ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП / 2023

Инвестициялық қызмет

Еліміздің экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін электр желілік инфрақұрылымды қоса алғанда, жалпы электр энергетикалық саланың озық қарқынмен дамуы қажет.

Компания тиімділікті арттыру, ҰЭТ жұмысының сенімділігі мен желінің өткізу қабілетін ұлғайту мақсатында ауқымды инвестициялық жобаларды іске асыруды жалғастыруда. Бұл жобалар жаңартылатын энергетиканы (өндірудің тұрақсыздығымен ерекшеленетін КЭС мен ЖелЭС) дамыту, ЖЭК ірі объектілерінің қуатын беруді қамтамасыз етуге арналған тиісті электр желілік құрылысты дамыту үшін жағдай жасауды есепке ала отырып, іске асырылуда.

Бұдан басқа, жобалардың маңызды әлеуметтік мәні бар — ҚМЖ кезеңіне қосымша жұмыс орындары құрылатын болады. Бұл өз кезегінде экономиканың нақты секторының дамуына, халықтың жұмыспен қамтылуы мен әл-ауқатының өсуіне, бюджетке салық аударымдарының артуына оң әсерін тигізетін болады.

2023 жылы Компания келесі ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырды:

«KEGOC» АҚ-ның 2023 жылғы инвестициялық жобалары

203-1

Жобаның атауы

«KEGOC» АҚ «Ақтөбе ЖЭТ», «Батыс ЖЭТ» және «Сарыбай ЖЭТ» филиалдарының 220-500 кВ ӘЖ-сін реконструкциялау, 1-кезең.

1

Жоба мақсаты

24 ӘЖ-ні жаңғырту және реконструкциялау бойынша ауқымды жоба.

Қаржыландыру көзі

Жобаны қаржыландыру: «KEGOC» АҚ-ның меншік және «жасыл» облигацияларын KASE сауда-саттық алаңында орналастыру арқылы тартылған қарыз қаражат.

Жобаның іске асырылу мәртебесі

Іске асырылған

2023 жылы 24 ЭЖЖ объектісінде ҚМЖ аяқталды. Жобаны іске асыру басынан бері 2023 км ӘЖ, соның ішінде 2023 жылы 255,9 км ЭЖЖ реконструкцияланды. 2023 жылы күрделі қаржы салымдарын игеру көлемі — 6,9 млрд теңге.

Жобаның атауы

Қазақстан Республикасы БЭЖ-і Батыс аймағының электр желісін күшейту

2

Жоба мақсаты

Республиканың батыс облыстары арасындағы 220 кВ электр желілерін күшейту арқылы Қазақстан Республикасы БЭЖ Батыс аймағындағы тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың өткізу қабілеті мен сенімділігін арттыру.

Қаржыландыру көзі

Жобаны қаржыландыру: «KEGOC» АҚ-ның меншік және «жасыл» облигацияларын KASE сауда-саттық алаңында орналастыру арқылы тартылған қарыз қаражат.

Жобаның іске асырылу мәртебесі

Іске асырылған

2023 жылғы 28 қарашада Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің қатысуымен жалпы ұзындығы 779,7 км құрайтын 220 кВ «Орал –Правобережная– Индер — Қарабатан — Құлсары — Теңіз» ӘЖ пайдалануға берілді. 220 кВ «Орал», «Правобережная», «Индер», «Құлсары», «Теңіз» ҚС кеңейтіліп, 220 кВ «Қарабатан» ТП салынды. 2023 жылы күрделі салымдарды игеру көлемі — 24,7 млрд теңге.

Жобаның атауы

Қазақстан Республикасы БЭЖ-і Оңтүстік аймағының электр желісін күшейту

3

Жоба мақсаты

Оңтүстік аймақтағы тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету және Оңтүстік аймақ облыстары арасындағы электрлік байланысты күшейту үшін Қазақстан Республикасының аумағы бойынша БЭЖ-і Оңтүстік аймағының электр энергетикалық жүйесін күшейту.

Қаржыландыру көзі

Жобаны қаржыландыру: меншік қаражат және «KEGOC» АҚ-ның «жасыл» облигацияларын KASE сауда-саттық алаңында орналастыру арқылы тартылған қарыз қаражат.

