Директорлар кеңесі төрағасының жолдауы
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы
ҚҰРМЕТТІ АКЦИОНЕРЛЕР!
«KEGOC» ұлттық электрэнергетикалық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы ретінде Сіздердің алдарыңызда сөз сөйлеу мен үшін ерекше құрмет.
Менеджмент тиімділігін арттыру Директорлар кеңесі құрамының сапалы жаңартылуын қажет етеді, осыған байланысты есептік кезеңде тәжірибесі мен құзыреті үлкен Директорлар кеңесінің жаңа мүшелері сайланды. Біз көшпелі отырыстар тәжірибесін жалғастырып, 2023 жылғы наурызда Түркістан қаласында кездестік, Оңтүстік ЖЭТ филиалының қызметімен танысып шығып, жаңа 220 кВ «Орталық» қосалқы станциясына бардық.
Тез қарқынмен өзгеріп жатқан энергия нарығында біз тұтынушыларды электрмен сенімді жабдықтаумен қамтамасыз етуді жалғастырдық. 2023 жылы «KEGOC» АҚ үздіксіз өсу мен тұрақты дамуды көрсетті, бұл негізінен біліктілігі жоғары команданың күш-жігері мен прогрессивті басшылықтың стратегиялық көзқарасының арқасында мүмкін болды.
Директорлар кеңесі өз қызметі шеңберінде ҰЭТ-ке ЖЭК-тің өсіп келе жатқан көлемін біріктіру қажеттілігін ескерілуімен, негізгі жобаларды іске асыруға назарын аудара отырып, белгіленген қызмет көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін бар күш-жігерін салады. 2023 жылы Батыс энергия торабының электрлік байланысын күшейту бойынша маңызды стратегиялық жоба табысты аяқталды, соның арқасында «Батыс Қазақстан — Атырау» транзитінің өткізу қабілеті екі есеге артып, өңірді электрмен жабдықтау сенімділігі артты. 220-500 кВ электр желілерін кезең-кезеңмен жаңғырту жалғасып, Компания Қазақстан Республикасының оңтүстігінде электр байланыстарын күшейту жобасына кірісті.
2035 жылға дейінгі одан арғы жоспарлар Батыс энергия жүйесін Қазақстан Республикасының БЭЖ-імен біріктіру, «Солтүстік-Оңтүстік» бағытында тұрақты тоқ желісін салуды, 500 кВ «Қарағанды — Астана» желісін салуды, сондай-ақ барлық Компания бар өңірлерді қамти отырып, Компанияның электр желілерін реконструкциялаудың тағы екі кезеңін жалғастыруды қоса алғанда, «KEGOC» АҚ-ның ҰЭТ-ты дамыту жөніндегі инвестициялық портфелін іске асыруды ескереді.
«State Grid Corporation of China» және «China Power International Development Limited» сияқты компаниялармен тұрақты тоқ жеткізу желілерін салу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық, сонымен қатар электр энергиясын сақтау жүйесін енгізу бойынша пилоттық жоба мәселелері бойынша бірқатар кездесу өткізілді. Осы технологияларды кейіннен ықтимал енгізу дәстүрлі өндіруден шығарындыларды азайту, ЖЭК-ті одан әрі дамыту, сондай-ақ кәсіпкерлерге арналған бизнестің жаңа түрлерін құру және дамыту арқылы Компанияның және тұтастай алғанда Қазақстан Республикасының тұрақты дамуына елеулі үлес болып табылады.
Акционерлік құнының өсуі бойынша Компанияның басты оқиғаларының бірі болып акцияларды қайталама орналастыру (SPO) табылды, ал оның нәтижелері инвесторлардың Компанияға елеулі қызығушылығын және оған деген сенімнің жоғары деңгейін білдіреді. Инвесторлардан жалпы сомасы 34,8 млрд теңгеден астам шамасын құрайтын 50 мыңнан астам өтінім түсті, бұл ұсынылған көлемнен 1,5 есеге артық. Біздің акционерлер «KEGOC» АҚ акциялары аса тиімді және өтімді екенін біледі.
Сонымен қатар, «Қазақстан қор биржасы» АҚ сауда-саттық алаңында жалпы көлемі 33 млрд теңгені құрайтын «KEGOC» АҚ-ның «жасыл» облигациялары табысты орналастырылды. Оларды орналастырудан түскен қаражат Компанияның ЖЭК-тен энергия тасымалдауға арналған желілік инфрақұрылымды дамытуға, сонымен қатар электр энергиясын жеткізу тиімділігін арттыруға байланысты жобаларын іске асыруға бағытталатын болады. «KEGOC» АҚ-ның алғашқы жасыл облигацияларының шығарылымы Қазақстан Республикасында ESG жобаларын дамытуға бағытталған экономиканың нақты секторындағы отандық эмитенттердің санының өсуіне серпін бертін болады.
«KEGOC» АҚ-ның басымдықтарын басшылыққа ала отырып, Директорлар кеңесі өндірістік қауіпсіздік тәуекелдерін азайту және еңбекті қорғау жүйесін дамыту процесін мұқият қадағалап тұрды. Компанияда жүйелі тәсілдің арқасында есептік кезеңде жарақат алу жиілігі төмендеді.
Корпоративтік басқарудың тиімді жұмыс істеуі — тұрақтылықты, қызметтің тиімділігін арттыру және инвесторларды тарту үшін қажетті ең маңызды шара. 2023 жылы біз мемлекеттік бағдарламаларды, салалық міндеттерді және ірі күрделі жобалар портфелін іске асыруды ескеретін Компанияның 2023-2032 жылдарға арналған Даму жоспарын (Стратегиясын) жаңарттық.
Компанияның ESG факторларын стратегия мен бизнес-процестерге біріктіру жөніндегі күш-жігерінің, корпоративтік басқару, әлеуметтік жауапкершілік және іскери этика қағидаттарына бейілділігінің, сонымен қатар қызметтің айқындығының арқасында S&P Global тәуелсіз рейтинг агенттігі 2023 жылғы 25 тамызда «KEGOC» АҚ-ға 51/100 деңгейінде S&P Global CSA Score 2023 ESG-рейтингін берді.
Қол жеткізілген жетістіктермен шектелмей, біз тұрақты даму, корпоративтік басқару жүйесін және өндірістік мақсаттарды жүзеге асыруды одан әрі жетілдіруді жоспарлап отырмыз. Алдағы жыл — «KEGOC» АҚ үшін маңызды жыл болып табылады және Директорлар кеңесі Компания қызметінің тиімділігін арттыру үшін барлық қажетті шараларды қолданатын болады.
Инвесторлардан жалпы сомасы
34,8
млрд теңгеден
астам 50 мыңнан астам өтінім түсті