Қаржылық-экономикалық көрсеткіштердің талдауы
2023 жылғы кірістер мен шығыстардың нақты көрсеткіштерін талдау, млн теңге
2023 жылғы кірістер мен шығыстардың нақты көрсеткіштерінің 2022 жылғы нақты көрсеткіштерімен талдауы, млн теңге
Қаржылық-экономикалық көрсеткіштердің серпіні, млрд теңге
Коэффициенттерді талдау
2023 жылдың қорытындысы бойынша ROACE көрсеткіші 2022 жылғы деңгеймен салыстырғанда пайыздық тармаққа, атап айтқанда: түзетілген пайданың (NOPAT) 18,07 млрд теңгеге артуы салдарынан 2,179 пайыздық тармаққа, сондай-ақ орташа іске қосылған капиталдың (ACE) 29,54 млрд теңгеге төмендеуі нәтижесінде 0,148 пайыздық тармаққа өсті.
2023 жылдың қорытындысы бойынша 2022 жылмен салыстырғанда реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі мен тарифтерінің өзгеруі (+17,255 млрд теңге) есебінен, электрэнергетикалық нарық жұмысының жаңа механизмін енгізу нәтижесінде электр энергиясы ағындарының нақты мемлекетаралық теңгеріміндегі ауытқулар сағаттық көлемдерін өтеу мақсатындағы электр энергиясын сатып алу-сату операциясынан орын алған шығындарының 8,797 млрд теңгеге азаюы салдарынан EBITDA көрсеткіші 5,630 млрд теңгеге артты. Сондай-ақ, көрсеткіштің өзгеруіне мына фактілер де әсерін тигізді:
- шегерімдердің ескере отырып, еңбекақы төлеуге жұмсалған шығындардың 6,451 млрд теңгеге артуы;
- электр энергиясының орташа сатып алу бағасының өсуі және өзге де факторлар нәтижесінде 10,842 млрд теңге сомасына технологиялық электр энергиясының шығысы (ысырабы) бойынша шығыстардың ұлғаюы.
2023 жылы қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері мен ковенанттар бойынша нормативтер бұзылған жоқ.
Жасалған және бөлінген экономикалық құн
«KEGOC» АҚ қызметінің экономикалық құрамдас бөлігі Компанияның өзі үшін де, мемлекет экономикасы үшін де үлкен стратегиялық маңызға ие, және «KEGOC» АҚ акционерлері мен инвесторлары үшін ұзақ мерзімді құндылықты арттыруға бағытталған.
Бизнес-жоспар мен бюджеттерді (соның ішінде Компания объектілерін салу, реконструкциялау және жаңғырту жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған күрделі қаржы салымдары жоспарын) қалыптастыру және бекіту рәсімдері «KEGOC» АҚ Бизнес-жоспары (Даму жоспарын) мен Бюджеттерін әзірлеу, үйлестіру, бекіту, түзету, орындау және орындалуын мониторингілеу қағидаларымен регламенттеледі. Іс-шаралар жоспары (Бизнес-жоспар) шоғырландырылған түрде жасалады, яғни ол еншілес ұйымдардың сырғып отыратын негізде 5-жылдық кезеңге арналған жоспарларын қамтиды. Іс-шаралар жоспарын (Бизнес-жоспарды) жүзеге асыру үшін жылдық бюджет бекітіледі. Бизнес-жоспардың орындалуына мониторингті «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі тоқсан сайын жүзеге асырып тұрады.
