ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП / 2023

«KEGOC» АҚ «Қазақстан Республикасының энергетикалық жүйесін басқаруды құрылымдық қайта құру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 28 қыркүйектегі № 1188 қаулысына сәйкес құрылған және Қазақстан Республикасының ҰЭТ-ын басқаратын және Қазақстан Республикасы БЭЖ-дің Жүйелік операторы мәртебесi берілген Компания болып табылады. Компанияның бастапқы мемлекеттік тіркеуден өткен күні — 1997 жылғы 11 шілде.

«KEGOC» АҚ өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырады.

2-1

2006 жылға дейін «KEGOC» АҚ акцияларының 100%-ы мемлекет меншігінде болды. 2006 жылы акциялардың мемлекеттік пакеті (100%) «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстан холдингі» АҚ орналастырылатын акцияларының төлемі ретінде берілді. 2008 жылы «Қазына» орнықты даму қоры» және «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстан холдингі» акционерлік қоғамдарын біріктіру арқылы «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамының құқықтық мұрагері болып табылатын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ құрылды.

2014 жылғы 18 желтоқсанда «Самұрық-Қазына» АҚ-ның еншілес және тәуелді ұйымдары акцияларының пакеттерін бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасы аясында KASE-де Компанияның жарияланған 25 999 999 жай акциясы жазылым жүргізу жолымен орналастырылды.

Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Жекешелендірудің 2021–2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асыру үшін 2023 жылы 15 294 118 жай акцияны орналастыру арқылы SPO «KEGOC» АҚ жүргізілді. Осылайша, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның үлесі Компания акцияларының жалпы санының 85%-ын құрайды.

Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес «KEGOC» АҚ келесі негізгі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

  • электр энергиясын ҰЭТ арқылы жеткізу;
  • ҰЭТ-ты пайдалану;
  • электр энергиясын желіге босату мен тұтынуды техникалық диспетчерлендіру;
  • электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру.

Жоғарыда көрсетілген қызмет түрлері табиғи монополия саласына жатады, соған байланысты «KEGOC» АҚ-ның қызметі «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.

Миссия және құндылықтар

2-6

Компанияның көрінісі

Компанияның Көрінісі — «Энергетикалық ауысу жағдайында болашақтың энергетикалық жүйесі мен нарықты өзгертуге үлес қосып, экономиканың өсіп бара жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз ететін және инфрақұрылымды жоспарлау және таза энергияны дамыту арқылы тұрақты электр энергетикалық жүйесін дамытуға үлес қосатын Қазақстан Республикасы БЭЖ-інің Жүйелік операторы».

Компанияның миссиясы

Компанияның миссиясы — Қазақстан Республикасының энергетикалық жүйесінің сенімділігін, қолжетімділігі мен озық дамуын қамтамасыз ету.

Даму жоспары (Стратегия) Компанияның ұзақ мерзімді тұрақты дамуына бағытталған, энергетикалық ауысумен және ЖЭК энергетикалық жүйеге бірігуімен байланысты жаһандық трендтердің әсерін есепке алады, экономиканы көміртексіздендіруге байланысты процестерді және елдегі экономикалық өсуді қамтамасыз етуді, Қазақстанда орта мерзімді келешекте электр энергиясы мен қуаты тапшылығының туындау мәселелерін шешу қажеттілігін, заманауи инновациялық және цифрлық технологияларды, ҒЗТКЖ-ны енгізуді, ESG қағидаттарына бейілділікті ескереді.