ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП / 2023

Дивидендтік саясат

«KEGOC» АҚ дивидендтік саясаты дивидендтік төлемдердің мөлшерін белгілеу кезінде Компания мен акционерлердің мүдделерін сақтауға, Компанияның инвестициялық тартымдылығын арттыруға және оны капиталдандыруға, Қазақстан Республикасының заңнамасында ескерілген акционерлердің құқықтарын құрметтеуге және оларды қатаң сақтауға негізделеді.

Компания капиталдандырудың өсуімен қатар бір жылдағы таза табыс көлеміне және Компанияның өндірістік пен инвестициялық қызметін дамыту қажеттіліктеріне негізделе төленетін дивидендтер көлемін арттыруға ұмтылуда.

Дивидендтерді төлеудің негізгі шарттары болып Компанияда есептік кезеңдегі таза пайданың немесе бөлінбеген пайданың болуы; Қазақстан Республикасының заңнамасында және Компанияның дивидендтің саясат туралы ережесінде ескерілген дивидендтерді төлеуге шектеулердің болмауы; Компанияның Акционерлердің жалпы жиналысының дивидендтерді төлеу туралы шешімді қабылдау табылады.

Тиісті қаржы жылындағы немесе жартыжылдықтағы таза табыс немесе ХҚЕС-ке сәйкес жасалған «KEGOC» АҚ-ның шоғырландырылған қаржылық есептілігі негізінде есептелетін бөлінбеген пайда акционерлерге дивидендтер төлеу көзі болып табылады. Компанияның Директорлар кеңесі қаржылық жылдағы немесе жартыжылдықтағы таза табысты бөлу тәртібі және дивидендтер мөлшері туралы ұсынысты дайындаған кезде дивидендтерді төлеуге жұмсалатын сома таза табыстың кемінде 60%-ын құрауы тиіс екендігіне сүйенеді. Жыл қорытындысы бойынша «KEGOC» АҚ-ның жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешімді Компанияның жылдық қаржылық есептілігі бекітілгеннен кейін Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы қабылдайды. Жарты жылдың қорытындысы бойынша «KEGOC» АҚ-ның жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешімді Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы Компанияның тиісті кезеңдегі қаржылық есептілігіне аудит жүргізілгеннен кейін 3 ай ішінде қабылдауы мүмкін. Акционерлердің жалпы жиналысы Директорлар кеңесінің ұсыныстарын қарапе, өз қалауы бойынша «KEGOC» АҚ-ның жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешім қабылдайды, «KEGOC» АҚ-ның бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшерін бекітеді, және де дивидендтерді төлеудің басталу күнін белгілейді.

«KEGOC» АҚ дивидендтерінің төленуі