Экономикалық құнды бөлу, млн теңге
2021 | 2022 | 2023 | |
---|---|---|---|
Жалпы капиталдандыру | 908 336,27 | 809 916,87 | 849 254,52 |
меншікті капитал | 737 136,82 | 653 565,16 | 685 719,13 |
қарыз капиталы | 171 199,45 | 156 351,70 | 163 535,39 |
Мемлекеттен алынған қаражат | - | - | |
Жасалған экономикалық құн | 199 424,10 | 227 003,95 | 263 910,63 |
негізгі қызметтен түскен кірістер | 186 443,14 | 217 255,55 | 252 136,38 |
қаржылай кірістер | 5 368,22 | 5 726,12 | 7 576,47 |
өзге де кірістер | 7 612,74 | 4 022,29 | 4 197,78 |
Бөлінген экономикалық құн: | 201 789,23 | 217 270,65 | 253 879,87 |
еңбекақы төлеу шығыстары | 23 672,49 | 26 755,43 | 33 272,86 |
салықтар және мемлекеттік бюджетке түсетін алымдар бойынша шығыстар | 14 047,26 | 18 026,52 | 21 610,03 |
капитал өнім берушілеріне төлемдер | 53 200,01 | 30 309,24 | 47 075,04 |
қайырымдылық және демеушілік көмек* | - | - | |
өзге операциялық шығындар | 99 492,06 | 136 625,19 | 148 327,37 |
өзге операциялық емес шығындар* | 11 377,43 | 5 554,26 | 3 594,57 |
Тоқтатылған қызметтен түскен бір жылдағы салық салынғаннан кейінгі пайда | 13 471,47 | - | |
Таратылатын экономикалық құн | 11 106,33 | 9 733,30 | 10 030,77 |
Теңгерімді талдау
«KEGOC» АҚ экономикалық теңгерімінің көрсеткіштері, млн теңге
Көрсеткіш | 2019 | 2020 | 2021 | 2022 | 2023 | 2023/2022 |
---|---|---|---|---|---|---|
Айналымнан тыс активтер | 659 175,9 | 695 192,5 | 1 019 820,4 | 873 932,8 | 881 414,5 | 101% |
Айналымдағы активтер | 97 111,0 | 116 820,1 | 73 396,9 | 112 679,4 | 120 370,5 | 107% |
Активтер жиыны | 756 987,7 | 812 012,6 | 1 093 217,3 | 986 612,2 | 1 001 785,0 | 102% |
Капитал | 481 838,0 | 502 556,5 | 737 136,8 | 653 565,2 | 685 719,1 | 105% |
Ұзақ мерзімді міндеттемелер | 230 808,2 | 239 766,9 | 310 396,6 | 273 569,6 | 277 539,5 | 101% |
Қысқа мерзімді міндеттемелер | 44 341,5 | 69 689,2 | 45 683,9 | 59 477,4 | 38 526,4 | 65% |
Міндеттемелер жиыны | 275 149,7 | 309 456,1 | 356 080,5 | 333 047,0 | 316 065,9 | 95% |
Капитал және міндеттемелер жиыны | 756 987,7 | 812 012,6 | 1 093 217,3 | 986 612,2 | 1 001 785,0 | 102% |
2023 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша Компанияның активтері 1 001 785,0 млн теңгені құрады және 2022 жылмен салыстырғанда 1,5%-ға өсті.
Ұзақ мерзімді активтер теңгерім құрылымның 88,0%-ын құрайды, олар көбінесе негізгі құралдармен ұсынылған. 2023 жылдың қорытындысы бойынша ұзақ мерзімді активтер 0,9%-ға немесе 7 481,7 млн теңгеге аздап өсіп, 881 414,5 млн теңгені құрады.
Қысқа мерзімді активтер теңгерімнің 12,0%-ын құрайды. 2023 жылы олар 6,8%-ға (немесе 7 691,1 млн теңгеге) өсіп, жыл соңында 120 370,5 млн теңгені құрады. Өсім Бірыңғай электр энергиясын сатып алушы моделін енгізуге байланысты электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының іске қосылуына қатысты энергетика саласындағы кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулардың күшіне енуіне, сондай-ақ ақшалай қаражат пен оның баламаларының өсуіне байланысты сауда дебиторлық берешегінің ұлғаюымен шартталған. Бұл ретте қысқа мерзімді активтердің өсуі «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 30 000 млн теңге сомасындағы купондық облигацияларын өтеу нәтижесінде ағымдағы қаржы активтерінің төмендеуімен ішінара тегістелді.
