Сатып алу тәжірибесі
Компанияда ақпараттық ашықтық, айқындық, тең құқықтылық және адал бәсекелестікті дамыту қағидаттарына негізделген тиімді сатып алу жүйесі құрылған.
2023 жылы «KEGOC» АҚ-да сатып алу қызметі «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесі бекіткен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның және дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы «Самұрық-Қазына» АҚ-ға меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығында тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың сатып алуды жүзеге асыру тәртібіне сәйкес жүзеге асырылған.
Сатып алу қызметінің басымдықтары:
- «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары тобындағы сатып алынатын тауарларды шығаратын мүгедектер ұйымдарының тізіліміне енгізілген мүгедектер ұйымдарынан (жеке тұлғалар-кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын мүгедектер) тауарларды сатып алу;
- тауарларды «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары тобының Тауар өндірушілері тізілімінде тұратын сатып алынатын тауарлардың тауар өндірушілерінен сатып алу;
- сатып алуды білікті әлеуетті өнім берушілер арасында жүзеге асыру.
Сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушілердің алдын ала біліктілік іріктеу үлгісі, яғни сауалнама жүргізу және аудит арқылы жүзеге асырылатын әлеуетті өнім берушілердің жоғарыда көрсетілген тәртіпке сәйкес белгіленетін біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау процесі қолданылады.
Алдын ала біліктілік іріктеуін жүргізген кезде әлеуетті өнім берушілер келесі критерийлер бойынша бағаланады:
- құқықтық құрамдас;
- әлеуетті өнім берушінің шарттық жұмысын ұйымдастыру;
- әлеуетті өнім берушінің ресурстары;
- тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің сапасын қамтамасыз ету;
- жобалар мен тәуекелдерді басқару; еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау;
- қоршаған ортаны қорғау және т.б.
Сондай-ақ, сатып алу рәсімдерін өткізген кезде «KEGOC» АҚ сатып алынатын тауарларды өндірушілерді қолдау тәртібінде ескерілген шараларды қолданды.
Келесі жағдайларда әлеуетті өнім берушілердің Компания жүргізетін сатып алуларға қатысуға құқығы жоқ:
- әлеуетті өнім беруші немесе оның қосалқы мердігері (бірлесіп орындаушы), немесе консорциумге қатысушы мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде және (немесе) сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде және (немесе) «Самұрық-Қазына» АҚ-ның сенімсіз әлеуетті өнім берушілері тізілімінде және (немесе) банкрот деп тану туралы сот шешімі күшіне енген борышкерлер тізімінде болса;
- әлеуетті өнім беруші және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) және (немесе) олардың басшысы және (немесе) құрылтайшылары (акционерлері) терроризмді және экстремизимді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне немесе «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген;
- әлеуетті өнім беруші және (немесе) ол тартқан қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) және (немесе) олардың құрылтайшылары (акционерлері) тіркелген орны салық және бюджетке міндетті төлемдер түсімдерін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен жеңілдікті салық салынатын мемлекеттер тізбесіне енгізілген мемлекет немесе аумақ болып табылатын заңды тұлғалар болып табылады.
Осыған байланысты, сатып алу рәсімдерін өткізген кезде әлеуетті өнім берушілер Тәртіппен белгіленген шектеулердің болуына немесе болмауына тексеріледі.
Сондай-ақ, әлеуетті өнім берушілердің сатып алуды ұйымдастырушының немесе тендерлік комиссияның, сатып алу жөніндегі сараптау комиссиясының әрекетіне (әрекетсіздігіне) берген өтініштері/шағымдары қаралады. Қарау нәтижелері бойынша өтініштерде/шағымдарда келтірілген дәлелдерді растау/растамау туралы шешімдер қабылданады.
Өнім берушілермен өзара іс-қимылдың ыңғайлылығы үшін сатып алу рәсімдері «Самұрық-Қазына» АҚ электрондық сатып алу порталы (www.zakup.sk.kz)рқылы жүзеге асырылады. Бұл тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өнім берушілердің көбірек санын және сатып алу қызметінің тиімділігін арттыруға септігін тиігзетін бәсекелі ортаны тартуды қамтамасыз етеді.
«Самұрық-Қазына» АҚ сатып алу порталында (www.zakup.sk.kz) сондай-ақ, «KEGOC» АҚ сайтындағы (www.kegoc.kz) «Сатып алу» бөлімінде «KEGOC» АҚ Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жаңартылған жылдық жоспары және Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың ұзақ мерзімді жоспары жарияланады.
