ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП / 2023

Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеп айқындайды. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік уәкілетті орган болып табылады. Электр энергетикасы саласындағы қадағалауды және бақылауды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті мемлекеттік органы жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті мемлекеттік монополия саласына жататын қызметті (соның ішінде табиғи монополия субъектісі ретінде «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) акционерлік қоғамының («KEGOC» АҚ) қызметін) бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

Қазақстан Республикасы электр станцияларының жалпы белгіленген қуаты 2024 жылғы 1 қаңтарға


24 641,9 МВт

Қазақстан Республикасы электр станцияларының қолда бар қуаты 2024 жылғы 1 қаңтарға


18 354,9 МВт

Сала құрылымы

Қазақстан Республикасының БЭЖ-і — бұл электр станцияларының, ЭЖЖ және ҚС жиынтығы. Қазақстан Республикасының электр энергетикасына келесі секторлар кіреді:

  • электр энергиясын өндіру
  • электр энергиясын жеткізу;
  • электр энергиясымен жабдықтау;
  • электр энергиясын тұтыну;
  • электр энергетикасы саласындағы басқа да қызмет.

Электр энергиясын өндіру секторы

Қазақстан Республикасында электр энергиясын өндіруді әртүрлі меншік нысанындағы 222 электр станциясы жүзеге асырады. Қазақстанның электр станцияларының жалпы белгіленген қуаты 2024 жылғы 1 қаңтардағы жай-күй бойынша 24 641,9 МВт-ты; иелік қуаты 18 354,9 МВт-ты құрайды (ЖЭК-тің иелік қуаты (КЭС, ЖелЭС, шағын ГЭС) электр қуатының болжамды теңгерімін жасау әдістемесіне сәйкес көрсетілген: су ағыны бойынша жұмыс істейтін бөгетсіз гидроэлектр станциялары — 30%; ЖелЭС — 20%; КЭС — иелік қуаттан 0%).

Қазақстан Республикасындағы электр энергиясын өндіру, МВт

Электр станциялары Белгіленген қуаты
Жылу электр станциялары жиыны: 19 223,2
Бу турбиналық, соның ішінде: 17 163,5
- көміртозаңды 13 075,0
- газбен және мазутпен 4 088,5
газтурбиналық 2 059,7
Жел электр станциялары 1 411,3
Күн электр станциялары 1 196,2
Гидроэлектр станциялары, 2 810,1
соның ішінде шағын 275,3
Биогазды қондырғылар 1,1
ЖИЫНЫ 24 641,9

Аймақтар тұрғысынан алғанда электр станцияларының белгіленген қуаты, МВт

Солтүстік аймақ, МВт

Батыс аймақ, МВт

Оңтүстік аймақ, МВт

2023 жылы енгізілген жаңа өндіруші қуаттар


118,2 МВт

Өңірлер тұргысынан алғанда электр станцияларының белгіленген қуаты, МВт

Ақмола облысы: 105,6 МВт
Қызыл Жар ЖелЭС «Эталон Пауэр» ЖШС 1,4 МВт
Елiктi ЖелЭС «Эталон Пауэр» ЖШС 18,15 МВт
Арқалық ЖелЭС-1 «Арқалық ЖелЭС-1» ЖШС 7 МВт
Арқалық ЖелЭС-2 «Арқалық ЖелЭС-2» ЖШС 10 МВт
Восток Ветер ЖелЭС «Восток Ветер ЖелЭС» ЖШС 10 МВт
Alcor Energy ЖелЭС «Alcor Energy ЖелЭС» ЖШС 4,95 МВт
«Софиевская Жел Электр Станциясы» «Софиевская ЖелЭС» ЖШС 39 МВт
Jasyl Jel Energy-1 ЖелЭС «Jasil Jel Energy» ЖШС 10 МВт
Jasyl Jel Energy-2 ЖелЭС «Jasil Jel Energy» ЖШС 4,95 МВт
Ақтөбе облысы: 57 МВт
Ақтөбе ЖЭО — ГТҚ-57-ні пайдалануға беру 57 МВт
Алматы облысы: 2,63 МВт
Медеу-2 ГЭС «Бастау Энерго» ЖШС 0,43 МВт
Қақпақ ГЭС «Қонаев және Компания» ЖШС 2,2 МВт
Атырау облысы: 5 МВт
Атырау ЖЭО — №13 турбоагрегатты іске қосу 65 МВт
Атырау ЖЭО — №6 турбоагрегатты демонтаждау -60 МВт
Жамбыл облысы: 100 МВт
Шоқпар ЖелЭС «Шоқпар Жел Электр Станциясы» ЖШС 100 МВт
Жетісу облысы: 50 МВт
Жоңғар қақпағы ЖелЭС «EcoWatt AKA» ЖШС 50 МВт
Қостанай облысы: 48 МВт
Арқалық ЖелЭС «KazWind Energy» ЖШС 48 МВт
Павлодар облысы -300 МВт
«ЕЭК» АҚ ЭЖ — №7 энергиялық блокты демонтаждау -300 МВт
Түркістан облысы: 50 МВт
Шәуілдір КЭС «Arm Wind» ЖШС 50 МВт

