Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелері
«KEGOC» АҚ-да COSO ERM «Ұйымның тәуекелдерін басқару. Біріктірілген үлгі» Тредвей комиссиясының демеушілік ұйымдарының комитеті әзірлеген тәуекелдерді басқарудың көпшілік қабылдаған тұжырымдамалық үлгілері және «Самұрық-Қазына» АҚ талаптарының негізінде қалыптастырылған тәуекелдерді басқару жүйесі сәтті енгізіліп, қолданылады.
Тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесі тәуекелдерді уақтылы сәйкестендіруге, оларды бағалауға және «KEGOC» АҚ-ның стратегиялық және операциялық мақсаттарына қол жеткізуге теріс әсер етуі мүмкін тәуекелдерді басқару жөніндегі шараларды әзірлеуге бағытталған корпоративтік басқару жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады.
Қолданыстағы ТБЖК-ның мақсаты «KEGOC» АҚ-ның қызметіне ішкі және сыртқы жағымсыз факторлардың әсер ету дәрежесін шектеу арқылы қызметтің үздіксіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Тәуекелдерді басқару жүйесінің негізгі қағидаттары:
- Компания басшылығының тәуекелдерді басқаруға қатысуы;
- тәуекелдерді басқару жүйесін үздіксіз жетілдіру;
- Компания жұмыскерлерінің тәуекелдерді басқару саласында оқуы мен білім алмасуларының үздіксіздігі;
- есептілікті беру және тәуекелдердің күшейюі кезіндегі ашықтық пен адалдық.
Тәуекелдерді басқару жүйесінің міндеттері:
- «KEGOC» АҚ-ның тәуекелдерін анықтаудың, бағалаудың және басқарудың бірыңғай және дәйекті тәсілдерін әзірлеу және қолдану, тәуекелдер туралы тігінен (басқару) және көлденеңінен (тәжірибе алмасу) тәуекелдер ақпарат алмасу рәсімдерін жеңілдету;
- туындайтын тәуекел оқиғаларына жедел жауап қайтару, сыртқы және ішкі ортадағы өзгерістерді қадағалап тұру;
- оларды қолайлы деңгейге дейін төмендету немесе үшінші тұлғаларға беру (аутсорсинг, сақтандыру, хеджирлеу) немесе тәуекелден жалтару мақсатында тәуекелдерді басқару бойынша мақсатты қызметті ұйымдастыру;
- «KEGOC» АҚ тәуекелдері туралы ақпаратты жүйелеу және одан әрі жинақтау, «KEGOC» АҚ-ның басқарылушылығын арттыру;
- «KEGOC» АҚ-ның бәсекеге қабілеттілігін арттыру және ТБЖ тиімділігін арттыру арқылы «KEGOC» АҚ-ның алға қойылған стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу.
ТБЖ басқарушылық шешімдерді қабылдау процесін және «KEGOC» АҚ-ның күнделікті операциялық қызметін қолдау құралы болып табылады.
«KEGOC» АҚ-да тәуекелдерді басқару процесі тұрақты, циклдік (үздіксіз), түрлі бағытты болып табылады, және келесі компоненттерден тұрады:
- Ішкі орта;
- Мақсат қою;
- Тәуекелдерді анықтау;
- Тәуекелдерді бағалау;
- Тәуекелдерді басқару;
- Бақылау;
- Ақпарат және коммуникация;
- Мониторингтеу.
«KEGOC» АҚ-ның тәуекелдерді басқару процесі
Тәуекелдерді басқару процесінің жоғарыда аталған компоненттерін жүзеге асыру тәуекел менеджментінің негізі болып табылатын тәуекелдерді басқару мәдениетін (тәуекел мәдениетін) дамытуға септігін тигізеді. Бұл барлық лауазымды тұлғалар мен жұмыскерлер өз міндеттерін орындау барысында ортақтасып қолданатын тәуекелдерді басқару саласындағы сенімдер, түсінік пен білім болып табылады.
Тәуекел мәдениеті корпоративтік мәдениеттің бөлігі болып табылады. Тәуекел мәдениетінің деңгейі Даму жоспарын әзірлеуден бастап оны жүзеге асыруға және оның орындалуын бақылауға дейінгі тәуекелдердің қалай анықталатынын, бағаланатынын және басқарылатынын айқындайды.
