ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП / 2023

Өндірістік қызмет

2-6

2023 жылы «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Бірыңғай электр энергиясын сатып алушы үлгісін енгізуге және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығын іске қосуға қатысты өзгерістер енгізілді.

«Электр энергетикасы туралы» Заңның аясында Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» заңнамасына сәйкес «KEGOC» АҚ электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілеріне олар Бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алу және теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алу-сату операцияларын және теңгерімдеуші электр энергиясы нарығының есеп айырысу орталығымен теріс теңгерімсіздіктерді жүзеге асыру кезінде көрсететін электр энергиясын жеткізу саласына жататын ҰЭТ-ты пайдалану бойынша жаңа қызмет енгізілді.

«KEGOC» АҚ жүйелік қызметтерінің құрылымындағы өзгерістер

«KEGOC» АҚ желілері арқылы электр энергиясын жеткізу, млрд кВт·сағ

2023 жылдың 1 шілдесіне дейін ҰЭТ арқылы электр энергиясын жеткізу бойынша қызметтердің нақты көлемі 31,2 млрд кВт·сағатты құрады, бұл жоспарлы шамалардан 1,42 млрд кВт·сағатқа артық.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен «Электр энергетикасы туралы» Заңына 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы үлгісін енгізуге және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығын іске қосуға қатысты өзгерістер енгізілді.

Осыған байланысты, ҰЭТ арқылы электр энергиясын жеткізу бойынша қызметтер көлемінің құрылымы өзгертілді.

Мысалы, «Электр энергетикасы туралы» Заңның 1-бабының 27-1) тармағына сәйкес, ҰЭТ арқылы электр энергиясын жеткізу бойынша көрсетілетін қызмет — электр энергиясын экспорттайтын және импорттайтын электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілеріне

және электр энергиясының мемлекетаралық транзитінің көлемі үшін басқа мемлекеттердің ұйымдарына, осы ұйымдардың құрамына кіретін объектілер үшін ұлттық электр торабы арқылы электр энергиясын жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалар тобына кіретін ұйымдарға, шартты тұтынушыларға, сондай-ақ ЖЭК-ті пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен екіжақты шарттар жасаған тұтынушыларға жүйелік оператор көрсететін қызмет.

2-6

2023 жылы Ресей — Қазақстан — Қырғызстан бағыты бойынша «KEGOC» АҚ желілері арқылы мемлекетаралық электр энергиясын жеткізу (транзит) жүзеге асырылды. Электр энергиясының транзиті бойынша көрсетілген қызметтердің көлемі 5,2 млрд кВт·сағатты құрады. Бұдан басқа, 1,1 млрд кВт·сағ көлемінде «KEGOC» АҚ желілері арқылы Қазақстан Республикасының энергия жүйесінен Қырғыз Республикасына экспорт жүзеге асырылды.

ҰЭТ-ты пайдалану

ҰЭТ-ты 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап пайдалану, млрд кВт·сағ

2023 жылғы 1 шілдеге дейін ҰЭТ бойынша электр энергиясын беру жөніндегі қызметтердің нақты көлемі


31,2 млрд кВт·сағ


2023 жылы ҰЭТ-ты пайдалану бойынша қызметтердің нақты көлемі


36,0 млрд кВт·сағ

Техникалық диспетчерлендіру

«KEGOC» АҚ-ның техникалық диспетчерлендіруі, млрд кВт·сағ

2023 жылы электр энергиясын желіге босату мен тұтынуды техникалық диспетчерлендіру бойынша көрсетілген қызметтердің нақты көлемі 106,3 млрд кВт·сағатты құрап, 2022 жылғы көрсеткішті 2,0 млрд кВт·сағатқа немесе 1,9%,-ға асып түсті, бұл электр энергиясының импортының артуына байланысты орын алды.

Электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру

Электр энергиясын өндіру мен тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру, млрд кВт·сағ

2023 жылы электр энергиясын өндіруді-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша көрсетілген қызметтердің нақты көлемі 205,4 млрд кВт·сағатты құрап, 2022 жылғы көрсеткіштерден 2,3 млрд кВт·сағатқа немесе 1,1%-ға асып түсті, бұл Қазақстан Республикасының көтерме нарығында электр энергиясын тұтынудың артуымен шартталған.