«KEGOC» АҚ 2023 жылы іске асырған сатып алулар, млн теңге
«KEGOC» АҚ | «Энергоинформ» АҚ | Барлығы | |
---|---|---|---|
Тауарлар (жақын шетелден, соның ішінде Ресей Федерациясы мен Қырғыз Республикасынан) жеткізілетін электр энергиясын қоспағанда) | 16 770 | 497,38 | 17 267,38 |
Жұмыстар | 5 510 | 43,47 | 5 553,47 |
Қызметтер | 6 313 | 463,56 | 6 776,56 |
Электр энергиясы | 25 657 | 37,54 | 25 694,54 |
ЖИЫНЫ: | 54 252 | 1 041,95 | 55 291,95 |
Тұрақты даму және ESG қағидаттарына, БҰҰ-ның Жаһандық шартының ережелеріне және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына сәйкестік рухында өз қызметін жүзеге асыруда Өнім берушілерге қолдау көрсету үшін Компания өнім берушілермен жасалған шарттардың ажырамас бөлігіне айналған «KEGOC» АҚ өнім берушілерінің мінез-құлық кодексін әзірледі.
Компанияның барлық өнім берушілері «KEGOC» АҚ-мен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болу үшін осы Кодексті сақтауға міндетті. Кодекске сәйкес Компанияның өнім берушілері келесі талаптарды сақтайды:
- өз қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермейді;
- Компаниямен жасалған шарттар бойынша өз жұмыскерлеріне, өкілдеріне және қосалқы мердігерлеріне коммерциялық парақорлық және сыбайлас жемқорлық сипаттағы басқа да әрекеттер жасауға тыйым салады;
- заңсыз мәжбүрлі еңбектің барлық түрлерін болдырмайды;
- балалар еңбегін болдырмайды;
- кез келген кемсітушілікті, соның ішінде жұмысқа орналастыру және еңбек қызметіне қатысты кемсітуді болдырмайды;
- жұмыскерлердің жұмыс уақыты мен демалысына қатысты нормативтік құқықтық актілерді сақтайды;
- жалақының ең төменгі мөлшеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді сақтайды;
- еңбек заңнамасын сақтайды.
Кодексте Компанияның өнім берушілерінің келесі қағидаттарды ұстануы жөніндегі нормалар қамтылған:
- Жұмысқа орналастырудың әділ тәжірибесі;
- Этикалық қағидаттар;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі талаптар;
- Өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау;
- Қоршаған ортаны қорғау;
- Деректердің құпиялылығы және қауіпсіздігі.
«KEGOC» АҚ ұзақ мерзімді немесе қысқа мерзімді перспективада пайданы барынша ұлғайтуға негізделе отырып, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәсілдерін оңтайландыруға бағытталған және өткен кезеңдердің шығыстарына, болашақ қажеттілікке, жеткізілім нарығына және бизнес талаптарына жүргізілген талдау нәтижелері негізінде жасалған қорытындыларды қамтитын «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алу санаттық стратегияларын (ССС) іске асыру бойынша жұмыс жүргізеді.
2023 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ деңгейінде «IT жабдығы» мен «Арнайы киім» санаттары бойынша ССС іске асырылды.
Қызметтерді жеткізушілердің 2023 жылғы көрсеткіштері
Жеткізушілер — тізілім (АБІ) | 3 |
соның ішінде: | |
ССС аясында | 3 |
ССС аясынан тыс | 3 |
шарт бойынша жалпы сома | 265 833 912 |
Өнім берушілер — тізілімге емес (АБІ) | 0 |
соның ішінде: | |
ССС аясында | 0 |
ССС аясынан тыс | 0 |
шарт бойынша жалпы сома | 0 |
Жеткізушілер — тізілім (СБЖТ) | 3 |
соның ішінде: | |
ССС аясында | 3 |
ССС аясынан тыс | 0 |
шарт бойынша жалпы сома | 198 803 935 |
Өнім берушілер — тізілімге емес (СБЖТ) | 1 |
соның ішінде: | |
ССС аясында | 1 |
ССС аясынан тыс | 0 |
шарт бойынша жалпы сома | 646 685 |
2023 жылы «KEGOC» АҚ-та тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудағы елішілік құндылықтың үлесі 67%-ды құрады, соның ішінде: тауарларда (жақын шетелдің электр энергиясын есепке алмағанда) 70%-ды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуда 65%-ды құрады. «Энергоинформ» АҚ-да тауарларды сатып алуда елішілік құндылықтың үлесі 21,52%-ды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуда 97,3%-ды құрады.