Тәуекел мәдениеті келесі қағидаттарға негізделген:
- Ең жоғары деңгейдегі тон: Шешім қабылдау кезінде ұзақ мерзімді құн, кірістілік және шешім қабылдауға да, қабылдамауға да байланысты тәуекелдер арасындағы оңтайлы тепе-теңдіктен туындайды, басшылық қарамағындағылардың тәуекелге бағытталған мінез-құлқын қолдайды.
- Корпоративтік басқару: «KEGOC» АҚ-ның қызметі жұмыскерлердің Саясат пен барлық ІНҚ міндетті түрде сақталуы тиіс екенін түсінуін қамтамасыз ететін бақылау ортасын қалыптастыруға бағытталған. «KEGOC» АҚ-ның барлық лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлері тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау бойынша өздерінің жауапкершілік аймағы мен өкілеттіктерін нақты біледі. Тәуекел иелері өздерінің құзыреті шегінде «KEGOC» АҚ ІНҚ-ға сәйкес тәуекелдерді түсінеді, оларды басқарып, тәуекелдер туралы лайықты түрде хабарлап тұрады.
- Шешімдерді қабылдау: Ішкі орта а коммуникацияның ашықтығымен және тәуекелдер туралы ақпараттың айқындығымен сипатталады. Бұл жұмыскерлер мен басшылық арасында байланысты тәуекелдер мен әлеуетті мүмкіндіктерді ашық және сындарлы талқылауға себептеседі және сыртқы сын-қатерлерге жауап ретінде бірлескен тиімді шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді.
- Сыйақы жүйесі барлық деңгейлерде басқарушылық шешімдер қабылдау процесінде олардың тәуекелге дұрыс көзқарасын қалыптастыруда басшылық пен қызметкерлер үшін қаржылық және қаржылық емес ынталандыруларды пайдаланады. Дамыған тәуекел мәдениетімен қабылданған шешімдер тәуекел дәрежесімен анық айқындалған.
- Құзырет:«KEGOC» АҚ-ның ұйымдық құрылымы «үш қорғаныс желісі» үлгісіне негізделеді. Тәуекелдер бөлімшесі қорғаныстың екінші желісі рөлін тиімді орындайды, осылайша Басшылықтың «KEGOC» АҚ-ның мақсаттарына қол жеткізуге сенімін арттырады.
ТБЖ тиімділігін бағалау жөніндегі құжаттар және Компаниядағы корпоративтік басқару диагностикасы бойынша есептер Басқарма мен Директорлар кеңесі үшін тәуекел мәдениетінің деңгейі туралы ақпарат көздерінің бірі болып табылады.
Тәуекел мәдениетін арттыру мақсатында Компания жаңадан қабылданған жұмыскерлер үшін Компанияның ТБЖ саласында нұсқамалық/семинар өткізеді, ал Компанияның жоғары басшылығы жоғары деңгейдегі басшыларға арналған тәуекелдерді басқару бойынша мамандандырылған семинарлар мен тренингтерге қатысады.
Компанияда тәуекел мәдениетінің даму деңгейін бақылау үшін 2023 жылы жұмыс орнында тәуекел менеджментін пайдалану тиімділігін бағалау үшін ТБЖ саласында жұмыскерлерге сауалнама (сұрастыру)/ біліміне тексеру жүргізілді. Сауалнама нәтижелері бойынша 2024 жылы құрылымдық бөлімшелердің жұмыскерлері үшін семинарлар жоспарланған. Сонымен қатар, «KEGOC» АҚ жұмыскерлерінің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін білуіне тестілеу жүргізіліп, барлығы сынақтан сәтті өтті.
ТБЖ-ның ұйымдық құрылымы
ТБЖ-ға қатысушылардың функциялары мен міндеттері:
- Директорлар кеңесі жалпы ТБЖ-ның тиімді жұмыс істеуі мен дамуы үшін жауапты болады, тәуекелдерді басқару бөлігінде бағыт белгілейді, сондай-ақ бүкіл компания бойынша белгіленген бағытты қамтамасыз ететін мехнизмдерді іске асыру үшін жауап береді және ТБЖ негізгі құжаттарын бекітеді;
- Аудит жөніндегі комитет акционердің (акционерлердің) мүддесі үшін әрекет етеді және оның жұмысы ТБЖ-ның сенімділігі мен тиімділігін бақылау бойынша ұсынымдар әзірлеу арқылы Директорлар кеңесіне жәрдемдесуге бағытталған. Директорлар кеңесінің бекітуіне ұсынылатын құжаттарды алдымен Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті қарайды.
