2
Компания туралы
Серіктестік
2-28
«KEGOC» АҚ салалық қауымдастықтардың және «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының («Атамекен» ҰКП) мүшесі және қатысушысы болып табылады:
- «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі («ҚЭҚ» ЗТБ, www.kea.kz), негізгі міндеттері келесідей:
- қызметі электр энергетикасы саласына тікелей немесе өзге жолмен байланысты барлық ұйымдарға қолдау көрсету;
- электр энергетикалық салаға қатысты мемлекеттік бағдарламаларды, заңдар мен нормативтік актілерді әзірлеуге қатысу; саланың мүдделері Үкіметтің, сот және өзге де органдардың шешімдеріне тәуелді мәселелерде өз мүшелерінің ұстанымдарын қолдау және қорғау;
- «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі («KazEnergy» ЗТБ, www.kazenergy.com) негізгі мақсаттары келесідегідей:
- өз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін мемлекеттік органдарда қорғау, заңнамалық базаны үйлестіру;
- жер қойнауын пайдаланушылар, электр энергиясын өндірушілер, энергетика секторының өнімдері мен қызметтерін тасымалдаушылар мен тұтынушылар үшін біртұтас ақпарат алаңын құру; жергілікті, өңірлік және халықаралық деңгейде сала ішіндегі ынтымақтастық пен кәсіпкерлік жобаларын дамыту мен қолдау;
- «KazEnergy» ЗТБ-ның, оның мүшелерінің және тұтастай алғанда саланың оң имиджін өңірлік және жаһандық деңгейде тарату; қазақстандық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және ғылыми-техникалық белсенділігін ынталандыру;
- «Атамекен» ҰКП (www.atameken.kz), оның негізгі міндеті бизнестің құқықтары мен мүдделерін қорғау және барлық кәсіпкерлерді бизнес жұмысының заңнамалық және өзге де нормативтік қағидаларын қалыптастыру процесіне кеңінен қамтуды және тартуды қамтамасыз ету болып табылады;
- Бәсекелестікті және тауар нарықтарын дамыту қауымдастықтары (www.ark.org.kz) оның негізгі міндеті бәсекелестікті және тауар нарықтарын дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік органдарда, билік құрылымдарында, халықаралық және қоғамдық ұйымдарда ортақ мүдделерді білдіру және қорғау, оның мүшелерінің мүддесі үшін монополияға қарсы заңнамаға қажетті өзгерістерге бастамашылық ету және ілгерілету, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу, тәжірибе алмасу үшін халықаралық үкіметтік емес байланыстарды дамыту, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және басқа да іс-шаралар өткізу, бәсекелестік пен кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу, монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу болып табылады.
Сонымен қатар, «KEGOC» АҚ шектес елдермен тиімді электр энергетикалық нарық құруға жәрдемдесу және халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында мынадай халықаралық салалық ұйымдардың жұмысына үнемі қатысып тұрады:
- ТМД электр энергетикалық кеңесі;
- Жоғары кернеулі үлкен электр жүйелері жөніндегі Халықаралық кеңес (Conseil International des Grands Réseaux Électriques — CIGRE).
- Еуразиялық экономикалық комиссия (Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы);
- Дүниежүзілік энергетикалық кеңес;
- EUROELECTRIC Еуропа Электр энергетикалық өнеркәсібінің одағы. 2004 жылдан бастап Компания электр энергетикасы мен энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша EUROELECTRIC-пен сарапшылар деңгейінде ынтымақтастықты жүзеге асырады;
- Орталық Азияның үйлестіруші электр энергетикалық кеңесі (ОА ҮЭК).