ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП / 2023

Басқарма төрағасының жолдауы

2-22
Нәби Еркінұлы Айтжанов
«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы

Құрметті әріптестер, акционерлер, серіктестер, инвесторлар және стейкхолдерлер!

Сіздердің назарларыңызға Компанияның тұрақты дамуға, инновацияларға және акционерлік құнын арттыруға деген ұмтылысын қамтып көрсететін «KEGOC» АҚ-ның 2023 жылға арналған жылдық есебін ұсынып отырмыз.

Өткен жыл «KEGOC» АҚ үшін елеулі сын-тегеуріндердің, жетістіктер мен жаңа мүмкіндіктердің уақыты болды. Бір қуантарлығы, біздің ұжым жоғары кәсібилік пен өз ісіне және Компанияның мақсаттарына бейілділігін көрсетуді жалғастырды.

Өткен жылдың негізгі нәтижелері болып Батыс энергия торабының электр желілерін күшейту бойынша ірі инвестициялық жобаны аяқтау, SPO, нарықтық реформа және ҰЭТ-ты пайдалану бойынша жаңа қызметтің пайда болуы, сонымен қатар Қазақстан Республикасы БЭЖ-інің Оңтүстік аймағын күшейту жобасын іске асыруды бастау және өзге оқиғалар табылды.

Есептік кезеңде «KEGOC» АҚ, жүйелік оператор ретінде Қазақстан Республикасы БЭЖ-інің сапалы жұмысын және еліміздің тұтынушыларын электрмен сенімді жабдықтауды қамтамасыз етуді жалғастырды. 2023 жылы елімізде электр энергиясын тұтыну 115,1 млрд кВт•сағатты құрады, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 1,9%-ға артық. Бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 16,7 млрд теңгеге немесе 62,6%-ға жоғары болатын Компанияның 43,4 млрд теңге деңгейіндегі таза пайданың алуына әсерін тигізді.

«KEGOC» АҚ екі отандық қор нарығында SPO жүргізді, нәтижесінде «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тиесілі акциялардың үлесі 85%-ға дейін азайды. SPO барысында сұраныс жоспарланған орналастыру көлемінен 1,5 еседен астам артып кетті, бұл инвесторлар тарапынан Компанияға деген жоғары қызығушылық пен сенімді білдіреді.

Қазақстан Республикасының БЭЖ тұтынушыларын электрмен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында «KEGOC» АҚ ҰЭТ-ты дамыту бойынша бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды жалғастырды.

2023 жылдың қарашасында Компания Қазақстан Республикасы БЭЖ-і Батыс аймағының электр желісін күшейту жобасын ойдағыдай аяқтады, «Батыс Қазақстан энергия торабы — Атырау — Маңғыстау» бағыты бойынша желілердің өткізу қабілеті екі еседен астам өсті. Дер кезінде қабылданған шаралардың арқасында өңірде энергиямен жабдықтау сенімділігі айтарлықтай артып, Батыс аймақты Қазақстан Республикасының БЭЖ-імен одан әрі біріктіру үшін негіз қаланды.

«KEGOC» АҚ тоғыз филиалының үшеуінде 220-500 кВ желілерін жаңғырту аяқталды. Реконструкциялау жалғасуда және «KEGOC» АҚ-ның барлық өндірістік филиалдарындағы электр жеткізу желілерін қамтитын болады. Алдағы сегіз жылда ұзақ мерзімі пайдаланылатын электр жеткізу желілері жаңартылып, ресурстық мерзімдер кемінде 30 жылдық перспективаға ұзартылады.

Біз «Қазақстан Республикасы БЭЖ-і Оңтүстік аймағының электр желісін күшейту» жобасын жүзеге асыруға кірістік. Жоба Жамбыл және Түркістан облыстарының 500 кВ электр желілерін күшейту, соның ішінде 3 қосалқы станциясын тиісті кеңейтумен бірге 500 кВ Шу — Жамбыл — Шымкент әуе желісін салу арқылы оңтүстік энергетикалық аймақтағы тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға бағытталған.

023 жылғы 7 маусымда «Astana Finance Days» конференциясы аясында «Green Finance Awards 2023» марапаттарды табыстау рәсімінде «KEGOC» АҚ 2022 жылғы «жасыл» облигациялардың ең ірі шығарылымы үшін «Ең ірі қаржылық емес корпоративтік жасыл облигация» номинациясында сыйлық алды. Бұл сыйлық Компанияның жасыл экономикаға көшуді қаржыландыру және табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану жөніндегі жұмысына берілген жоғары баға болды. Облигациялық бағдарлама біздің Компаниямызға ЖЭК-тен энергияны тасымалдаудың желілік инфрақұрылымын дамыту және электр энергиясын жеткізу тиімділігін арттыру сияқты стратегиялық жобаларды іске асыру үшін қосымша инвестициялар тарту мақсатында капитал нарығында «жасыл» облигацияларды орналастыруға мүмкіндік береді.

Біздің басымдығымыз — тұрақты қаржылық даму ғана емес, сонымен қатар біздің команданың әрбір мүшесі өз әлеуетін аша алатын және жалпы табысқа үлес қоса алатын қолайлы жұмыс ортасын құру.

2023 жылы өндірістік персоналын қолдауға ерекше назар аудара отырып, Компания қызметкерлерінің әл-ауқатын арттыру бойынша елеулі жұмыс жүргізілді. Жалақы өсіп, тұрғын үйді сатып алуды жеңілдетілген несиелендірудің кезекті кезеңі іске асырылды, сонымен қатар қызметкерлерді әлеуметтік қолдау бойынша бірқатар жеңілдіктер мен артықшылықтар қамсыздандырылды.

«Smart Grid» зияткерлік энергетикалық жүйесін құру шаралары ретінде Компания заманауи зияткерлік цифрлық технологияларды жоспарлы түрде енгізуде. «Энергия ауысу жағдайында Қазақстан Республикасының БЭЖ-інің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету» стратегиялық мақсаты шеңберінде Қазақстан Республикасы БЭЖ-ін басқарудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін SCADA/EMS жүйесін жаңғырту және WAMS жүйесін кеңейту жөніндегі жобаларды іске асыру жалғасуда. Сонымен қатар, есептік жылы бизнес-процесстерді автоматтандыру және цифрландыру шеңберінде роботтандыру және BI жүйелері табысты енгізіліп, HCM кадрлық іс жүргізудің автоматтандырылған порталы іске қосылды.

Процесстерді оңтайландыру, еңбек жағдайларын жақсарту, сонымен қатар еңбекті қорғау процестерін нақты бақылау «KEGOC» АҚ қызметкерлерінің өндірістік қауіпсіздік көрсеткіштері мен жеке тиімділігін арттыруға жағдай туғызды.

Бізге көрсетілген сенім мен қолдауларыңыз үшін алғысымды білдіремін. Сонымен қатар, біз серіктестерімізге бірлесе атқарған табысты қызметіміз үшін және бейілділіктері және кәсібиліктері үшін ұжымызға ризамыз.

Компанияның 2023 жылғы таза пайдасы


43,4 млрд теңге