Электр энергиясының теңгерімі
Электр энергиясын өндіру серпіні, млрд кВт·сағ
2023 жылы Қазақстан Республикасы бойынша электр энергиясын өндіру
112 823,1
млн кВт·сағатты құрады,
бұл 2022 жылғы ұқсас кезеңге сәйкес келеді
Өндірістің үлкен үлесі жылу электр станцияларына тиесілі
77,4%
Бұл ретте өндірудің артуы/азаюы келесі ірі электр станцияларында орын алды:
Электр энергиясын өндіру шамаларының өзгерістері
Электр энергиясын өндірудің арту/азаю көлемі
Электр станциялары
млн кВт·сағ
%
«СевКазЭнерго Петропавловск» АҚ
↑ 703,6
43,8
«Топар» МАЭС ЖШС
↑ 204,9
5,5
Балқаш ЖЭО «Kazakhmys Energy» ЖШС
↑ 100,9
117
ЖЭО-1 «Қазақстан Алюминийі» АҚ
↑ 32,1
1,7
«АлЭС Алматы ЖЭО-1» АҚ
↑ 22,3
5,5
«АлЭС Алматы ЖЭО-2» АҚ
↑ 8,8
0,3
«Жамбыл МАЭС» АҚ
↓ 580,0
15,9
«Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ
↓ 343,6
5,7
Жезқазған ЖЭО «Kazakhmys Energy» ЖШС
↓ 268,9
22,8
ЖЭО-3 «Павлодарэнерго» АҚ
↓ 189,7
6,5
Екібастұз МАЭС-1
↓ 178,4
0,8
«АлЭС Алматы ЖЭО-3» АҚ
↓ 115,3
10,8
ЖЭО-2 «Арселор Миттал Теміртау» АҚ
↓ 101,7
5,8
«ЕЭК» АҚ
↓ 71,0
0,5
«Қазхром» ТҰК АФЗ ЭС (ГТҚ)
↓ 4,9
0,6
«3-Энергоорталық» АҚ
↓ 3,1
0,4
2023 жылғы Қазақстан Республикасы БЭЖ-і электр станцияларының электр энергиясын өндіру құрылымы
ЖЭС-те электр энергиясын өндіру 1 260,9 млн кВт•сағатқа (1,4%) төмендеді. ГТЭС-те электр энергиясын өндіру 83,2 млн кВт•сағатқа (0,8%) және ЖЭК-те (КЭС, ЖелЭС, БГҚ) 1 571,8 млн кВт•сағатқа (38,2%) өсті.
Бүгінгі таңда ЖЭК секторы Қазақстандағы электр энергиясын өндірудегі серпінді дамып келе жатқан сектор болып табылады. Қазақстан Республикасында ЖЭК-ті дамыту бағдарламаларын іске асыру бойынша іс-шаралар кешенінің арқасында ЖЭК объектілерінен электр энергиясын өндіру жыл сайын артып келуде.
Халықаралық төмен көміртекті даму процестеріне сүйене келе, Қазақстан 2013 жылғы мамыр айында еліміздің «Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасын қабылдап, ауқымды мақсатты бекітті — 2050 жылға қарай жалпы энергия теңгеріміндегі баламалы және жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 50%-ды құрауы тиіс. Мысалы, «Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасына және Қазақстан Республикасын дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына сәйкес электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі ЖЭК-тің үлесі 2020 жылға қарай 3%-ды, 2025 жылға қарай 6%-ды, 2030 жылға қарай 10%-ды және 2050 жылы 50%-ды (баламалы + ЖЭК) құрауы тиіс.
2023 жылдың қорытындысы бойынша (ЖО ҰДО деректері бойынша) Қазақстанда белгіленген жиынтық қуаты 2 883,9 МВт-ты құрайтын 148 ЖЭК объектісі әрекет еткен:
- қуаты 1 411,3 МВт болатын 54 ЖелЭС;
- қуаты 1 196,2 МВт болатын 41 КЭС;
- қуаты 275,3 МВт болатын 51 ГЭС;
- қуаты 1,1 МВт болатын 1 БиоЭС.
2023 жылы жиынтық қуаты 356,1 МВт-ты құрайтын 15 объект іске қосылды.
2023 жылдың қорытындысы бойынша ЖЭК объектілерінде өндірілген электр энергиясының көлемі (ЖО ҰДО деректері бойынша) 6,7 млрд кВт•сағатты құрады (ЖелЭС — 3 805,6 млн кВт•сағ; КЭС — 1 881,7 млн кВт•сағ; ГЭС — 1 028,2 млн кВт; БиоЭС — 1,4 млн кВт•сағ) немесе электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінің 6,0%-ын құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 25,3%-ға өсуді көрсетеді.