Капитал 2023 жылдың аяғында 685 719,1 млн теңгені құрайды — 2022 жылға қарай 4,9%-ға немесе 32 153,9 млн теңгеге «KEGOC» АҚ SPO шеңберінде жүзеге асырылатын жай акцияларды қайталама орналастыру және бөлінбеген пайданың өсуі нәтижесінде қалыптасқан. Теңгерім құрылымындағы капиталдың үлесі 68,4%-ды құрады.
Міндеттемелер жыл қорытындысы бойынша 316 065,9 млн теңгені құрады — 2022 жылмен салыстырғанда 5,1%-ға немесе 16 981,2 млн теңгеге азайды. Міндеттемелердің 87,8%-ы ұзақ мерзімді, 12,2%-ы қысқа мерзімді болып табылады. Өзгеріс негізінен 2022 жылдың 1-жартыжылдығындағы дивидендтер бойынша төленетін міндеттемелердің 17 014,3 млн теңгеге азаюына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінен алынған 10 000,00 мың АҚШ доллары сомасындағы несиенің бір бөлігін мерзімінен бұрын ішінара өтелуіне, табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған кредиттік міндеттеменің 4 328,6 млн теңгеге төмендеуімен шартталды. Сонымен қатар 2023 жылғы 30 наурызда 16 000 млн теңге сомасына «жасыл» облигацияларды тарту есебінен ұзақ мерзімді міндеттемелердің ұлғаюы орын алады.
Валюталық тәуекелді, борыштық жүктемені және шетел валютасындағы кредиттерге қызмет көрсету шығыстарын азайту мақсатында «KEGOC» АҚ 2023 жылғы қыркүйекте Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінен 1 010,0 млн АҚШ доллары сомасында алынған қарызды мерзімінен бұрын толық өтеуді жүзеге асырды. 2009 жылы 25 жылдық мерзімге «Мойнақ ГЭС қуатын беру схемасы» инвестициялық жобасын іске асыру үшін кредиттік желі бойынша 48 000 мың АҚШ доллары көлемінде қаражат тартылды. Нәтижесі — таза валюталық міндеттемелердің 26,836 миллион АҚШ долларынан 14,599 миллион АҚШ долларына дейін төмендеуі, сондай-ақ валюталық позициялардың өзгеруі нәтижесіндегі бағамдық айырма бойынша залалдың азаюы.
Тұрақты қаржылық нәтижелілік Компанияға негізгі стейкхолдерлердің алдындағы міндеттемелерін дер кезінде және толық көлемде орындауға мүмкіндік береді:
- жұмыскерлерге еңбекақы төлеу және әлеуметтік қолдау көрсету бойынша;
- акционерлерге дивидендтер төлеу бойынша;
- инвестициялық жобаларды іске асыру және ҰЭТ сапасы мен сенімділігін арттыру бойынша;
- өнім берушілермен ждер кезінде есеп айырысу бойынша;
- салықтарды төлеу бойынша.
«KEGOC» АҚ-ның пайдалылық көрсеткіштері, млрд теңге
3-мақсатты жүзеге асыру индикаторлары
ҚНК атауы | 2019 факт | 2020 факт | 2021 факт | 2022 факт | 22023 мақсат* | 2023 факт |
---|---|---|---|---|---|---|
TSR (акционердің жалпы табыстылығы), % | индикатор 2021 жылдың желтоқсанында белгіленген | -10,7 | 7,06 | 3,44 | ||
EBITDA, млрд теңге | 88,5 | 108,4 | 93,9 | 102,5 | 102,6 | 108,1 |
* Жоспарлы мәндер 2023-2027 жылдарға арналған бизнес-жоспармен белгіленген.
TSR көрсеткішінің нақты мәніне Компанияның 2023 жылы акциялар бағасының 1 акцияға шаққанда жоспарланған 1 552 теңгеден 1 482 теңгеге дейін төмендеуі әсерін тигізді, бұл ретте Компания 1 акцияға шаққанда жоспарланған 1 акцияға шаққандағы 182,23 теңгеге қарсы 193,76 теңге дивиденд төледі. EBITDA көрсеткішінің өсуіне беру көлемінің өсуі және реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтердің өсу факторлары әсерін тигізді.