Жобаның іске асырылу мәртебесі

ТЭН әзірленген. 5 объект бойынша (2 ӘЖ мен 3 ҚС) ЖСҚ-ны әзірлеуге, жабдықты, материалдарды жеткізуге және ҚМЖ-ны орындауға шарттар жасалды. Жұмыс басталды, ӘЖ мен ҚС зерттеліп, ӘЖ трассасын таңдау алдын ала келісілді, жұмыс кестеге сәйкес жүргізілуде. 2023 жылы күрделі қаржы салымдарын игеру көлемі — 0,071 млрд теңге.

Тартылған қаражат Компанияның «KEGOC» АҚ филиалдарының 220-500 кВ ӘЖ-сін реконструкциялау» және «Қазақстанның БЭЖ-і Батыс аймағының электр желісін күшейту. Электр желілік объектілерді салу» инвестициялық жобаларын қаржыландыруға бағытталған.

2023 жылғы 7 маусымда «Astana Finance Days» конференциясы аясында «Green Finance Awards 2023» марапаттарды табыстау рәсімі өтті, оның барысында «KEGOC» АҚ-ға 2022 жылы «жасыл» облигациялардың ең ірі шығарылымы үшін «Ең ірі қаржылық емес корпоративтік жасыл облигация» номинациясы бойынша сыйлық табыс етілді. Бұл премия Компанияның экономиканың жасыл экономикаға көшуін қаржыландыру және табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану жөніндегі жұмысына берілген жоғары баға болды. «Green Finance Awards» сыйлығының лауреаттары 2 жыл сайын анықталады. Биыл ОА, Шығыс Еуропа, Кавказ және Моңғолия өңірлерінде 2021–2022 жылдары тұрақты қаржыландыру нарығын дамытуға үлес қосқан ұйымдар марапатталды.

Инвестициялық жобалар портфелін қалыптастырған кезде «KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы БЭЖ электр энергиясы мен қуатының болжамды теңгерімін әзірлеуге және жыл сайынғы жаңартуға негізделген сценарийлік тәсілді пайдаланады. Бұдан басқа, климаттың өзгеру тәуекелдері, атап айтқанда төтенше жағдайлардың туындау қаупіне әкелетін табиғи факторлар (су тасқыны, дауыл, жер сілкінісі, індеттер) есепке алынады. Желінің сенімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ өндірістік активтердің істен шығуының негізгі тәуекелін азайту үшін Компания жақын арада ҰЭТ-ты дамытуға бағытталған келесі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр:

2022 жылдың желтоқсан айынан бастап «KEGOC» АҚ жалпы орналастыру көлемі


35 млрд теңгені
құрайтын «жасыл» облигацияларды екі рет шығарды

1

«Батыс Қазақстан энергетикалық жүйесін Қазақстан Республикасы БЭЖ-мен біріктіру»

Жоба Батыс аймақты Қазақстан Республикасы БЭЖ-інің негізгі бөлігімен Республика аумағы бойынша біріктіруге, Қазақстан Республикасы Батыс облыстарының энергия қауіпсіздігі мен энергия тәуелсіздігін қамтамасыз етуге, Батыс аймақтағы тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға, электр энергиясы теңгерімсіздігін өтеу және ЖЭК-тің дамуы үшін Батыс аймақтың манерлік өндіруін іске қосуға мүмкіндік беретін болады.

1-кезеңдегі әзірлеу нәтижелері бойынша «Қарабатан» ҚС-дан «Өлке» ҚС-ға дейін 500 кВ ӘЖ-ні салуды ескеретін нұсқа қабылданды.

Қазіргі таңда ТЭН әзірленді және «Мемсараптама» РМК-ның қарауында. ЖСҚ-ны 2024-2025 жылдары, ҚМЖ-ны 2025-2027 жылдары әзірлеу жоспарлануда. Жобаны іске асырудың жоспарланған мерзімі — 2027 жыл.

2

«KEGOC» АҚ филиалдарының 220-500 кВ ӘЖ-сін реконструкциялау, II кезең

Нормативтік қызмет ету мерзіміне жеткен қолданыстағы ЭЖЖ-ні, сонымен қатар таяу арада қызмет ету мерзімі нормативтік шамаға жететін ӘЖ-ні реконструкциялау арқылы Қазақстан ҰЭТ жұмысының сенімділігін арттыру жобаның мақсаты болып табылады.