Электр энергиясын жеткізу секторы

Қазақстан Республикасының электр желілері — ҚС-ның, тарату құрылғыларының және оларды жалғаушы электр энергиясын жеткізуге және (немесе) таратуға арналған 0,4-1150 кВ кернеулі ЭЖЖ-нің жиынтығы. Қазақстан Республикасы БЭЖ-де жүйе құрайтын желі рөлін Қазақстан Республикасының өңірлері мен шектес мемлекеттердің (Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы) энергия жүйелері арасындағы электрлік байланысты, сонымен қатар электр станцияларының электр энергиясын жеткізуін және оны көтерме сауда тұтынушыларына жеткізуді қамтамасыз ететін ҰЭТ (Ұлттық электр торабы) атқарады. ҰЭТ құрамына кіретін кернеуі 220 кВ және одан жоғары ҚС, тарату құрылғылары, өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық ЭЖЖ және электр станцияларынан электр энергиясын жеткізуді жүзеге асыратын ЭЖЖ «КЕGОС» АҚ-ның теңгерімінде болып табылады.

2-6

Өңірлік деңгейдегі электр желілері өңірлердің ішіндегі электрлік байланысты, сонымен қатар электр энергиясын бөлшек сауда тұтынушыларына жеткізілуін қамтамасыз етеді және өңірлік электр желілік компаниялардың теңгерімінде болып табылады.

Энергия жеткізуші ұйымдар электр энергиясын меншік немесе пайдаланатын (жалға алу, лизинг, сенімгерлікпен басқару және пайдаланудың басқа түрлері) электр желілері арқылы көтерме және бөлшек сауда нарығының тұтынушыларына немесе энергиямен жабдықтайтын ұйымдарға шарттар негізінде жеткізуді жүзеге асырады.

Электр энергиясымен жабдықтау секторы

Қазақстан Республикасы электр энергиясының нарығын электрмен жабдықтау секторы электр энергиясын энергия өндіруші ұйымдардан немесе орталықтандырылған сауда-саттықтан сатып алуды және оны бұдан әрі соңғы бөлшек сауда тұтынушыларына сатуды жүзеге асыратын энергиямен жабдықтау ұйымдарынан тұрады. Энергиямен жабдықтау ұйымдарының бөлігі электр энергиясын «кепілдік беруші жеткізушілер» функциясын атқарады.

Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері:

  • электр энергиясының көтерме сауда нарығына, кем дегенде, 1 МВт орташа тәуліктік (базалық) қуат көлемінде электр энергиясын жеткізетін энергия өндіруші ұйымдар;
  • энергия жеткізуші ұйымдар;
  • энергиямен жабдықтау мақсатында, кем дегенде, 1 МВт орташа тәуліктік (базалық) қуат көлемінде электр энергиясын көтерме сауда нарығында сатып алатын энергиямен жабдықтаушы ұйымдар;
  • кем дегенде, 1 МВт орташа тәуліктік (базалық) қуат көлемінде электр энергиясын көтерме сауда нарығында сатып алатын электр энергиясының тұтынушылары;
  • функцияларын «KЕGОС» АҚ атқаратын жүйелік оператор;
  • функцияларын «КОРЭМ» АҚ атқаратын электр энергиясы мен қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының операторы;
  • Бірыңғай сатып алушы («ЖЭК жөніндегі ҚЕО» ЖШС).

Қазақстан Республикасы БЭЖ-ін орталықтандырылған диспетчерлік басқаруды «KEGOC» АҚ филиалы — «Жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы (ЖО ҰДО)» жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы БЭЖ-де орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқару «KEGOC» АҚ «ЖЭТ» филиалдарының құрылымдық бөлімшелері болып табылатын 9 аумақтық диспетчерлік орталықты (АДО) ЖО ҰДО-ға тікелей жедел бағыныстылық схемасы бойынша ұйымдастырылған.

2023 жылғы 1 шілдеден бастап электр энергиясы нарығындағы өзгерістер