ІАҚ тұрақты түрде ТБЖ-ның аудитін жүргізуге және Директорлар кеңесіне/Аудит жөніндегі комитетке тәуелсіз қорытынды беруге жауапты болады:
- ТБЖ саласындағы тәуекелдерді басқару рәсімдері мен әдістемесінің тиімділігінің аудиті және оларды талдау, сондай-ақ тәуекелдерді басқару рәсімдерінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды дайындау;
- Директорлар кеңесіне ТБЖ-ның тиімділігі туралы есепті ұсынады;
- тәуекелдерді басқаруға жауапты құрылымдық бөлімшеге аудиторлық тексерулер барысында анықталған іске асырылған тәуекелдер туралы ақпарат береді;
- «KEGOC» АҚ-ның бекітілген нормативтік құжаттарына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Басқарма тәуекелдерді анықтау, бағалау және басқару рәсімдерін жасауға, қолдауға және қолдануға, ТБЖ-ның тиімді жұмыс істеуін ұйымдастыруға, құрылымдық бөлімшелерге олардың қызметінде тәуекелдерді басқару процестер ін енгізу/жетілдіру кезінде қолдау көрсетуге және тәуекелдерді басқаруға жауапты құрылымдық бөлімше жұмыскерлерінің кәсіби біліктілігінің бар болуына жауапты болады.
«KEGOC» АҚ құрылымдық бөлімшелері, филиалдары және ЕҰ тәуекелдердің иелері болып табылады, және тәуекелдерді анықтауға, талдауға, бағалауға, тәуекелдерді басқаруға, негізгі тәуекелдер деңгейін төмендету бойынша ұсыныстарды дайындауға, «KEGOC» АҚ-ның негізгі тәуекелдері туралы есептерді қалыптастыруға және іске асырылған тәуекелдер туралы дер кезінде хабар беруге жауапты болады.
Комплаенс қызметі Мінез-құлық кодексін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнаманы және «KEGOC» АҚ үшін қолданылатын басқа да нормативтік талаптарды бұзу тәуекелдерін басқаруға бағытталған комплаенс бағдарламасын әзірлеу және іске асыру үшін жауап береді.
Тәуекелдер жөніндегі комитеттің міндеті «KEGOC» АҚ-ның тәуекелдерін басқару мәселелері бойынша шешімдер қабылдау, сондай-ақ «KEGOC» АҚ Басқармасына Компанияның тәуекелдерді басқару мәселелері бойынша ұсыныстар дайындау болып табылады. 2023 жылы Комитет 9 отырыс өткізді.
Тәуекелдерді басқаруға, ТБЖ-ны дамытуға, ішкі және сыртқы талаптарды түсіндіруге, консультациялық көмек көрсетуге жауапты құрылымдық бөлімше ТБЖ бойынша ІНҚ-ны әзірлейді, тәуекелдерді басқару іс-шараларының орындалуын бақылайды және Тәуекелдер жөніндеге комитет, Басқарма және Директорлар кеңесі үшін тоқсан сайынғы тәуекелдер туралы есептерді дайындайды.
Директорлар кеңесі мен Басқарма өз функцияларын орындаған кезде ТБЖ шеңберінде өзара әрекеттесетін «Үш қорғаныс желісі» үлгісіне сүйенеді.
Бірінші қорғаныс желісін өз құзыреті шегінде әрбір жұмыскер тұлғасындағы құрылымдық бөлімшелер құрайды.
Екінші қорғаныс желісі мониторинг функцияларын орындайтын құрылымдық бөлімшелермен ұсынылған.
Үшінші қорғаныс желісін Ішкі аудит қызметі ұсынады, ол тиімділікке тәуелсіз бағалау жүргізіп, тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылауды жетілдіруге жәрдемдеседі, Аудит жөніндегі комитет пен Директорлар кеңесіне қолдау көрсетіп, оларға ТБЖ мен ішкі бақылау тиімділігінің тәуелсіз бағалауын ұсынады.
Тұрақты негізде «KEGOC» АҚ Даму жоспарының (Стратегиясының), «KEGOC» АҚ Іс-шаралар жоспарының (Бизнес-жоспарының) мақсаттарына, міндеттеріне, көрсеткіштеріне қол жеткізуге және іс-шараларды орындауға теріс әсерін тигізуі мүмкін бар тәуекелдерге талдау жүргізіледі және жаңа тәуекелдер анықталады.
