Корпоративтік этика
Корпоративтік этика — бұл біздің қызметкерлерді біріктіретін негізгі элемент.
Корпоративтік этиканың мақсаты біртұтас ұжым шеңберіндегі қызметкерлердің өзара қарым-қатынасын реттеу болып табылады және жалпы қабылданған адами құндылықтар негізінде қалыптастырылады:
- құзыреттілік пен кәсібилік (Компания қызметкерлерінің сапалы білімі, жұмыс тәжірибесі, шешім қабылдау қабілеті, өзінің кәсіби деңгейін арттыруға ұмтылысының болуы);
- адалдық пен риясыздық (ұйымның қызметіндегі оның іскери беделін сақтаудағы және жеке мүдделер мен кәсіби қызмет арасындағы қайшылықтарды болдырмаудағы маңызды аспект);
- жауапкершілік біздің Компаниямыздың қызметінің сапасына кепілдік ретінде;
- адамның жеке басын құрметтеу («KEGOC» АҚ-ның әрбір қызметкері нәсіліне, тіліне, саяси және діни пікірлеріне, жынысына, ұлтына және мәдени тегіне қарамастан, өзіне деген әділ және адал қөзқарасқа құқылы);
- коммерциялық құпияны сақтауға деген ұмтылыспен және зиянсыз әрі қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етумен сипатталатын қауіпсіздік.
Мінез-құлық (Іскери этика) кодексі әр қызметкер өзінің күнделікті қызметінде ұстануы тиіс практикалық ережелер жиынтығы болып табылады. Компанияның барлық қызметкерлері, соның ішінде жоғары буын басшылары оны орындауға міндетті. Мінез-құлық кодексі корпоративтік этика және іскери мінез-құлықтың көпшілік қабылдаған нормалары мен корпоративтік басқарудың үздік тәжірибелерін айқындайтын құжаттар негізінде әзірленген. Мінез-құлық кодексі Компанияның барлық құрылымдық бөлімшелерінде, филиалдарында және еншілес ұйымдарында қолданылады. Компанияның барлық қызметкерлері, соның ішінде лауазымды тұлғалары Мінез-құлық кодексінің ережелерімен жүйелі түрде жұмысқа қабылданған кезде, оған өзгерістер енгізілген кезде таныстырылады.
Компанияда Директорлар кеңесіне есеп беретін Омбудсмен жұмыс істейді. Қызметкерлер мен лауазымды тұлғалардың Мінез-құлық кодексін сақтауын қамтамасыз ету және оның ережелерін түсіндіру Омбудсмен міндеттерінің бірі болып табылады. Тәуелсіздік, бейтараптық және риясыздық, құпиялылық және бейресмилік Омбудсмен жұмысының негізгі қағидаттары болып табылады.
Компанияның еңбек ұжымындағы моральдық-психологиялық ахуалды және қызметкерлердің Мінез-құлық кодексінің (Іскери этика) нормалары мен талаптары туралы хабардарлығын бақылау мақсатында есепті жылы анонимді сауалнама ұйымдастырылды.
Қызметкерлер арасында жүргізілген сауалнама (сауалнама барлық филиалдардан 1900-ден астам адамды немесе жұмыскерлердің 50%-дан астамын қамтыды) келесіні көрсетті:
- қызметкерлердің моральдық-психологиялық ахуал туралы, жалпы ұжымдағы жағдай туралы пікірі (97,7%) жалпы алғанда оң, жұмыскерлер басшылықтың көмегі мен қолдауына сене алады, өзара сенім бар;
- тікелей басшылар қарамағындағы қызметкерлермен қарым-қатынаста әділ, қысым көрсетілмейді;
- қызметкерлердің жұмыс үшін маңызды шешімдер қабылдауға қатысу құқығы танылады, лауазымдық міндеттер шеңберінен шығатын тапсырмаларды орындау талаптары жоқ;
- қызметкерлер қайшылықтар туындаған жағдайда қайда жүгінуге болатыны туралы хабардар етілген.
Еңбек қатынастарын жақсарту және адам құқықтарын сақтау бойынша белгіленген бағыттар бойынша Омбудсмен 2023 жылы жоспарды әзірлеп іске асырды, және оған сәйкес келесі іс-шаралар өткізілді:
- Омбудсмен аумақтық бөлімшелерді қоса алғанда, 9 филиалға барып келді.
