ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП / 2023

Атқарушы орган

«KEGOC» АҚ-ның ағымдағы қызметіне басшылықты алқалы атқарушы орган болып табылатын Басқарма жүзеге асырады, ол басқа органдардың құзыретіне жатқызылмаған «KEGOC» АҚ-ның қызметінің мәселелері бойынша шешімдерді қабылдайды.

Басқарма «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «KEGOC» АҚ Жарғысына, «KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару кодексіне және «KEGOC» АҚ Басқармасы туралы ережеге сәйкес әрекет етеді.

2-13

Компанияның Басқарма төрағасын тағайындау (сайлау) және оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату Акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жатады. Басқарманың сандық құрамын, өкілеттік мерзімін анықтау, Басқарма мүшелерін (Төрағадан басқа) сайлау, сонымен қатар олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату «КЕGOC» АҚ Директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жатады, және айқындық, әлеуетті, кәсібилік пен құзыреттілікті бағалаудың объективтілігі қағидаттарына негізделеді. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі 5 (бес) адамнан тұратын «KEGOC» АҚ Басқармасының құрамын айқындады, олардың 100%-ы Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады.

Басқарманың құрамы

(2023 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша)

Айтжанов Нәби Еркінұлы
«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы, 2023 жылғы тамыздан бастап Басқарма мүшесі

1980 жылы дүниеге келген, Қазақстан Республикасының азаматы, саладағы жұмыс өтілі — 22 жыл.

«KEGOC» АҚ-ның және оның еншілес пен тәуелді ұйымдарының акцияларына иелік етпейді.

Білімі

С. Сейфулин атындағы Ақмола аграрлық университеті, «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша (1997-2002 жж.), Халықаралық бизнес академиясы, іскери әкімшілік ету магистрі (2012 жж.).

Соңғы бес жылдағы жұмыс тәжірибесі:

  • 2010-2023 жж.– «Қазақстан коммуналды жүйелері» ЖШС Бас директоры.
  • 2023 ж. — «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

Жазықбаев Бақытхан Медеғалиұлы
«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, 2017 жылғы ақпаннан бастап Басқарма мүшесі

1968 жылы дүниеге келген, Қазақстан Республикасының азаматы, саладағы жұмыс өтілі — 21 жыл.

«KEGOC» АҚ-ның және оның еншілес және тәуелді ұйымдарының акцияларына иелік етпейді.

Білімі

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясы, «Маркетинг және коммерция» мамандығы бойынша (1994), С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, «Электр энергетикалық жүйелер мен желілер» мамандығы бойынша (2005 ж.), «Нархоз университеті» АҚ, Іскери әкімшілік ету магистрі (2017 ж.).

Соңғы бес жылдағы жұмыс тәжірибесі:

  • 2017-2018 жж. — «KEGOC» АҚ Өндірістік активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры;
  • 2018-2021 жж. — «KEGOC» АҚ Өндіріс жөніндегі басқарушы директоры;
  • 2021 ж. — «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

«KEGOC» АҚ-дағы функциялары:

өндірістік активтерді пайдалану, жөндеу, оларға қызмет көрсету және оларды диагностикалау бойынша қызметті жоспарлау; активтерге қызмет көрсету нормативтерін қоса алғанда, активтерді басқару бойынша саясатты және рәсімдерді әзірлеу; ЖЭТ филиалдарының орта мерзімді даму бағдарламасын әзірлеу және іске асыру; Стратегияны (Бюджетті және Инвестициялық бағдарламаны) жасау және орындау; іске асырылатын стратегиялық жобаларды басқару бойынша жұмысты үйлестіру; пайдаланушыларды электр желісіне қосу бойынша жұмысты үйлестіру және бақылау; күрделі құрылыс объектілері бойынша мердігер ұйымдармен жұмыстарды/қызметтерді сатып алу шарттарын жасау процесін бақылау; мердігер ұйымдарды, сондай-ақ қосалқы мердігер ұйымдарды іздеу, іріктеу және олармен қарым-қатынастарды дамыту бойынша жұмысты үйлестіру; Ақпараттық-телекоммуникациялық кешенді дамыту және АТ, телекоммуникациялар және деректерді басқару саласындағы жобаларды басқару стратегиясын үйлестіру; «KEGOC» АҚ объектілеріндегі жөндеу жұмыстарын үйлестіру.


Сафуани Төлеген Есенқұлұлы
Құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор, 2017 жылғы маусымнан бастап Басқарма мүшесі

1979 жылы дүниеге келген, Қазақстан Республикасының азаматы, саладағы жұмыс өтілі — 16 жыл.

«KEGOC» АҚ-ның және оның еншілес және тәуелді ұйымдарының акцияларына иелік етпейді.

Білімі

Қазақ мемлекеттік заң академиясы, «Құқықтану» мамандығы бойынша (1996-2000 жж.), Қазақ технология және бизнес университеті, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша, экономикалық ғылымдар магистрі (2011-2013жж.), «Алматы Менеджмент Университет» БМ, Іскери әкімшілік ету магистрі (2018 жыл).

Соңғы бес жылдағы жұмыс тәжірибесі:

  • 2017 ж. — «KEGOC» АҚ Құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры.

«KEGOC» АҚ-дағы функциялары:

құқықтық мәселелер; тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау, бизнестің үздіксіздігі жүйелерін енгізу және жетілдіру; экономикалық, техникалық және ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерін жетілдіру; стратегиялық объектілерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және лаңкестікке қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен өзара әрекеттесу; кінәраттық-тадап қою жұмыстарды үйлестіру; қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету және оның заңды мүдделерін қорғау.