2023 жылы 15 ЖЭК нысаны пайдалануға берілді, олардың жалпы қуаты
356,1 МВт
ЖЭК объектілерінің электр энергиясын 2023 жылы өндіруі туралы ақпарат
Көрсеткіштер | Өлшем бірлігі | 2023 жылы |
---|---|---|
Белгіленген қуат, соның ішінде: | МВт | 2 883,9 |
- жел электр станциялары | МВт | 1 411,3 |
- шағын ГЭС | МВт | 275,3 |
- күн электр станциялары | МВт | 1 196,2 |
- биоэлектр станциялары | МВт | 1,1 |
Электр энергиясын өндіру соның ішінде: | млн кВт·сағ | 6 716,9 |
- жел электр станциялары | млн кВт·сағ | 3 805,6 |
- шағын ГЭС | млн кВт·сағ | 1 028,2 |
- күн электр станциялары | млн кВт·сағ | 1 881,7 |
- биоэлектр станциялары | млн кВт·сағ | 1,4 |
Электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі ЖЭК өндіретін электр энергиясының үлесі | % | 6,0 |
Қазақстанның электр энергиясын тұтынуы 2023 жылы 2022 жылмен салыстырғанда 2 123,0 млн кВт•сағатқа (1,9%) өсіп, 115 067,6 млн кВт•сағатты құрады. Солтүстік аймақ бойынша электр энергиясын тұтыну 896,7 млн кВт•сағатқа (1,2%), Оңтүстік аймақ бойынша 135,7 млн кВт•сағатқа (0,9%), Батыс аймақ бойынша 135,7 млн кВт•сағатқа (0,9%) артты.
2022 жылмен салыстырғанда электр энергиясын тұтынудағы өзгерістер келесідегідей болды:
2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылы ЖЭК объектілерінің электр энергиясын өндірудің артуы
25,3%
2022 жылмен салыстырғандағы 2023 жылда электр энергиясын тұтыну көлемі
Электр энергиясын тұтынудың арту/азаю көлемі | ||
---|---|---|
Тұтынушылар | млн кВт·сағ | % |
«Қаз. электролиз зауыты» АҚ | ↑ 179,3 | 5,0 |
«Қазмырыш» ЖШС | ↑ 35,6 | 1,3 |
«АМӨЗ» ЖШС | ↑ 31,1 | 4,3 |
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС | ↑ 4,3 | 0,3 |
«Қазақстан алюминийі» АҚ | ↑ 2,6 | 0,3 |
«Арселор Миттал Теміртау» АҚ | ↓ 443,2 | 12,1 |
«Қазхром ТҰК» АҚ (АФЗ) | ↓ 109,7 | 3,3 |
«Соколов-Сарыбай ТКБӨБ» АҚ | ↓ 78,0 | 5,7 |
«Kazakhmys Smelting» ЖШС | ↓ 27,8 | 2,4 |
Қазхром ТҰК «Ақсу ФЗ» | ↓ 23,6 | 0,5 |
«ӨТМК» АҚ | ↓ 19,9 | 2,8 |
Электр энергиясын аймақтар бойынша тұтыну құрылымы, млн кВт·сағ
2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылы электр энергиясын тұтынудың Алматы облысында 513,3 млн кВт•сағатқа (4,5%), Түркістан облысында 429,9 млн кВт•сағатқа (7,2%), Ақмола облысында 417,1 млн кВт•сағатқа (3,9%), Атырау облысы бойынша 383,7 млн кВт•сағатқа (5,7%) ең жоғары өсімі байқалды.
Орталық Азиямен сальдо-ағын — 1 372,8 млн кВт·сағ (2022 жылы ОА-мен 392,2 млн кВт·сағ). Бұл ретте ОА-ға экспорт 1 441,0 млн кВт·сағатты құраса (2022 жылы — 696,6 млн кВт·сағ), ОА-дан импорт 68,2 млн кВт·сағатты құрады (2022 жылы — 304,4 млн кВт·сағ).
Ресей Федерациясымен электр энергиясының сальдо-ағыны, млн кВт·сағ
2022-2023 жылдардағы электр энергиясын аймақтар тұрғысынан алғанда тұтыну серпіні, млн кВт·сағ
2023 жылы электр энергиясын тұтыну өндіруден 2 244,5 млн кВт•сағатқа артты.
2019-2023 жылдардағы электр энергиясын өндіру/тұтыну серпіні, млрд кВт·сағ
Есептік кезеңде Ресей Федерациясымен электр энергиясының сальдо-ағыны 3 617,3 млн кВт·сағатты құрады (2022 жылы Ресей Федерациясымен — 470,9 млн кВт·сағ). Бұл ретте Ресей Федерациясына электр энергиясына экспорты 1 377,1 млн кВт·сағатты құрады (2022 жылы — 1 459,0 млн кВт·сағ). Ресей Федерациясынан электр энергиясының импорты 4 994,4 млн кВт·сағатты құрады (2022 жылы — 1 929,9 млн кВт·сағ). Экспорт пен импорт Ресей Федерациясымен теңгерімдеуші электр энергиясы көлемінің ескерілуімен келтірілген.