісіне қол жеткізу қызметтері, курьерлік және пошта қызметінің қызметтері өтеледі. «KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес, 2023 жылы Директорлар кеңесінің бірде-бір мүшесі өзінің сыйақысына байланысты шешімдер қабылдауға қатысқан жоқ.

2-20

Басқарма төрағасы мен мүшелеріне еңбекақы төлеу жүйесі бір жылдағы жұмыс қорытындылары бойынша лауазымдық жалақы мен сыйақыны қамтиды. «KEGOC» АҚ-ның жылдағы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы аудиттелген қаржылық есептілік негізінде қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері бекітілгеннен кейін «KEGOC» АҚ бюджетінде осы мақсаттарға ескерілген ақшалай қаражат шегінде төленеді. Есептік жылдағы шоғырландырылған қорытынды пайданың болуы сыйақыны төлеудің негізгі шарты болып табылады.

Есептік кезеңнің (қысқа мерзімді) қорытындылары бойынша Басқарма төрағасы мен мүшелерінің қызметін бағалау кезінде «KEGOC» АҚ-ның стратегиялық мақсаттарын «KEGOC» АҚ Басқармасының әрбір мүшесі үшін ҚНК картасы түрінде «KEGOC»АҚ-ның бизнес-процестері/қызметінің бағыттары бойынша нақты көрсеткіштерге каскадтау арқылы әзірленетін уәждемелік ҚНК қолданылады. Қысқа мерзімді кезеңдегі уәждемелік ҚНК корпоративті және функционалды ҚНК-ға бөлінеді.

Басшы қызметкерлердің корпоративтік ҚНК-сын және функционалдық ҚНК-сын Компанияның Директорлар кеңесі бекітеді. Мысалы, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі Басқарма мүшелерінің уәждемелік ҚНК-сын және олардың 2023 жылға арналған мақсатты мәндерін бекітті.

Негізгі уәждемелік ҚНК

1-Стратегиялық мақсат 2-Стратегиялық мақсат 3-Стратегиялық мақсат
GA (Grid Availability — желінің қол жетімділігі, бір жыл ішінде %-бен) EBITDA margin LTIFR
ЭЖЖ-дағы және ҚС-дағы технологиялық бұзылыстар саны Акцияға шаққандағы дивиденд «KEGOC» АҚ-ның әлеуметтік тұрақтылық деңгейі
Басым инвестициялық жобаларды іске асыру Жоспарлау сапасы «KEGOC» АҚ ESG қағидаттарын жетілдіру бойынша Жоспардың іс-шараларын іске асыру
«WAMS синхрофазорлық технологиялар негізіндегі мониторинг жүйесі (2-кезең)» ЖСҚ-ны әзірлеу Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерінің мақсатты мәндеріне қол жеткізу «KEGOC»АҚ Корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі жоспардың іс-шараларын орындау
«KEGOC» АҚ-ның қор биржасында үлесті орналастыру арқылы бәсекелестік ортаға шығуы ESG рейтингі

Тәртіптік жазаның қолданылу кезеңін қоспағанда, есепті кезеңде тиісті лауазым бойынша нақты жұмыс істеген Басқарма мүшелері есепті кезеңдегі жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы алуға құқылы болды.

Жыл ішінде басшы қызметкерлердің уәждемелік ҚНК-ның орындалуына мерзімді түрде мониторинг жүргізіліп тұрады. Есептік жыл аяқталғаннан кейін барлық деңгейлердің ҚНК-ның нақты мәндерін есептеу жүзеге асырылады.

2023 жылдың қорытындысы бойынша корпоративтік ҚНК-ның нысаналы мәндеріне қол жеткізілді.

2023 жылы Директорлар кеңесі мүшелерінің сыйақылардан немесе болашақ сыйақылардан бас тарту немесе бас тарту туралы келісім фактілері орын алған жоқ. Осылайша, негізгі басқару қызметкерлер құрамына сыйақы (Директорлар кеңесінің мүшелері және Басқарма) және онымен байланысты аудиттелген шоғырландырылған қаржылық есептілікте жалақы бойынша шығыстар құрамына енгізілген барлық басқа шығыстар (салықтар, аударымдар, еңбекке жарамсыздық парақтары, демалысақы, материалдық көмек және т.б.) 2023 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылда 420,3 млн теңгені құрады.

2-19