«Энергоинформ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.


Қонақбаева Эльвира Бақытқызы
Стратегия және тұрақты даму жөніндегі басқарушы директор, 2022 жылғы қаңтардан бастап Басқарма мүшесі

1987 жылы дүниеге келген, Қазақстан Республикасының азаматшасы, саладағы жұмыс өтілі — 2 жыл.

«KEGOC» АҚ-ның және оның еншілес және тәуелді ұйымдарының акцияларына иелік етпейді.

Білімі

Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты (КИМЕП), «Экономика» мамандығы бойынша (2003-2007 ж.).

Соңғы бес жылдағы жұмыс тәжірибесі:

  • 2015-2022 жж. — «Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік басқару департаментінің Аға менеджері, Корпоративтік басқару департаментінің директоры.
  • 2022 ж. — «KEGOC» АҚ Стратегия, тұрақты даму және цифрлық трансформациялау жөніндегі басқарушы директоры.

«KEGOC» АҚ-дағы функциялары:

«KEGOC» АҚ-ның даму стратегиясы, тұрақты даму, корпоративтік даму; технологиялық даму, ҒЗТҚЖ және инновациялар, бизнес-процестерді цифрландыру және жетілдіру.


Әкімбаева Айгүл Ермекбайқызы
Қаржы және есепке алу жөніндегі басқарушы директор, 2022 жылғы мамырдан бастап Басқарма мүшесі

1978 жылы дүниеге келген, Қазақстан Республикасының азаматшасы, саладағы жұмыс өтілі — 15 жыл.

«KEGOC» АҚ-ның және оның еншілес және тәуелді ұйымдарының акцияларына иелік етпейді.

Білімі

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті «Қаржы және несие, Банк ісі» мамандығы бойынша (1999 ж.), «Мирбис» Москва халықаралық жоғары бизнес мектебі» мемлекеттік емес білім беру мекемесінің Халықаралық бизнес университеті, Іскери әкімшілік ету магистрі (2009 ж.).

Соңғы бес жылдағы жұмыс тәжірибесі:

  • 2008-2021 жж. — «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Департамент директоры.
  • 2021-2022 жж. — «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Экономика және қаржы жөніндегі серіктес басқарушы директоры.

«KEGOC» АҚ-дағы функциялары:

қаржылық-экономикалық мәселелер, баға белгілеу, «KEGOC» АҚ бағалы қағаздарының KASE ресми тізімінде болу процесіне басшылық ету және үйлестіру; «KEGOC» АҚ миноритарлық акционерлерімен және бағалы қағаздардың басқа да ұстаушыларымен өзара әрекеттесу; «KEGOC» АҚ қызметтеріне тарифтерді және тарифтік сметаларды өзгерту, түзету және бекіту бойынша қызметті үйлестіру; «KEGOC» АҚ-ның шоғырландырылған аудиттелген жылдық қаржылық есептілігін әзірлеу, қаржы институттарымен, аудиторлық компаниялармен ынтымақтастық, басқарушылық есептілік және қызметтің процестік көрсеткіштері жүйесі.

Басқарма қызметі туралы есеп

Акционерлердің мүдделерін барынша сақтау, адалдық, ақ ниеттілік, кәсібилік, абайлаушылық, объективтілік, парасаттылық және жүйелілік Басқарма қызметінің негізгі қағидаттары болып табылады.

2023 жылы «KEGOC» АҚ Басқармасының 31 отырысы өткізіліп, онда 160 мәселе қаралды.

2-13

2023 жылы «KEGOC» АҚ Басқармасының


31 отырысы өткізіліп


онда


160 мәселе қаралды

«KEGOC» АҚ Басқармасы қараған мәселелер құрылымы, %

Басқарма жанындағы комитеттер

Алдын ала қарау, алқалық шешімдер қабылдау және жетекшілік ететін мәселелер бойынша «KEGOC» АҚ Басқармасына ұсынымдар әзірлеу мақсатында Компанияда консультативтік-кеңесші органдар әрекет етеді:

  • Инвестициялық комитет;
  • Тәуекелдер жөніндегі комитет;
  • Бюджет комитеті;
  • Кадрлық дамыту жөніндегі комитет;
  • Дебиторлармен және кредиторлармен жұмыс жөніндегі комитет;
  • Тауарлық-материалдық қорлармен жұмыс жөніндегі комитет.

Бұдан басқа, «KEGOC» АҚ-ның тұрақты даму саласындағы басқару, біріктірілген менеджмент жүйесін әзірлеу, енгізу, оның қызмет ету мәселелері бойынша, менеджмент жүйелерінің тиімділігін үнемі арттыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және олардың жүргізілуін қамтамасыз ету үшін Компанияда консультативтік-кеңесші орган — «KEGOC» АҚ-ның Басқарма төрағасы басқаратын Тұрақты даму және БМЖ бойынша Үйлестіру кеңесі құрылды.

Үйлестіруші кеңестің құрамына барлық басқарушы директорлар, еншілес ұйымдардың басшылары кіреді.

Үйлестіруші кеңестің тұрақты даму мәселелері бойынша негізгі міндеттері:

  • тұрақты даму саласындағы қағидаттарды ілгерілетуді және сақталуын қамтамасыз ету;
  • жоспарлаудың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету, тұрақты дамуды басқару бойынша іс-шараларға мониторинг жүргізу үшін жауапкершілікті айқындау, сондай-ақ стейкхолдерлерге ұсынылатын тұрақты даму қызметі туралы ақпараттың мазмұнын анықтау болып табылады.