- Филиалдардың, соның ішінде Оңтүстік ЖЭТ, Алматы ЖЭТ , Ақмола ЖЭТ , Орталық ЖЭТ ҚС және «Энергоинформ» АҚ филиалдары ұжымдарымен кездесулер өткізілді. Қызметкерлерге «KEGOC» АҚ қызметкерлерінің әдеп нормалары мен мінез-құлық ережелерін сақтау қажеттігі туралы түсіндірмелер берілді. Мінез-құлық (Іскери этика) кодексінің мақсаттары мен міндеттері нақтыланды, байланыс арналары жеткізілді (Омбудсменнің, АРБД, «КПМГ Такс энд Эдвайзори» ЖШС тәуелсіз компаниясы қызмет көрсететін жедел желінің, Нысана Колл-орталығының телефон нөмірлері), ақпараттық және әлеуметтік-еңбек мәселелері бойынша дауларды шешу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді — Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің «Жұмыскерлердің негізгі құқықтары мен міндеттері» және «Жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері» ережелері түсіндіріліп, Компанияның ішкі нормативтік ережелері мен әлеуетті қайшылықтарын болдырмау және алдын алу рәсімдері түсіндірілді («KEGOC» АҚ Мүдделер қайшылығын реттеу саясаты»).
Компания жұмыскерлері мен лауазымды тұлғалары арасында Мінез-құлық (Іскери этика) кодексінде бекітілген ұжымда көпшілік қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес келетін корпоративтік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдесу бойынша жұмыс жүргізілді. Бұдан басқа, жоғарыда аталған филиалдарға барған кезде қызметкерлерге бірге еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындары, жұмыскерлердің демалатын қаралып тексерілді.
2023 жылы Омбудсмен:
- «Самұрық-Қазына» АҚ Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығы ұйымдастырған «Жұмыскер мен жұмыс берушінің мүдделерін объективті есепке алу негізінде әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге жәрдемдесу» тақырыбында Кәсіподақ көшбасшылары мен корпоративтік омбудсмендердің форумына қатысты.
- Портфельдік компаниялардың омбудсмендерінің, ПК және еншілес ұйымдардың кәсіподақтар төрағаларының, ПК және ЕБҰ IR басшыларының, «Самұрық-Қазына» АҚ Компаниялар тобының ішкі медиаторлардың «Самұрық-Қазына» АҚ Компаниялар тобындағы әлеуметтік-еңбек коммуникациялары жөніндегі форумына қатысты;
- «Самұрық-Қазына» АҚ ПК және ЕБҰ омбудсмендері үшін «Еңбек дауларын реттеудегі келіссөздерді жүргізу әдістері мен оларды ұйымдастыру» тақырыбындағы оқудан өтті.
Қызметкерлердің жүгінулерін қарау тәртібі «KEGOC» АҚ Омбудсмені туралы ережемен реттеледі, оған сәйкес Омбудсмен белгіленген тәртіппен жұмыскерлерден, лауазымды тұлғалардан, ІАҚ басшысынан, Комлпаенс қызметінен жүгінуді қарау үшін қажетті ақпаратты, материалдарды және түсіндірмелерді сұратуға және алуға құқылы. Жүгінуді қарауға қабылдай отырып, 5 (бес) жұмыс күні ішінде арыз берушінің өз құқықтарын қорғау және/немесе Мінез-құлық нормаларының бұзушылықтарын және/немесе Мінез-құлық нормаларын бұза отырып қабылданған шешімдерді немесе әрекеттерді (әрекетсіздікті) жою үшін пайдалануға құқығы бар тәсілдері мен құралдарын түсіндіреді. Сондай-ақ Омбудсмен жүгінуді құзыретіне осындай жүгінулерді шешу жататын Компанияның органдарына беруге міндетті.
2023 жылы «KEGOC» АҚ Омбудсменіне 12 өтініш, соның ішінде «Нысана» Колл-орталығы арқылы және филиалдарға барған кезде жеке қабылдау барысында 8 өтініш түсті. Әрбір өтініш бойынша арыз берушілерге Компанияның ішкі құжаттарында және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жауаптар берілді.
Бұл ретте, адам құқықтарын бұзу фактілері анықталған жоқ, ал 2023 жылы Компания қызметкерлерінің еңбек заңнамасының сақталмағаны үшін талап-арыз берген жағдайлары тіркелген жоқ.
Омбудсмен тоқсан сайын Директорлар кеңесіне Компания қызметкерлері мен лауазымды тұлғаларының барлық өтініштері туралы және олар бойынша қолданылған шаралар туралы есеп береді.