Тәуекелдерді айқындау кезінде келесі әдістер қолданылады:
- бизнес-процестерді талдау;
- статистикалық мәліметтерді жинау және талдау;
- жеке сараптамалық әдістер (сауалнама жүргізу, сұхбат);
- топтық әдістер (ой-талқы, іскери ойын);
- жарияланымдар мен баяндамаларды мониторингтеу.
Сондай-ақ тәуекелдер Басқарманың, Директорлар кеңесінің отырыстарына шығарылатын мәселелерді қарау кезінде, сыртқы орта өзгерген жағдайда, «KEGOC» АҚ-да процестердің, рәсімдердің, ұйымдық құрылымның және т.б. өзгерген жағдайда анықталуы мүмкін.
Тәуекелдер «KEGOC» АҚ-ның стратегиялық мақсаттары негізінде қалыптастырылған Басқарма мүшелерінің, басқару жұмыскерлерінің, құрылымдық бөлімшелер басшыларының ағымдағы жылдағы қолданыстағы мақсаттары (ҚНК) негізінде айқындалады.
Тәуекелдерді түгендеу процесінде осы тәуекелдерді басқару тәсілдерін анықтаумен қатар тәуекелдер бағаланады.
Тәуекелдерді бағалау шеңберінде тәуекелдің келесі параметрлері бағаланады:
- тәуекелдің әсері (мөлшері);
- тәуекелдің іске асу ықтималдығы (жиілігі);
- әсер ету уақыты.
Тәуекелдерді бағалау кезінде сапалық немесе сандық талдаулар немесе екеуінің үйлесімі пайдаланылады.
Тәуекелдің іске асу ықтималдығын, әсерін және әсер ету уақытын бағалау «KEGOC» АҚ-да белгіленген тәуекелдерді бағалау критерийлеріне сәйкес жүзеге асырылады. Тәуекелдерді бағалау процесінің нәтижелері Тәуекелдер картасына енгізіледі, онда әрбір тәуекелдің салыстырмалы маңыздылығы анық қамтылып көрсетілген. Тәуекелдер төмен, орташа, ірі және сыни болып сараланады.
Барлық анықталған тәуекелдер бойынша алдын алу және реактивті іс-шаралар әзірленіп, Директорлар кеңесі бекітеді. Негізгі тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар тәуекелдердің алдын алуға және/немесе тәуекелдер туындаған жағдайда салдарын барынша азайтуға бағытталған.
Директорлар кеңесі барлық анықталған тәуекелдердің бағасы мен іс-шараларын ескере отырып, бекітеді.
«KEGOC» АҚ тәуекелдерінің жіктемесі
Тәуекелдерді айқындау және бағалау нәтижелері Компанияның 2023 жылға арналған Тәуекелдер тізілімінде жинақталған. Оған 50 тәуекел кірді. Әрбір тәуекел бойынша оларды басқару шаралары әзірленіп, тәуекел иелері анықталды. Компанияның басқармасы мен Директорлар кеңесіне тәуекелдер бойынша тоқсан сайынғы есептілікті жолдау арқылы негізгі тәуекелдердің динамикасына және оларды митигирлеу жөніндегі іс шаралардың орындалуына тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі.
«KEGOC» АҚ-ның тәуекелдер картасы
Есептік жыл үшін «KEGOC» АҚ-ның ең маңызды және өзекті тәуекелдері:
- еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаның туындау тәуекелі;
- өндірістік активтердің істен шығуы;
- Қазақстан БЭЖ-інде қуат тапшылығының туындау тәуекелі;
- пайыздық тәуекел;
- көрсетілген жүйелік қызметтер үшін мерзімі өткен дебиторлық берешектің өсу тәуекелі.
Негізгі тәуекелдерді басқару бойынша толығырақ ақпарат Компанияның стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру және қызмет бағыттары бойынша осы есептің тиісті бөлімдерінде ашылған.
Негізгі тәуекелдерден басқа, Компания сәйкестендіру сатысында тұрған және/немесе болашақта айтарлықтай өсуі мүмкін және Компанияның қызметіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін тәуекелдерді қарастырды. Қазіргі уақытта пайда болып жатқан тәуекелдерге климаттың өзгерістері; халықаралық саудаға әсер ететін індеттер немесе жаһандық жеткізу іркілістері, сондай-ақ геосаяси тәуекелдер жатады.