«Ақмола ЖЭТ», «Орталық ЖЭТ», «Шығыс ЖЭТ», «Солтүстік ЖЭТ» филиалдарының теңгерімінде тұрған жалпы ұзындығы 4 236 км құрайтын 220–500 кВ-тық 48 ӘЖ реконструкциялау объектілері болып табылады. ТЭН-ді әзірлеу жүргізілуде.

3

«KEGOC» АҚ филиалдарының 220-500 кВ ӘЖ-сін реконструкциялау, III кезең

ҰЭТ-ты реконструкциялау қажеттілігі келесі себептерге негізделген:

  • бірқатар 220-500 кВ ӘЖ-нің нормативтік қызмет ету мерзіміне жетіп, одан асып кетуі;
  • тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру, электр энергиясының транзиті, электр станцияларының қуатын беру.

«Алматы ЖЭТ», «Орталық ЖЭТ», «Оңтүстік ЖЭТ» филиалдарының теңгерімінде тұрған жалпы ұзындығы 4 332 км құрайтын 220–500 кВ-тық 44 ӘЖ реконструкциялау объектілері болып табылады. ТЭН-ді әзірлеу жүргізілуде.

201-2

Сонымен қатар, 2035 жылға дейінгі перспективада «KEGOC» АҚ өз портфелінің ҰЭТ-ты дамыту бойынша келесі ірі жобалармен толықтырылуын қарайтын болады:

1

Астана қаласын сырттан электрмен жабдықтау схемасын күшейтумен байланысты жоба

500 кВ Астана ҚС салу. Жобаны іске асыру 500 кВ жеткізуші желілері бар қаланы екінші қоректендіру орталығын құру арқылы Астана қаласын электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға бағытталған. Жобаны іске асыру қаланың электр энергиясына деген өсіп келе жатқан қажеттілігін қамтуға және Астана қаласы ауданында ЖЭК объектілерін қосуға мүмкіндік береді.

2

Солтүстік-Оңтүстік тұрақты тоқ желісін салу

Бұл перспективалық жоба Солтүстік-Оңтүстік транзитінің өткізу қабілетін арттыруға, Қазақстан Республикасының оңтүстігінің электр энергиясына қажеттілігін перспективалық қамтуды қамтамасыз етуге және ЖЭК-ті өндірудің тұрақсыздығын теңестіруге, сонымен қатар экспорттық және транзиттік әлеуетті кеңейтуге мүмкіндік беретін болады.

Тұрақты тоқ желісін салу Қазақстан Республикасының CASA-1000 жобасына қосылуға және Оңтүстік Азияға (Ауғанстан, Пәкістан) электр энергиясын сату нарықтарын кеңейтуге мүмкіндік береді. Жобада ұзындығы елдің Солтүстігінен Оңтүстігіне дейін қуаты 2 ГВт-ты құрайтын 1 300 км-ге жуық ±500 кВ ӘЖ тұрақты тоқ электр жеткізу желісін салу көзделген.

3

Ұзындығы 290 км-ге жуық 500 кВ Қарағанды — Астана ӘЖ-ні салу және жаңа 500 кВ Қарағанды қосалқы станциясын салу

Жобаны іске асыру бірінші кезекте еліміздің ірі өнеркәсіптік кәсіпорындары шоғырланған Қарағанды-Теміртау энергия торабының сенімділігін арттыруға және 500 кВ желінің өткізу қабілетін арттыруға жағдай туғызатын болады.

4

Батыс аймақты Қазақстан Республикасы БЭЖ-імен біріктіру. II-кезең

Жоба Батыс аймақтағы газ өндірудің маневрлігі есебінен энергия жүйесін теңгерімдеуге, ЖЭК-ті Қазақстан Республикасы БЭЖ-іне біріктіруге мүмкіндік беретін болады, сондай-ақ болашақта транзиттік әлеуетті кеңейтуге жағдай туғызады. Бұл жоба энергия жүйесін жоғары вольтты желілермен тұйықтауды аяқтауға мүмкіндік беретін болады. Жоба Маңғыстаудан Оңтүстік аймақ бағытында ұзындығы шамамен 2 000 км құрайтын тұрақты тоқты (айнымалы тоқты) жеткізу желісін салуды болжайды.