Ішкі аудит қызметі
Қызметтің миссиясы Директорлар кеңесі мен атқарушы органға Компанияның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі міндеттерін орындауда қажетті жәрдем көрсету болып табылады.
Қызметтің негізгі мақсаты Директорлар кеңесіне тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару жүйелерін жетілдіруге жүйелі тәсіл енгізу арқылы компанияны тиімді басқаруды қамтамасыз етуге арналған тәуелсіз және объективті ақпаратты ұсыну болып табылады.
2023 жыл ішінде Қызметтің іс-қимылы келесі құжаттармен реттелген:
- Ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттары;
- Ішкі аудиторлар институтының Әдеп кодексі;
- «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі бекіткен «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметі туралы ереже;
- «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі бекіткен «KEGOC» АҚ-да ішкі аудитті ұйымдастыру жөніндегі қағидалар;
- «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы бекіткен Қызмет жұмыскерлерінің лауазымдық нұсқаулықтары.
Барлық аудиторлық тапсырмалар Қызметтің миссиясы мен негізгі мақсатын ескере отырып, жоспарланған. Ішкі аудитті жоспарлаған кезде тәуекелге бағытталған тәсіл қолданылды, яғни жоспарға енгізудің басымдығы жағымсыз оқиғаларға неғұрлым бейім бизнес-процестерге берілген.
ІАҚ-ның 2023 жылға арналған жылдық аудиторлық жоспарында 17 тапсырманы орындау көзделген. Аудиторлық тапсырмалардың тақырыптары «KEGOC» АҚ-ның 6 филиалының кешенді аудитін, сатып алулар аудитін, «KEGOC» АҚ басшы және басқарушы жұмыскерлерінің 2022 жылдағы нақты ҚНК мәндерінің аудитін, сондай-ақ ұзақ мерзімді ҚНК-ні, АТ саласындағы шарттарды орындау тиімділігін талдауды, ІНҚ талаптарының, сондай-ақ АТ-инфрақұрылымға қатысты басқа да құжаттардың (Жоспарлар, бұйрықтар және т.б.) жеткіліктілігі мен тиімділігінің аудитін, экологиялық жауапкершілік деңгейін арттыру бойынша қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі қызметтерді сатып алу процесінің аудитін, «KEGOC» АҚ-ның жылжымайтын мүлкіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу жөніндегі іс-шаралар аудитін, Инвестициялық бағдарламаны қалыптастыру және іске асыру мониторингі аудитін, санкциялық тәуекелді төмендету жөніндегі іс-шаралардың аудитін, «KEGOC» АҚ-ның тәуекелдерді басқару жүйесінің және ішкі бақылау жүйесінің аудитін, еңбек және әлеуметтік заңнаманың, сондай-ақ «KEGOC» АҚ мен «Самұрық-Қазына» АҚ-ның HR мәселелері бойынша ішкі нормативтік құжаттарының сақталуына аудитті қамтыды.
Бұған қоса, 2023 жылы Қызмет «Сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау қағидатын сақтау туралы» «Самұрық-Қазына» АҚ-ның бұйрығына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ерекше тәртіп бойынша сатып алуды тексерді.
Бұдан басқа, 2023 жылы Қызмет ЭТНЖ-ні жаңғыртудың жекелеген процестеріне аудит жүргізді.
Барлық тапсырмалар орындалды. Компания қызметіне әсерін тигізуі мүмкін елеулі сәйкессіздіктер анықталған жоқ.
2023 жылы орындалған аудиторлық тапсырмалардың нәтижелері бойынша Қызмет анықталған сәйкессіздіктерді жою бойынша тиісті ұсынымдарын берді. Аудит объектілері Қызметпен бірлесіп Түзету іс-қимылдарының жоспарларын әзірледі. Қызмет берілген ұсынымдардың орындалуына тоқсан сайын мониторинг жүргізеді.