Электр энергиясын желіге босату мен тұтынуды техникалық диспетчерлендіру бойынша көрсетілген қызметтердің көлемі


106,3 млрд кВт·сағ

Электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қызметтер көлемі


205,4 млрд кВт·сағ

Электр энергиясын сатып алу-сату бойынша операциялар

«Электр энергетикасы туралы» Заңға сәйкес «KEGOC» АҚ қатарлас жұмыс режимдерін басқару және тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша шектес мемлекеттердің энергетикалық жүйелерімен өзара іс-қимыл бойынша Қазақстан Республикасы БЭЖ-дің Жүйелік операторы функциясын орындайды.

Қазақстан Республикасы БЭЖ-де тәулік бойы электр энергиясын тұтыну айқын бірқалыпсыздыққа ие: түнде тұтыну төмендеп, жұмыс күнінің басында артады, және кешкі сағаттарда ең жоғары шамаларға жетеді. Бұл ретте генерациялаушы қуаттардың негізгі үлесін өз технологиясы бойынша базалық режимде жұмыс істейтін (жүктемесін тез өзгерте алмайтын) жылу электр станциялары құрайтын Қазақстан Республикасы БЭЖ-і өз электр станцияларымен ауыспалы тұтыну кестесін толығымен қамти алмайды. Осының салдарынан Қазақстан Республикасы БЭЖ-де электр энергиясын өндіру мен тұтыну арасында теңгерімсіздік пайда болады. Қазақстан Республикасы БЭЖ-де маневрлі өндіруші қуаттардың тапшылығы жағдайы жұмыс істеп тұрған электр станциялары жабдығының авариялық тоқтатылуымен және өндірудің тұрақсыздығымен сипатталатын ЖЭК объектілерін іске қосудың жоғары қарқынымен де күшейтілуде. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы БЭЖ-де жиілікті қолдау және туындайтын теңгерімсіздіктерді қамту Ресей Федерациясы БЭЖ-мен қатарлас жұмыс шеңберінде өзара әрекеттесу арқылы да қамтамасыз етіледі.

2009 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Үкіметтері арасындағы тараптардың электр энергетикалық жүйелерінің қатарлас жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы Келісімге сәйкес «KEGOC» АҚ мен «Интер РАО» ЖАҚ арасында Қазақстан Республикасы БЭЖ-і мен Ресей Федерациясы БЭЖ-і шекарасында электр энергиясы ағынының нақты мемлекетаралық сальдосының жоспардағыдан сағаттық ауытқу көлемдерін өтеу мақсатында жыл сайын электр энергиясын сатып алу-сату шарттары жасалады. Осы Келісімге сәйкес ауытқуларды сатып алу-сатудың қаржылық нәтижесі Ресей Федерациясы энергия жүйесінің Қазақстан Республикасы БЭЖ-інің ауытқуларын физикалық реттеуі үшін әділ төлем болып табылады.

2023 жылы «KEGOC» АҚ электр энергиясы ағынының нақты мемлекетаралық сальдосының Қазақстан БЭЖ-і мен Ресей Федерациясы БЭЖ-і шекарасындағы жоспардағыдан сағаттық ауытқу көлемдерін өтеу мақсатында электр энергиясын сатып алуы 31 116,9 млн теңге сомасына 1 752,8 млн кВт·сағатты (17,75 теңге/кВт·сағ) құрады.

Қазақстан Республикасы БЭЖ-і мен Ресей Федерациясы БЭЖ-і шекарасында электр энергиясы ағынының нақты мемлекетаралық сальдосының жоспардағыдан сағаттық ауытқу көлемдерін өтеу мақсатында, «KEGOC» АҚ электр энергиясын 8 621,9 млн теңге сомасына 1 329,2 млн кВт·сағ (6,49 теңге/кВт·сағ) көлемінде сатуды жүзеге асырды.