«KEGOC» АҚ-ның ішкі бақылау жүйесі (ІБЖ) COSO үлгісін пайдаланады және өзара байланысты бес құрамдастарды қамтиды: бақылау ортасы, тәуекелдерді бағалау, бақылау рәсімдері, ақпарат және коммуникациялар, мониторинг.
«KEGOC» АҚ-ның ішкі бақылау жүйесінің саясаты ішкі бақылауды үш негізгі сала бойынша алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін ішкі бақылау жүйесіне қатысушылар жүзеге асыратын процесс ретінде айқындайды:
- операциялық қызмет;
- қаржылық есептілікті әзірлеу;
- нормативтік және заңнамалық талаптарды сақтау.
ІБЖ Компанияның технологиялық тәуекелдерге жылдам әрекет етуге, негізгі және қосалқы бизнес-процестерге және күнделікті операцияларға бақылауды жүзеге асыруға, сондай-ақ кез-келген елеулі кемшіліктер мен жақсартуды қажет ететін бағыттар туралы тиісті деңгейдегі басшылыққа дереу хабарлауға қабілетті басқару жүйесін құруын ескереді.
«KEGOC» АҚ-ның ішкі бақылау жүйесі бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі регламентіне сәйкес ІБЖ-ге кіретін органдардың құзыреті олардың ІБЖ-ні әзірлеу, бекіту, қолдану және оның тиімділігін бағалау процестері рөліне байланысты ажыратылады. Компанияның Директорлар кеңесі мен Басқармасы өз функцияларын орындаған кезде «Үш қорғаныс желісі» үлгісіне сүйенеді. Директорлар кеңесі, Басқарма, Аудит жөніндегі комитет, Ішкі аудит қызметі, құрылымдық бөлімшелер — бизнес-процестер мен ішкі процестердің иелері, бақылау рәсімдерінің орындаушылары және тәуекелдерді басқаруға жауапты құрылымдық бөлімше ІБЖ-ге қатысушылар болып табылады.
ІАҚ ІБЖ-нің тиімділігін тікелей бағалау жүргізуге, бақылау рәсімдерінің операциялық тиімділігін тестілеуге, тиісті есептілікті құрып, Аудит жөніндегі комитет пен Директорлар кеңесіне ұсынуға жауапты болады.
Жыл сайынғы негізде компанияда компанияның бизнес-процестерінің тізілімі негізінде бақылау рәсімдерінің дизайнын бағалау жоспары бекітіледі. Оның шеңберінде бақылау рәсімдері дизайнының тиімділігіне талдау жүргізіледі. Осы талдаудың нәтижелері бойынша оларды жетілдіру бойынша ұсынымдар және жақсарту үшін салалар әзірленеді.
Компанияда қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету жүйесі енгізілді. Оның шеңберінде ҮҚҚ жоспарларын әзірлеуді талап ететін бизнес-процестер /ішкі процестер айқындалады. 2023 жылы Компанияның сыни бизнес-процестерін/шағын процестерін айқындау бойынша жұмыс жүргізілді. Ол үшін ҮҚҚ жоспарлары, атап айтқанда техникалық диспетчерлендіру бойынша жүйелік оператордың қызметтерін көрсету үшін, еңбекті қорғау саласындағы қауіпсіздікті және жабдықтар жұмысының сенімділігін қамтамасыз ету үшін, АТК қызметтерін ұсыну және қолдау үшін, ақпараттық қауіпсіздік инциденттерін басқару және ТЖ туындаған кезде «KEGOC» АҚ қызметін жүзеге асыру үшін әзірленді және тестіленді.
Компанияда жыл сайынғы негізде «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметі ТБЖ мен ІБЖ тиімділігіне бағалау жүргізеді, нәтижелерін Компанияның Директорлар кеңесіне ұсынады. ІАҚ 2023 жылы жүргізген бағалаудың нәтижелері бойынша ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйелері Компанияның мақсаттарына қол жеткізуге орынды кепілдіктер беретін рұқсат етілген нысанда әрекет етеді. Барлық анықталған сәйкессіздіктер бойынша ІАҚ ұсынымдарының негізінде олардың орындалу мониторингі үнемі жүргізіліп тұратын түзету іс-шараларының тиісті жоспарлары әзірленді.