Тарифтік саясат
«KEGOC» АҚ қызметі «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі. Оған сәйкес «KEGOC» АҚ көрсететін мынадай қызметтер табиғи монополия саласына жатады:
- ҰЭТ желілері арқылы электр энергиясын жеткізу;
- ҰЭТ-ты пайдалану;
- электр энергиясын желіге босату мен тұтынуды техникалық диспетчерлендіру;
- электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру.
«KEGOC» АҚ өзі құрылған сәттен бастап реттелетін қызметтердің тарифтік саясатын жетілдіру бойынша жұмысты дәйекті түрде жүзеге асыруда, тарифтік саясатты жетілдіру бойынша тиісті ұйымдардың жұмысына белсенді қатысуда.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «KEGOC» АҚ-да Табиғи монополияларды реттеу комитетіне табиғи монополиялар саласына жататын реттеліп көрсетілетін қызметтер тарифтерін бекітуге (қайта қарауға) өтінімдерді беру жөніндегі жұмыс жүзеге асырылады.
Компанияның тарифтері «шығындар плюс тіркелген пайда» әдісі бойынша белгіленеді. Оған сәйкес Компания белгілі бір уақыт кезеңіне тариф қалыптастыру мақсатында операциялық және қаржылық шығыстардың тиісті бағалауларына және капитал табыстылығының әділ нормасына сүйенеді.
2013 жылы «KEGOC» АҚ тарифтердің шекті деңгейлерін бекітуге көшті. Тарифтердің шекті деңгейлерін есептеу қағидаттары тарифтердің шекті деңгейлері қатарынан бірнеше жыл мерзімге бекітілетінін қоспағанда, жыл сайынғы тарифтердің есептелуіне ұқсас. Тарифтердің шекті деңгейлері Компанияға өз мүмкіндіктерін ұзақ мерзімге жоспарлауға жағдай туғызады, ал акционерлер Компания туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік алады.
«KEGOC» АҚ «Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы» механизмін және теңгерімдеуші электр энергиясы нарығын енгізуге байланысты «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап беру саласында ҰЭТ арқылы электр энергиясын жеткізу және ҰЭТ-ты пайдалану бойынша екі қызмет көрсетеді.
Осы өзгерістерді жаңарту мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің шешімімен (2023 жылғы 3 шілдедегі № 92-НҚ бұйрығы) 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін «KEGOC» АҚ-ның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтер мен тарифтік сметаларға өзгерістер бекітілді:
«KEGOC» АҚ-ның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтік өзгеріс
Теңге/ кВт·сағ | 01.10.2022- 30.06.2023 ж. |
01.07.2023- 30.09.2023 ж. |
01.10.2023- 30.09.2024 ж. |
01.10.2024- 30.09.2025 ж. |
01.10.2025- 30.09.2026 ж. |
---|---|---|---|---|---|
ҰЭТ арқылы электр энергиясын жеткізу бойынша қызмет | 2,848 | 2,935 | 3,381 | 3,492 | 3,564 |
ҰЭТ-ты пайдалану бойынша қызмет | - | 1,651 | 1,943 | 2,002 | 2,056 |
Электр энергиясын желіге босату мен тұтынуды техникалық диспетчерлендіру бойынша қызмет | 0,314 | 0,320 | 0,339 | 0,351 | 0,356 |
Электр энергиясын өндіруді-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша қызмет | 0,102 | 0,057 | 0,060 | 0,064 | 0,066 |
«KEGOC» АҚ-ның өтініші негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 133-НҚ бұйрығы арқылы «KEGOC» АҚ-ның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне 2-ші реттелетін кезеңге (2022 жылғы 1 қазаннан бастап 2023 жылғы 30 қыркүйекті қоса алғанда) тарифтік сметаларды түзетуді бекітті.
2023 жыл ішінде «KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің 2«KEGOC» АҚ-ның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне өтемдік тарифтерді 022 жылғы 1 маусымнан бастап 2023 жылғы 31 мамырды қоса алғанда қолданысқа енгізе отырып, бекіту бойынша 2022 жылғы 22 сәуірдегі № 67-НҚ бұйрығын даулау бойынша сот талқылауын жалғастырды.
Қолданыстағы заңнаманың ережелеріне сәйкес сот талқылауы кезеңіне осы бұйрықтың қолданылуы тоқтатылды.
Нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес мақсаты тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін күшейту, тұтынушылар мен басқа да мүдделі тұлғалар алдында қызметтің айқындығын қамтамасыз ету болып табылатын реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету жөніндегі іс-әрекет туралы жыл сайынғы есептік тыңдауларды өткізу ескерілген.