ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП / 2023

Мүдделер қайшылығы

«KEGOC» АҚ Іскери этика кодексіне және Мүдделер қайшылығын реттеу саясатына сәйкес, жұмыскердің, лауазымды тұлғаның және Компанияның жеке мүдделері арасында қайшылықтардың болмауы, ал мұндай қайшылықтар болған жағдайда — оларды дер кезінде анықтап реттеу жұмыскердің өзінің лауазымдық міндеттерін тиімді орындауының қажетті шарттарының бірі болып табылады. KEGOC» АҚ-ның барлық жұмыскерлері мен лауазымды тұлғалары өздерін өздеріне де (немесе өздеріне байланысты тұлғаларға да), басқаларға да қатысты мүдделер қайшылығы туындауы мүмкін жағдайға жол бермейтіндей ұстаулары тиіс.

Компанияның лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлері 2023 жылы мүдделер қайшылығына жол берген жоқ:

  • жеке қызығушылық олардың өз міндеттерін лайықты орындауларына әсер етуі мүмкін болған жағдайлар орын алған жоқ;
  • бейтарап шешім қабылдауға әсер ететін немесе әлеуетті әсер етуі мүмкін мүдделер қайшылығы жағдайлары орын алған жоқ;
  • мүдделілігі бар лауазымды тұлғалар мұндай шешімдерді талқылауға және қабылдауға қатысқан жоқ.

Превентивтік (алдын алу) шарасы ретінде «KEGOC» АҚ лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлерінің мүдделер қайшылығын реттеу жөніндегі саясатқа 2023 жылы толықтыру енгізіліп, әлеуетті мүдделер қайшылығын ашу туралы декларацияның нысаны бекітілді. 2023 жылы Директорлар кеңесінің құзыретіне жататын мүдделілікпен мәмілелер жасауға қатысты мәселелерді талқылауға және дауыс беруге тек тәуелсіз директорлар ғана қатысқан болатын, бұл туралы Директорлар кеңесі отырыстарының хаттамаларына тиісті жазбалар енгізілді. Есепті жылы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ филиалдары және «Батыс транзит» АҚ арасында жалпы сомасы 335,9 млн теңгені құрайтын жабдықты пайдалану және оған техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға 3 (үш) келісімге қол қою арқылы мүдделілік бар мәмілелерді жасау туралы шешім қабылдады.

2023 жылы ірі мәмілелер жасалған жоқ.

2-15