Кәсіби даму
2023 жылғы 23 ақпанда Компанияда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің, Басқарма мүшелерінің, басқарушы директорларының және «Самұрық-Қазына» АҚ қатысуымен келесі мәселелерді қамтыған стратегиялық сессия өткізілді:
- «Қазақстан Республикасының электр энергетикасының перспективалық дамуы. 2035 жылға дейінгі электр энергиясы теңгерімін әзірлеу»;
- «Электр энергетикасы туралы заңнамадағы негізгі өзгерістер: Қазақстан Республикасында «Бірыңғай сатып алушы» үлгісін және нақты уақыт режимінде теңгерімдеуші нарықты енгізу»;
- «Электр энергетикасындағы соңғы өзгерістерді ескере отырып, Компанияның даму стратегиясын жаңарту»;
- «KEGOC» АҚ-ның цифрлық дамуы»;
- «KEGOC» АҚ-ның SPO-сы».
2023 жылғы 31 наурызда Директорлар кеңесінің Түркістан қаласындағы көшпелі отырысында «Самұрық-Энерго» АҚ-ның, «ЭҚРҚО» АҚ-ның және «ЖЭК жөніндегі ҚЕО» ЖШС-ның қатысуымен «Электр энергетикасы туралы заңнамадағы негізгі өзгерістер: Бірыңғай сатып алушы институтын енгізу және нақты уақыт режимінде теңгерімдеуші нарықтың жұмыс істеуі» тақырыбындағы стратегиялық сессия өткізілді.
2023 жылғы 22 қыркүйекте Директорлар кеңесінің мүшелері үшін «Қазақстан Республикасының электрэнергетикалық саласын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» тақырыбындағы семинар өтті.
2023 жылғы 19 қазанда Директорлар кеңесінің мүшелері Өзбекстан Республикасында, Ташкент қаласында «Мемлекет, Бизнес және Директорлар кеңестері: жаңа экономикадағы сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» тақырыбындағы өткен Жібек жолы елдері директорларының екінші жыл сайынғы Бизнес-саммитіне қатысты.
2023 жылғы 12 және 19 желтоқсанда Директорлар кеңесінің мүшелері үшін «АТ аудитінің негіздері» және «ESG негіздері» тақырыптарындағы семинарлар өткізілді.