5
Корпоративтік басқару
Компанияны басқару құрылымы
«KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес:
- органдар арасындағы міндеттерді нақты бөлуге негізделген тиімді корпоративтік басқару жүйесі;
- акционерлердің құқықтарын қорғау және сақтауды қамтамасыз ету;
- акционерлер үшін тең жағдайлар;
- тұрақты даму және мүдделі тараптарды корпоративтік басқарудағы рөлі;
- ақпаратты ашу және айқындық;
- «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мен Басқармасының тиімділігі корпоративтік басқару қағидаттары болып табылады.

«KEGOC» АҚ-ның басқару құрылымы

2-9
Акционерлік капитал
2023 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күйі бойынша Компанияның жарияланған және орналастырылған жай акцияларының саны — 275 294 118 дана, соның ішінде:
- «Самұрық-Қазына» АҚ тұлғасындағы ірі акционерге 234 000 001 акция (85%) тиесілі;
- 18 924 407 акция (6,87%) «БЖЗҚ» АҚ-ға тиесілі;
- 22 368 320 акция (8,13%) миноритарлық акционерлерге тиесілі;
- қалған 1 390 дана акцияны (0,0005%) «KEGOC» АҚ сатып алған.
2-1
2023 жылы бойы акциялар мен Компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан да көп пайызына иелік ететін акционерлер бойынша айтарлықтай мәмілелер мен өзгерістер орын алған жоқ.
2023 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша «KEGOC» АҚ акционерлерінің құрылымы

2023 жылғы «KEGOC» АҚ акцияларының сауда-саттық көлемінің динамикасы, млн теңге
