ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП / 2023

Даму жоспары (Стратегия)

«KEGOC» АҚ қызметінің Қазақстанның бүкіл экономикасын дамыту үшін стратегиялық маңызы бар және кең ауқымдағы мүдделі тараптардың мүдделерін қамтиды.

Компания осыны шешімдерді қабылдап, ұзақ мерзімді стратегиясын құрған кезде есепке алады. Біз негізгі назарды қоғам мүдделеріне ықыласпен қарауға, Қазақстан Республикасы БЭЖ-дің сенімді жұмыс істеуін, Қазақстан Республикасы ҰЭТ-тың озық дамуын қамтамасыз етуге, адамдардың лайықты еңбек жағдайлары мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге, экологияға қамқорлық жасауға аударамыз. Бұл «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі бекіткен «KEGOC» АҚ-ның 2023–2032 жылдарға арналған Даму жоспарында (Стратегиясында) қамтылып көрсетілген.

2-12

Қазақстан БЭЖ-і жүйелік операторы мәртебесі «KEGOC» АҚ-ның басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатарлас жұмысты қамтамасыз ету, энергия жүйесіндегі теңгерімді сақтау, жүйелік қызмет көрсету және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен қосалқы қызметтерді сатып алу, сонымен қатар Қазақстан Республикасының ҰЭТ-ы арқылы электр энергиясын жеткізуді қамтамасыз ету, оған техникалық қызмет көрсету және пайдалануға дайындығын қолдап тұру жөніндегі функцияларын белгілейді.

Табысты дамудың маңызды факторлары:

  • Компания қызметінің тиімділігін арттыру және активтер мен инвестициялық жобаларды басқаруға портфельдік тәсілдерді енгізу;
  • электр энергетикалық саланы дамытуға айтарлықтай әсер ететін электр энергетикасында болып жатқан өзгерістердің (энергетикалық ауысу және экономиканы көміртексіздендіру, ЖЭК-ті дамыту, бизнесті цифрландыру, процестерді автоматтандыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және т.б.) әсерін есепке алу;
  • адамдардың сана-сезімін өзгерту.

«KEGOC» АҚ-ның ағымдағы жай-күйіне жүргізілген соңғы стратегиялық талдау және SWOT-талдау нәтижелері төмендегілердің Компания үшін оның қызметінің тиімділігіне әсерін тигізетін және Даму жоспарында (Стратегияда) стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді анықтау кезінде ескерілуі тиіс негізгі сын-тегеуріндер екенін көрсетті:

  • жүктемелердің болжамды өсуінің ескерілуімен Қазақстан Республикасы ҰЭТ-тың жеткіліксіз өткізу қабілеті;
  • тұтынушылар жүктемелерінің өсуіне байланысты елде орта мерзімді перспективада электр энергиясы мен қуаттың тапшылығы;
  • электр желісінің сенімді жұмыс істеуіне әсерін тигізетін ЖЭК-ті дамыту;
  • энергетикалық жүйені басқаруды цифрландыру және автоматтандыру, сондай-ақ киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету;
  • электр желілерінің тозу дәрежесінің жоғарылауы және осыған байланысты активтердің істен шығу тәуекелдері;
  • инвестициялық қызметті жоспарлаудың және жобаларды басқарудың жаңа тәсілдерінің ескерілуімен инвестициялық жобалардың жаңартылған портфелі;
  • теңгерімдеуші нарықты енгізу;
  • электр энергетикалық саланы басқарудың жаңа тәсілдерін және жалпы электр энергетикасының дамуын қамтамасыз ететін нарық моделін (дизайнын) қалыптастыруға Компанияның белсенді қатысу қажеттілігі.

Даму жоспарын әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасы, жалпыұлттық басымдықтар, мемлекеттік бағдарламалар, адам құқықтары мен қоршаған ортаны қорғауды қоса алғандағы халықаралық міндеттемелер, сондай-ақ стейкхолдерлер алдындағы міндеттемелер және т.б. ескерілді.

2-22, 2-23, 2-24
Осыған байланысты, Компанияның 2023–2032 жылдарға арналған Даму жоспарында (Стратегиясында) үш стратегиялық мақсат айқындалған:
«KEGOC» АҚ стратегиялық мақсаттары
1-мақсат
Энергетикалық ауысу жағдайында Қазақстан БЭЖ-інің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету
  1. Қазақстан Республикасы БЭЖ-і Жүйелік операторы функцияларын орындау;
  2. ҚР ҰЭТ-ты озық қарқынмен дамыту, ЖЭК-ті 19% деңгейінде тиімді біріктіру;
  3. заманауи инновациялық және цифрлық технологияларды, Smart Grid-ті енгізу.
Мақсаттарға жетудің негізгі индикаторлары
GA AIT
2-мақсат
ESG қағидаттарына сәйкес тұрақты дамуды қамтамасыз ету
  1. көміртек ізін азайту;
  2. адам капиталын дамыту;
  3. корпоративтік басқаруды жетілдіру;
  4. кәсіби қауіпсіздік жүйесін жетілдіру.
Мақсаттарға жетудің негізгі индикаторлары
LTIFR ESG рейтинг
3-мақсат
Таза активтердің құнын арттыру
  1. қаржылық тұрақтылықты нығайту;
  2. халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
Мақсаттарға жетудің негізгі индикаторлары
TSR EBITDA margin