Акционерлердің жалпы жиналысы
Акционерлердің жалпы жиналысы «KEGOC» АҚ-ның жоғары органы болып табылады.
Акционерлердің жалпы жиналысы өз қызметі мен өз құқықтарын «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «KEGOC» АҚ-ның Жарғысына және Акционерлердің жалпы жиналысы туралы ережеге сәйкес іске асырады.
2023 жылы Акционерлердің 4 (төрт) жалпы жиналысы өткізілді:
- Акционерлердің жылдық Жалпы жиналысы 2023 жылғы 2 мамырда өткізілді, онда:
- «KEGOC» АҚ-ның 2022 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылдағы қаржылық есептілігін бекіту, таза табысты бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және «KEGOC» АҚ-ның 2022 жылдың екінші жартыжылдығына бір жай акциясына есептегенде дивидендтер мөлшерін бекіту туралы»;
- «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) акционерлік қоғамының Е KEGOC ИД-215-19-АЖЖ ««KEGOC» АҚ Директорлар кеңесу туралы ережеге» өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы»;
- «KEGOC» АҚ-ның және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне акционерлердің өтініштері және оларды қарау нәтижелері туралы» мәселелер бойынша шешімдер қабылданды.
- Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы 2023 жылғы 31 шілдеде өткізілді, онда:
- «KEGOC» АҚ-ның кейбір мәселелері туралы» мәселе бойынша шешімдер қабылданды.
- Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы 2023 жылғы 15 қыркүйекте өткізілді, онда:
- «KEGOC» АҚ-ның жарияланған акциларының санын арттыру туралы» мәселе бойынша шешімдер қабылданды.
- Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы 2023 жылғы 26 қыркүйекте өткізілді, онда:
- «KEGOC» АҚ-ның 2023 жылғы 30 маусымда аяқталған алты айдағы қаржылық есептілігін бекіту, таза табысты бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және «KEGOC» АҚ-ның 2023 жылдың екінші жартыжылдығына бір жай акциясына есептегенде дивидендтер мөлшерін бекіту туралы».
- «KEGOC» АҚ-ның жарияланған жай акцияларының шегінде орналастыру туралы»;
- «KEGOC» АҚ Дивидендтік саясат туралы ережесіне өзгерістер енгізу туралы»;
- «KEGOC» АҚ Жарғысына өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы» мәселелер бойынша шешімдер қабылданды.
Акционерлердің жалпы жиналысының барлық шешімдері Директорлар кеңесінің, «KEGOC» АҚ Басқармасының назарына жеткізілді, тапсырмалар толық көлемде және мерзімінде орындалуда.
2023 жылы Акционерлердің
4 жалпы жиналысы өткізілді